II БӨЛІМ
ӨЛІМ ЯКИ КІШІ ҚИЯМЕТ
Кітаптың бұл бөлімінде әрбір адамның қияметі саналатын
(яғни «өмірінің соңы», «кіші қиямет» деп те аталатын) өлім
жайында сөз болады. Сондай-ақ бөлімде жанның ұғымы, рухтың
тәннен ажырауы, ұйқы – кіші өлім, өлім – ақиқат, ажалдың
мерзімі және орны, пенденің жантәсілім етуі, мүміннің жан
тапсыруы, кәпірдің жан беруі, өлім алдындағы арпалыс, адам
баласының бұл өмірді қимауы және пенденің өлімді жек көруі
сияқты тақырыптармен танысасыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |