«Қызыл таң» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Вирустар және фагтар
Биология пәні мұғалімі: Б.Абдукаримова
10 «Б» сынып
14.02.2017ж
Сабақтың тақырыбы:Вирустар және фагтар
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік - оқушыларға СПИД ауруы туралы мағлұматтар беру, шығу тарихы, таралу жолдары, сақтану жолдарын түсіндіру;
б) Дамытушылық - оқушыларға қоғамның келеңсіз жағдайына көзқарасын ояту,СПИД туралы ой-өрісін дамыту;
в) Тәрбиелік – Салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиеналық дене күтіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың пән аралық байланысы: Өсімдіктану, тарих ,жануартану,
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа, ғалымдардың портреті, электронды оқулық,фото суреттер,буклеттер
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
1.Асыл тасты сұрақтар.
ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Маршуттық карта
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Ашық микрофон
V Қорытындылау.
1.Оқушы үні
VI. Білімгерлердің білімін бағалау.
І.Ұйымдастыру бөлімі:
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу, Сабақ мақсатымен таныстыру.
Эмблемалар арқылы топқа бөліну
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Бүгін үйге берген сабақты “Алтын тасты сұрақтар ” арқылы сұралады. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
1.Жасуша мембранасы қандай қызмет атқарады?
2.Цитоплазма дегеніміз не?
3Эндоплазмалық торды алғаш рет нешінші жылы тапқан
4.Хромосома дегеніміз не?
5.Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге ұқсастығы?
6.Полисома дегеніміз не?
7.Пластиттер нешеге бөлінеді атап бер?
ІІІ.Жаңа сабақ
ЖИТС дегеніміз- Ж-жүре пайда болатын
И-Иммунитет
Т-Тапшылығы
С-синдромы
ЖИТС ауру емес ол тек басқа жұқпалы аурулардың жұғуына жағдай жасайды яғни адамның қорғаныш қабілетін төмендетеді
ЖИТС вирусының шығу тарихы
ЖИТС- адамның имунитет тапшылық вирусы 1970 жылдың соңынан бастап белгілі.Алғаш рет СПИД 1981 жылы АҚШ –та бөлініп алынды.
2000 жылға қарай осы вирус жұққан адам саны 30 млн-нан асып кетті.Қазіргі уақытта ЖИТС Азия,Африка сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде өте тез таралуда.
Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін
Қазіргі кезде республикамызда ЖИТС-тен қорғану жөнінде жұмыс жүргізетін 20 орталық және 80 лаборатория бар. Олардың жұмыс бағыттары мынадай:
1. Вирус жұғу мүмкіндігі бар «қатерлі топтарға» (группы риска) жататын адамдарды тексеріп, вирус жүққан адамдарды дер кезінде тауып отыру;
2. Ауру ошағын анықтап, дәрігерлік бақылауға алып, вирустың әрмен қарай тарауына, яғни басқа адамдарға жұғуына мүмкіндік бермеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Алдын алу шаралары.
1.Вакцина салдыру
2.Иммунодуляторлар(витаминдер мен микроэлементтер кейір арнайы препараттар)пайдалану.
3.Интерферон препараттарын қолдану жатады.
4.Бекіту Ашық микрафон айдары арқылы оқушылардан ашық түрде бүгінгі сабақты бекіту.
5.Қорытындылау
1 оқушының үні арқылы бүгінгі сабақты қорытындылаймыз.
6.Бағалау
7.Үйге тапсырма Вирустар және фагтар
Достарыңызбен бөлісу: |