Еліміз Президентінің халыққа арналған "Қазақстан-2030" жолдауын жүзеге асыру, ҚР "Ата Заңының 30 бап" талабына сай мектеп жасындағы балаларды оқумен қамтамасыз ету, көпбалалы, аз қамтылған отбасылар балаларына материалдық көмек көрсету мақсатында Ақжарқын орта мектебінде "Қамқорлық" акциясы бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
"Қамқорлық" акциясын өткізу мақсатымен мектепке жоспар құрылды, сол жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.
Акцияға байланысты мектепте атқарылатын іс-шаралар бойынша бұйрық шығарылды;
Мектеп ұжымы, ата-аналар «Қамқорлық» айлығының жүргізіліп жатқандығы жөнінде хабардар етілді. Мектеп әкімшілігі мектеп жанындағы көшелерді аралап, ата-аналар қарауынсыз түнгі уақытта үйінен тыс жерлерде жүрген балаларды анықтау мақсатында дүкен, мәдениет үйлеріне рейд жүргізілді. Рейд кезеңі 6 күнде бір рет, барлығы - 5 рейд. Оның бірінде 15 ақпанда ауыл учаскелік инспектормен бірлесе рейд ұйымдастырылды. Өткізілген рейд бойынша есептен үзінді - түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз балалар болған жоқ.
Мектеп мұғалімдерінің көмегімен мектеп жасындағы балалар тізімін және
мектепте оқитын балалардың тізімі құрылды;
Осы акция кезінде әлеуметтік педагог қатысуымен "қиын", есепте тұрған оқушылардың үйлеріне рейд жасалды. Барған мақсатымыз: оқушылардың сабаққа дайындығын, тұрмыс жағдайын анықтау;
«Қамқорлық» акция мәселелеріне байланысты мектептің бірінші қабатында ақпараттық алаң ұйымдастырылды;
Әлеуметтік көмек көрсету мақсатымен аталған оқушыларға:
- Догаев Руслан мен Сарсенова Айгерім азқамтылған отбасы балалары болғандықтан, кеңсе тауарлары мен әлеуметтік қоржын берілді.
- Смирнов Денис аз қамтылған отбасындағы және сәтсіз отбасы баласы болғандықтан киім мен кеңсе тауарлары берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |