Аңыз: Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде көл жағасына кішкентай бақалар жиналыпты. Олар өзара жүгіруден жарыс ұйымдастырады. Басты мақсаты мұнараның шыңына шығу болатын



Дата28.02.2020
өлшемі13,84 Kb.
#59234
Байланысты:
Миға шабуыл

Миға шабуыл

Аңыз: Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні келтеде көл жағасына кішкентай бақалар жиналыпты.Олар өзара жүгіруден жарыс ұйымдастырады. Басты мақсаты мұнараның шыңына шығу болатын.Бақалардың бұл әрекетін ешкім елемесе де, күлкі үшін көп көрермен жиналады.....



Көрермендердің ешқайсысы бақалардың мұнара шыңына жететініне сенбегені рас. Көпшілік арасынан мынадай сөздер естіліп жатты: «Бұл өте қиын! олардың шыңға шығуы мүмкін емес!» немесе «Бәрібір құлайсыңдар! Мұнара өте биік!»

Кішкентай бақалар бірінен соң бірі құлай бастады...Тек күш жинап алғандары ғана жоғары өрлей берді...Көрермендер сонда да «Бұл мүмкін емес. Олардың біреуі де шыңға шыға алмайды! деп айқайлай берді. Бақалардың көбісі шаршап құлай берді... Тек олардың біреуі ғана жоғары көтеріле берді. Сол жалғыз бақа ғана берілген жоқ! Ол ең соңында жалғыз өзі мұнараның ең шыңын бағындырды.Сонда барлық бақалар таң қалып, оның қалай жеткенін білгісі келді. Ол күш қуатты қайдан алды?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет