« (Қиямет күні)
Аллаһ тағала: «Ей, Адам!» – дейді. Адам: «Ләббәй! (Қызметіңе)
шатпын, жақсылық Сенің қолыңда!» – дегенде, Аллаһ тағала: «Ұрпағыңнан тозақтың өкілін шығар!» – деп бұйырады. Адам: «Тозақтың өкілі деген не?» – дейді. Раббы тағала: «Әрбір мыңнан, тоғыз жүз тоқсан тоғызы!» – дейді» , – деген. (Пайғамбар (с.а.с.) сөзін
жалғастырып):
«Сол кезде, жастың шашы ағарады. Әрбір аяғы ауыр (ұрғашы)
құрсағындағыны тастайды. Адамдарды мас күйінде көресің. Алайда олар мас емес. Бірақ Аллаһтың азабы қатты» , – деп айтқан. (Сахабалар):
«Әлгі бірі қайсымыз?» –
дейді. (Пайғамбар (с.а.с.)):
«Қуаныңдар! Біреу сендерден, мың Яжуж-Мажужден» , – депті
1
.
Хадисте нұсқалғандай, тозаққа түсетін адамзаттың басым
көпшілігін осы аталмыш адамдар құрайды.
Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят
еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.):