Ақжарқын орта мектебінің әлеуметтік педагогінің 2014-2015оқу жылындағы жүргізген жұмыстарының сараптамасы Мақсаты



бет5/5
Дата07.05.2017
өлшемі0,87 Mb.
#15844
1   2   3   4   5


Қазір білекке сенетін заман емес, білімге сенетін заман. Сондықтан да ұстаздардың алдында жас ұрпақты үздіксіз тәрбиелеумен қатар терең біліммен қаруландырып, алған білімдерін өмірдегі қажеттігіне жарата алатындай етіп қалыптастыру сияқты міндеттер тұр. Себебі, қазіргі жаһандану заманында қоғамға білімді, сапалы , жоғары интеллектуалды, жан -жақты жеке тұлға қажет. Сондықтан мектеп – мұғалім- ата ана арасындағы «үштік одақ» жақсы болғанда ғана ,алға қойған мақсаттарға жетуге болады. Қорыта келгенде,тәрбиесі «қиын» жасөспірімдерді тәрбиелеу проблемасын ата –аналар, психолог-педагогтар болып бірігіп қолға алуымыз қажет.Өйткені тәрбие саласында жүрген кемшіліктерді уақыт өткен соң қайыра қалпына келтіру қиын. Жас шыбықтың шорт сынбай, қайырылса да қайта орнына келгенінің жақсы болатыны секілді, қиюы келіспеседе қиын баланы тәрбиелеу қажырлы,қайратты еңбекті талап етеді.Ұрпағымыз жұмсақ мінезді, мейірімді ,байланыс жасауда қиындық тудырмауы үшін өмірдің сынына төзбей ,«қиын бала» атанған бауыр етіміз балалардың тәрбиесіне бір жеңнен қол , бір жағадан бас шығарып іске кірісе отырып, болашақта бұндай балалардың қатарының артуына жол бермеу біздің педагогтардың басты міндеттерінің бірі деп санаймын.

Нашақорлықты болдырмау және есірткі бизнесінің алдын алу» мақсатында Нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары жоспарланды. Оқу жылының басында сынып жетекшілер, медбике және әлеуметтік ұстаздан тұратын «НАРКОБЕКЕТ» тобы құрылып, жоспары бекітілді. Оқу жылы ішінде 3 рет отырыс өткізіп, жоспар бойынша шаралар жүзеге асып отыр.Қараша айында сынып жетекшілер «Шынықсаң шымыр боласың», тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. 1 желтоқсан- СПИД-ке қарсы күнге апталық өтті. Әлеуметтік педагогтің ұйымдастыруымен  ЖИТС -ге қарсымыз атты сайыс өтті. Сайысқа 6-сынып оқушылары қатысып ІІ орынды алды. Мектеп мейірбикесі 5-8 сынып оқушылары арасында «Нашақорлық-ең ауыр індет» баяндамасын, 1-4 сыныптың жетекшілері «Дені саудың жаны сау» сынып сағаттарын өткізді. "Дені сау ұрпақ -жарқын болашақ"атты мектепішілік семинар өтті.Далайхан Аденият 6-сыныптар арасында эстафеталық сайыс өткізді. Мектеп кітапханасында «ХХІ ғасыр жастар СПИД-ке қарсы» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылды, сынып сағаттары кезінде оқушылар осы көрмемен танысты. 9-10-11 сынып арасында «Есірткі егіп көргенің, ажалдан бұрын өлгенің» сөз жарыс, қатысқан бала саны 20, қатысқан мұғалім 7, «Нашасыз өмір» тақырыбында мектептің  жас қылқалам шеберлерінің  сурет  көрмесі өтіп, сурет көрмесіне 18 оқушы сурет салды. 9-11 сынып оқушыларына «Әрқайсысымыз қарсы тұра білуіміз керек» атты медбикемен кездесу өтіп, оқушылардың кездесуден алған әсері зор болды. Барлық 1-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. 5-7 сыныптар арасында «Денсаулығым- бақытым» сурет көрмесі ұйымдастырылды.  Манав Алмагүл 9-11 сынып оқушыларына "Нашақорлық туралы қаншалықты хабардарсыз?" атты сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 12 оқушы қатысты.

Нәтижесінде, мектептегі наркобекет жұмысының нәтижесі жақсарып, жұмыс ауқымы артып келеді. Апта сайынғы  мектепішілік дүйсенбілік жиындарда мектеп мейірбикелері түрлі тақырыптарда лекциялар оқып, салауатты өмір салтын қалыптастырудың жолдарын түсіндіру жұмыстары мектептің күн тәртібінен түспейтін мәселе. Салауаттылық шақыру жолында дене тәрбиесі пәнінің рөлі ерекше. Мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері  эстафеталық ойындар, отбасылық сайыстар, топтық сайыстар өткізіп, мектепішілік, мектепаралық, аудандық сайыстарға оқушыларды қамтуда белсенділік танытуда. Салауаттылыққа шақыру тек спорттық шараларға  қатысумен  ғана шектелмей мектеп ауласында,мектепке қарасты аймақтарда сенбілік жұмыстарын жүргізе отырып, шымырлыққа, сымбаттылыққа тәрбиелейді. Әр оқу жылының басында  салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған жоспарды жүзеге асыруда мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, мектеп мейірбикесі бір кісідей жұмылып жұмыстануда. Қазіргі таңда салауатты өмір салтын қалыптастыру –қоғам алдына қойылған басты міндеттердің бірі. Қоғам байлығы адам десек, сол адамның басты байлығы денсаулық. Сол байлыққа ие болу үшін болашақ ұрпақ бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру мұғалім міндеті, осы бағытта аудан мұғалімдерінің атқарып жатқан жұмыстары алуан түрлі.Оқушыны салауатты өмір салтын сақтап өмір сүруге үйрету мұғалім міндеттерінің бірі екенін ұмытпауымыз жөн.    

2014-2015 оқу жылындағы сәтсіз отбасылармен жұмыс сараптамасы

Жалпы биылғы оқу жылында мектебімізде үш отбасы сәтсіз отбасылар

қатарына енгізіліп, бақылауға алынды. Оның біреуі-7 «б» сынып Смирнов Денистің отбасы. Оның ата-анасы екеуі де маскүнемдікке салынғандықтан бала «Қауіп-қатер тобындағы» оқушылардың тізіміне алынған. Денистің ата-анасы баланың тәрбиесіне мүлдем көңіл аудармағандықтан бала өз бетімен жүруге дағдыланған. Сабаққа қатысуын үнемі мектеп әкімшілігі және әлеуметтік ұстаз басты назарда ұстап, сабаққа келмеген күндері оны мектепке әкеліп отырдық. Смирнов Денис жаппай оқыту қорынан тегін тамақтандырылады. Жыл бойы Денис мектепішілік іс-шараларға қатысуға тырысты. Атап айтсақ, ол наурыз мерекесінде оқушылармен бірге үнемі дайындыққам келіп, «Қара жорға» биін билегенде оның бойындағы бұл қабілетті байқамаған жан қалмады.

Жыл бойы ауылдық учаскелік инспектормен бірге Смирнов Денистің отбасына барып, ата-анасымен әңгімелер өткізілді. Тұрмыстық жағдайын тексеріп, тұрмыстық жағдайы туралы акт толтырдық. Смирнов Денис биылғы оқу жылында спорттық іс-шараларға белсене атсалысты. Нәтижесінде бірнеше рет аудандық сайыстардың жеңімпазы атанған. «Қайырымдылық» акциясы кезінде бұл отбасы ұстаздар тарапынан көрсетілген көмектер арқылы киім-кешектер мен азық түліктермен қамтамасыз етілді.



Сәтсіз отбасылар қатарына жататын отбасының бірі-5 «А» сынып оқушысы Догаев Руслан мен 1 «а» сынып оқушысы Сарсенова Айгеримнің отбасы. Бұл отбасында екі баланы жалғыз басты ана тәрбиелеп отыр. Сабақты себепсіз босататын балаларының сабаққа келуіне анасы басты назар аудара бермейді. Бұл отбасымен де ауылдың учаскелік инспекторымен бірге барып, анасымен әңгімелер өткізіліп отырды. Руслан жаппай оқыту қорынан тегін тамақтанса, Айгерим мектеп асханасының қорынан тегін тамақтандырылады. «Қайырымдылық» акциясы кезінде бұл отбасының балаларына ұстаздар тарапынан көрсетілген көмектер арқылы киім-кешектер мен азық түліктермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, бұл балаларға тек акция кезінде ғана емес, басқа сәттерде де басқа мұғалімдер үнемі қол ұшын созып отырады.

Келесі сәтсіз отбасы 4 «а» сынып оқушысы Зейнелда Айсауле мен 1 «а» сынып оқушысы Бекболат Рамазанның отбасы. Бұл отбасындағы балаларды тек анасы ғана тәрбиелеуде. Әкелерімен ажырасқан. Тұрмыстық жағдайы өте төмен, аналары Зейнелда Бұршақ жұмыссыз. Бала тәрбиесіне Бұршақ немқұрайлы қарамаса да, балалары үнемі бірденені бүлдіріп жүруге құмар. Бұл отбасының тұрақты тұратын баспанасы да жоқ, өзге адамның үйінде тұрып жатыр.

Мектептен берілген көмекке зәру емеспін деп Зейнелда Бұршақ берілген киім-кешек пен азық-түліктен бас тартқан. Ал екі баласы да жаппай оқыту қорынан тегін тамақтандырылады. Бұл отбасы әкімдік пен мектеп әкімшілігінің басты назарында. Ауылдың учаскелік инспекторымен бірге әлеуметтік ұстаз барып, әңгімелер өткізіліп тұрады. (суретте Зейнелдп Бұршақтың үйінің көрінісі)

Қорытынды

2014-2015 оқу жылында жасалған жұмыстар жоспарға сәйкес орындалды. Жұмысымның барысында біраз қиыншылықтар кездесті. Кейбір сынып жетекшілердің ата-аналармен байланысы жоғы анықталды. Керек уақытында баланың жанұя жағдайы туралы мәлімет бере алмайтын мұғалімдер кездесті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет