Аңыз өлке көгілдір Көкше



Дата19.12.2019
өлшемі17,42 Kb.
#53831
Байланысты:
эссе кокшетау

Эссе

Аңыз өлке – көгілдір Көкше


«Сыр мен сымбаттың елі, сұлулық атты қымбаттың елі – Көкшетау. Көкшетау десе көкірекке шүпілдеп толатын, көңілді ғажап сезімге бөлейтін көрікті күйлер көп-ау. Алдымен Көкшетаудың жері, орман-тауы, өзен-көлі, табиғаттың сұлулығы сыр шертеді. Бір ғана Бурабай, Оқжетпес пен Жұмбақтас. Абылай алаңы... Көкшетауға ғашық болу үшін, құрмет тұту үшін осылардың өзі-ақ жеткілікті. Ал бұл екі арада Айыртау мен Арықбалықты, Зеренді мен Сырымбетті қайда қоясыз...»,-деп туған жерінің табиғатын, Отанға деген сүіспеншілігін ұлы перзенті Қорғанбек Аманжол аса тебіреніспен толғайды.

Көкше жері – аңыз бен тарихқа толы өлке. Оның сұлулығына сөз жетпейді! Көкшенің көркіне кімдер тамсанбаған? Кімдер жыр арнамаған? Көкшенің әсем жерінде кімдер дүниеге келмеген? Сырлы ды сымбатты Көкше топырағы Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Мәлік Ғабдуллин, Жұмағали Саин, Шахмет Құсайынов, Төлеген Қажыбаев, Қорғанбек Аманжол сынды алыптарды дүниеге алып келді. Көкшенің жері – байырғы үш жүзінің қазақтары үш жақта бытырап жүргенде, үшеуін бір тудың астына біріктірген, Абылайын хан сайлап, ел тізгінін берген тарихи өлке. «Сұрасаң Абылайдың тұрған жерін, Қырық сегіз жыл хан болған Көкшетауда»,- деп неге жырлайды дейсіз жырау бабаларымыз? Бүкіл қазақ үшін кие қонған, қасиет орнаған жер екендігін аңғартады. Ертеде Абылайға қоныс болған Бурабайды «Алаштың кебесіндей ізгі жай» деп тебіренуі тегін емес. «Арқада Бурабайға жер жетпесе, Алашта Кенекеме ер жетпейді»,- деп Мағжан Жұмабаев та Алаштың айбарлы, өр Көкшесін жырына арқау етті. Иә, Абылай мен Ке­несарыны сөз еткенде, қазақтың ел­дігі, тәуелсіздігі жолындағы

қа­һармандық күрестің бір бесігі Көк­шетау бірден еске түседі. Толассыз ән мен жырдың бесігі, сал­дар мен серілер елі, тектілік пен дег­дарлық мекені! Халқына қиын кезде пана болған, туған жерін жанкештілікпен қорғаған, оның әсемдігін жырға қосқан батырлар да, сал-серілер де осы Көкшетауда. Туған қаламыздың символы іспеттес Бурабай, Жұмбақтас, Оқжетпес туралы аңыз-әңгімелер сан алуан.  Кім не деп, қалай зерттеп жатса да, бұл орындар Көкшенің көркі болып мәңгілікке қала бермек. Мағжан ақын айтқан­дай, Бурабай – Арқаның аралы, жер еркесі. Бурабай да, Жұмбақтас пен Оқжепес те халық үшін құны өлшенбес қазына, табиғаттың сыйы, тарихтың көзі болып қала бермек. Бурабай туралы әңгімеде Кенесары хан туралы айтпау мүмкін бе?! Себебі, бұл ең әуелі көкжал Кенесарының Көкшесі. Хан Кене Бурабайда туған. Осында ер­лік қуған. Бурабай ішіндегі үңгір­ді жақсы көріп, шерге батқан кездерінде саялап, ой тұңғиығына бойлаған. Осы үңгірді халық кейін Кенесары үңгірі деп атап кеткен. Иә, осы үңгірде Кенесары елім деп күңіренген еді. Оқжетпестің қиясына қадам басқан еді. Хан Кененің қасиетті үңгірі, Кенесары төбесі бұл күнде халқының қастерлі орындарының бірі. Өткенді білмей, болашаққа қадам басу мүмкін емес. Қазақтың тарихы мен мәдениті астасып жатқан әсем Көкшенің қасиеті ерекше! Оның тарихы, табиғаты, қасиетті жерлері, еліміздің басты мұрасы, халқымыздың байлығы! Біз, жас ұрпаққа осындай ұлы өлкеде өмірге келіп, өсіп-өну, жұмбаққа толы, сыры көп тарихымен танысып, көзбен көру – үлкен бақ, үлкен мақтаныш.

«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы.

Дамылсыз сұлу бетін жуған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,



Жүреді біліп кетіп есен-сауын...»,-

деп лирик ақын Сәкен жырлағандай, Көкшетау Арқаның, барша Қазақ жұртының – сырға тұнған, жас арудың бейнесіндей сұлу, тарихы тамырлы, киелі де көне, табиғатын күллі композитор, ақын жазып тауыспаған, аңыз қаласы. Сан буын бабалардың көзін көрген туған жерім – менің мәңгілік махаббатым!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет