Кулагино орта мектебі
Сабақтың тақырыбы: «Ерте, ерте, ертеде»
Мектепке дейінгі шағын топ
Өткізген: Кадиркулова Лаура
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет .
Тақырыбы: «Ерте, ерте, ертеде...» (Қайталау)
Көрнекіліктер: бейнеэкран, оқу іс-әрекетінің презентациясы,
Сабақтың мақсаты: Ертегіге қызығушылығын арттыру.
Білімділігі: Суреттер бойынша өткен ертегілерді еске түсіре отырып, ертегі жанрының ерекшелігін, мазмұнын айтып жеткізу.
Дамытушылығы: Балалардың ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Есту қабілетін және есте сақтауын дамыту. Ертегі кейіпкерлерінің сұрақтарына жауап беру арқылы ертегіге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Адамгершілікке, қайырымдылыққа, ұжымдастыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Үлкендерді көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
-
Көктем неше ай қонақта болады?
-
Көктем айларын атайық?
-
Көктем ерекшеліктерін еске түсірейік?
Балалар біз жыл бойына қандай ертегілермен таныстық? Есімізге түсірейікші.
-Өте жақсы балалар!
-Ертегі дегеніміз не?
Ертегі – ол қиял әлемінен туындаған әңгіме. Ертегіде жан-жануарлар мен түрлі аң құстар адам тәрізді сөйлей алады.
Алдымен сабағымызды бастамас бұрын «Жасырын ұяшықтар» атты дидактикалық ойын ойнаймыз.
Алдарыңызда 4 ұяшық берілген. 4 ұяшықта әртүрлі ертегілер жасырынған.
-Қане, кім шапшаң екен?
Ойын «Жасырын ұяшықтар»
Енді осы ертегілердің ішінен бүгінгі оқу іс – әрекетімізде өтетін ертегіне ұяшыққа көбелектер жинау арқылы табамыз. Көбелектер қандай түсті ұяшыққа қонса сол ұяшықтан бүгінгі оқу іс – әрекетімізде өтетін ертегінің суреті шығады.
-Қандай ертегі шықты?
-Бауырсақ.
-Бауырсақ ертегісін қайталап айтып берейік. (3 баладан сұрау).
Олай болса балалар ертегі кейіпкерлерін атайықшы.
Ата, әже, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Бізге ертегі кейіпкерлері тапсырмалар ұсыныпты.
-
тапсырма.
Ертегіде ата бауырсақ жегісі келді ме, әлде балық жегісі келді ме?
Сендердің алдарыңа сурет ұсынамын, сендер атаның не жегісі келгенін табасыңдар.
2-тапсырма
Әже, бауырсақты суыту үшін терезе алдына қойды ма, гүлдер арасына қойды ма?
3-тапсырма
4-тапсырма
Жұмбақ шешу арқылы қоянның тамағын табамыз?
Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (Қоян)
Қоян не жегенді ұнатады?
Көкөністер арасынан сәбізді тап
 
Достарыңызбен бөлісу: |