Сөж тақырыбы: Абайдың махаббат лирикасы



Дата14.12.2021
өлшемі84,78 Kb.
#126761
Байланысты:
Абайдың махаббат лирикасы

СӨЖ Тақырыбы: Абайдың махаббат лирикасы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология және көптілді білім беру университеті

Академик С. Кирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы


Орындаған: Асылжан Шұғыла

Қабылдаған: Махаш Гаухар


Жоспар

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Абай өлеңдерінің махаббат лирикасы
  • “Махаббатсыз дүние бос” өлеңіне талдау
  • Махаббат тақырыбындағы өлеңдері
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

  • Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. Оның сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі оқырманның жан жүйесін, көңіл күйін түгел тебіренте толқытып, барлық пернені түгел басып, барлық шекті түгел сөйлеткендей сайрайды. Бұл - ғажайып құбылыс.

Абай өлеңдерінің махаббат лирикасы


Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағанада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ.

Сөз басын мына өлеңмен бастасақ па деймін:

Махаббатсыз - дүние бос

Қайуанға оны қосыңдар.

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар.


“Махаббатсыз дүние бос” өлеңіне талдау


  Махаббаты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне дос-жарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарға қайунға теңеп, махабатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.

Абай сұлу қыз, адал жар, жігіттің сұлтаны, ғашық болу, сүю, махаббат ләззаты, тауқыметі, әйел тейсіздігі, сағыныш пен күйініш осы өмірде кездесетін махаббаттың бар белгісін мен көрінісін жазып кеткен.

 

Махаббат тақырыбындағы өлеңдері


Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жеңешке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,

Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,

Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды.

 

Абай сұлу қыздың көркін осындай тамаша суреттеп келеді де:



Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағаналы

Күлкісі бейне бұлбыл құс сайрайды

Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағанада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ.

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе

Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе

Қырмызы қызыл жібек бозбалалар

Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе

деп бозбалаларға жөн сілтейді.

Шу деген де көрінер сұлу артық,

Көбі көпшіл келеді ондай қаншық.

Осы шумақ өлеңінде сұлу қыздың да өз кемшіліктері болатынын, бетім барда бетіме кім шыдар деп кімі паңдау келеді, кімі тантақ, деп айтып жақсы жар ондай істерден аулақ болғай...

Ақыл керек, іс керек, мінез керек

Ер ұялар іс қылмас қатын зерек

деп нендей нәрсе керек екенін айтып жатыр.

Абайдың өзі сөз қадірін, сөз құдіретін, жақсы білген терең түсінген, оны жеткізе білген өзгелерге де,  - «сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деп баршаға жақсы жолға шақырып жазған емес пе еді...

Абай үшін өмір сәулесінің гүлі де, көркемділіктің көркі де,поэзия еді.

Махаббат пен сұлулық бұл мәңгі өшпейтін шырақ емес пе. Адамға деген махаббат өмірге деген ұмтылыс жастардың бір-біріне ғашықтығы өмір сұлулығы, табиғат көркі әділетсіздіктен туған озбарлық міне осылардың бәрін Абай айта білді.

Абай өзі өлсе де М.О.Әуезов айтқанындай: «мұрагері бізге алтын да әсем сазды сөздері қалды - біздің көз алдымызда жаны мен тәні поэзиялық махаббатқа алып бейнесі қалды» деп келтіреді.

Абай ғашық болды, сүйе білді, сонымен бірге күйінді, сағынды, аңсады махаббаттың жақсы жаманын тартты. Дәмі бұзылмайтын өлең, түсі сарғаймайтын ән қалдырды. Осының бәрін сезініп айта, жаза, ән қыла білген қазақтың бас ақыны Абайдай жаннан айналайын демеске амал жоқ. Қазіргі жазғанымыз Абайдың тек бір қырынан ғана көрінуі...

Әрина Абайдай ақынды қанша жазса да аз, - біздің мақсатымыз Абайды дәріптеу, насыхаттау оны терең түсіне білу. Әр дайым Абайша сүйіп, Абайша түсініп, Абайша білу баршамызға бұйырсын.


Қорытынды

  • Абайдың (қырық бесінші қара сөзінде) Адамшылдықтың алды - махаббат, ғаділет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, керіспейтұғын да жері жоқ. Ол - жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат сезім бар.
  • Бұл ғаділет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақил. Біз жаныиыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.
  • Бұл сөздердің мағанасын білген адамға өте үлкен, терең...
  • Абай осы бір кесек сөзбен адам мен ғалам жаратылысының үйлесімді өмір сүруінің тетіктерін  сиғызып жіберген.
  •  

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. Алматы: Жазушы, 1989. 22б.
  • Абай. Шығармаларының екі томдығы. Алматы: Жазушы, 1995
  • Көпбаев Т. Жаңғырық. Жырлар. – Алматы: Қазығұрт, 2007.
  • Сәрсек Ж. Түнемел. Поэзия. – Алматы: Жалын, 2008
  • Шәріп А. Сөз өнері және ұлттық рух. Оқу құралы. – Астана: Педагогика-Пресс, 2010. 108б.
  • Елгезек А. Көлеңкелер күбірі. Өлеңдер. – Астана: Фолиант, 2009
  • Темірбай А. Мың бір мұң. Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 2008


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет