«Олар сенен рух жайлы сұрайды: «Рух–Раббымның әмірінен. Сендерге білімнің азғантай бөлігі ғана берілді», – деп айт» 1 , – деген Аллаһ тағаланың сөзін
(әкелді)
2
.
Сондай-ақ
жоғарыдағы
«Исра»
сүресінің
85-аяты
Пайғамбарымызды (с.а.с.) сынамақ үшін яһудилердің өздері оған
рух жайлы сұрақ қойғанда, жауап ретінде түскені риуаят етіледі.
Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын):
«Аллаһ елшісімен (с.а.с.) Мәдинаның егіс алқабында келе жатқанмын. Ол құрма таяғына сүйеніп алған-ды. (Пайғамбар (с.а.с.))
яһудилер қауымының жанынан өтті. Олар бір-біріне: «Одан рух жайлы сұраңдар», – десті. Кейбіреулері: «Сұрамаңдар», – деді. «Рух жайлы одан сұраңдар», – деді (біреулері)
. Сөйтіп, олар: «Ей, Мұхаммед! Рух деген не?» – деп (сұрады. Пайғамбар (с.а.с.))
әлі таяққа сүйеніп тұрған-ды. Мен оған уахи түсіп жатқан болар деп ойладым. Сол кезде ол (с.а.с.):