Исаның түсуі туралы ғұламалар бірнеше пікірлер айтқан:
1. Бұл «Исаны өлтірдік» деген яһудилердің сөздерін өтірікке
шығару үшін. Иса пайғамбар оларды және басшылары Дәжжалды
өлтіреді.
2. Иса Інжілде Ислам үмбетінің:
«Бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, сабағында тік тұрған егін сияқты» 1 , – деп сипатталғанын көріп, солардың
қатарында болуға дұға қылған. Аллаһ оның дұғасын қабыл етіп,
тірі қалдырып, ақырзаманда Исламды қайта жаңғырту үшін
түсіреді.
3. Иса христиандардың сенімдерін жоққа шығару үшін түседі.
Ол түскенде, Исламнан басқа дін қалмайды. Крестерді
сындырады, шошқаларды өлтіреді және жизияны тоқтатады.