214
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар
(с.а.с.):
«Қиямет
күні
адам
сұралатын
нығметтердің ең біріншісі – оған: «Сенің тәніңді сау
қылмадық па? Сені салқын сумен сусындатпадық па?» –
делінеді»
, – деген
1
.
Демек, адам баласы өзіне берілген нығметтерге қатысты тіпті
қолданған суына дейін сұралады. Солай екен деп, басы артық
мал-дүние жинау, қалтам көтереді екен деп қымбат бағалы киім
кию, бұлардың бәрі – сауабынан сарсаңы көп нәрселер. Оларға
қатысты абай болу керек. Ең дұрысы, ортанқол дәрежеде ішіп-
жеп,
киім киіп, артығын садақа қылу абзал.
Бұл жерде ең бастысы
– Аллаһ тағаланың пендесіне берген нығметтерін харамға
жаратпау, ысырап қылмау. Ал егер қайсыбір адам әдемі киініп,
қымбат көлік мініп, зәулім үйде тұрса, ол шариғатқа жат емес. Ең
бастысы – сол байлығынан зекетін, садақасын кембағалдарға
уақытында, сараңдық танытпай беріп отыру керек. Расында,
Аллаһ елшісі (с.а.с.):
Достарыңызбен бөлісу: