"Ұлттық ілімнің жаһандану дəуіріндегі өміршеңдігі"



бет1/2
Дата13.12.2021
өлшемі19,8 Kb.
#125030
  1   2
Байланысты:
Ұлттық ілімнің жаһандану дəуіріндегі өміршеңдігі


"Ұлттық ілімнің жаһандану дəуіріндегі өміршеңдігі"
Онгарбекова А.К.

«Ақмешіт ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ертеден қалған «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөз бар. Қазақтың бұл мақалының өзектілігі бүгінгі таңда тіптен айрықша. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Сол білімді әдетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады.

Қазақ халқының ұлы перзенті, XIX ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократы, қоғамда тың өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан аямай еңбек етудің үлгісін көрсеткен Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алады.

Ы.Алтынсарин қазақ мектебінің құрылысы, берілетін білімнің бағыт- бағдары мен мазмұны, қазақтың қол-тума жазуын жасау, кітап басып шығару жұмысын ұйымдастыру, мұғалімдер даярлау, мектептерге арналған жетекші нұсқауларды, сөздіктер мен басқа да оқу құралдарын бастырып шығару сияқты ең қиын мәселелерді шешу, сондай-ақ жаңа алфавитті енгізу, т. б. туралы Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық міндеттерді шешудің жалпы принципін анықтауға талаптанып, алғашқы қадам жасады. Қазіргі үздіксіз білім беру жүйесінің негізін қалады десек те, артық айтпаймыз, себебі, алғашқы ауылдық, болыстық мектептерді ұйымдастыру арқылы баспалдақты, пәндік, жүйелі оқудың бастаушысы болды.

Өркениетті Қазақстанның еуропалық стандартқа, еуроодаққа енуі, жаңалықтың жаршысы болуы оның жасампаздығын, жаңашылдығын көрсетеді. Бұл біздің халқымыздың ежелден келе жатқан тарихи жақсылыққа ұмтыла білетін қасиетін сипаттайды.

Тұңғыш ағартушы, рухани ұстаз Ы.Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда ой- санасына қозғау салып дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін көп ізденген.

Басқа ұлттардың өнегелі жақтарын, оқуын үйреніп халқымызға тарату мәселесін көрсете білгені Ы.Алтынсариннің "осы замандағы адам таңқаларлық нәрсенің бәрі де ғылыммен табылған, өнердің барлығы - ғылымда"-деген ойы қазіргі заманмен тығыз ұштасып жатыр. Осындай жаңа заман жаршысының идеясы қазіргі біз білетін жүйемен сабақтасып жатыр. Оның ішінде ағылшын тілі пәнімен байланысу мысалы:



Ыбырайдың қазақ жерінде алғаш ашқан жаңаша түрде құрған мектептері: мұғалім әр кезде де жас балаға түрткі беруші, қызықтырушы, дамытушы, қалыптастырушы болуын қалады. Расында да, қарап отырсақ, мұғалім өз пәнін жақсы көріп, ізденген сайын, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Әр тақырып бойынша қызықты факті, бұрын-соңды естімеген жайтты, тақырыптың шынайы өмірмен байланысын тауып, мысал келтіріп, түрткі сұрақтар қойсақ, бала сол тақырыпты тереңнен білуге тырысады.

Ол оқу тәрбие үрдісін сызбалы, концентраты, спиральды, модульді, репродуктивті, жағдаятты, көпмағыналы, шығармашылықты ретпен дидактикалық сәйкестікте құрды. Ағылшын тілі пәні оқулықтарында тақырыптар шиыршықты, модульді түрде құрылған. Оқушылар сыныптан сыныпқа өткенде тақырыптарды модульді тереңдете оқиды және тілдік қызметтің бәрін қамтиды. Өз тәжірибемде оқушыларды шығармашылыққа шақырамын. Қызықты тақырыптар бойынша балаларды оқулықтан тыс ақпараттарды ізденуге талпындырамын. Оқушылар қабырға газеттерін, қолжазба журналдарын жасағанды жөн көреді. Тұжырымдамам, оқушылар шығаршылық тақырыптарды есте сақтауы, түсінуі, өмір жағдаяттарында қолдануы жоғары.

Оқу – тәрбие үрдісінде қарастырған әдіс-тәсілдері: кешенді, дара- жинақтаушы, диаграмма арқылы, себеп-салдармен, аяқталмаған сюжет, кластер, жеке-дара, топтық, ұжыммен, бір жақты, екі тілді,т.б. қарастырды. Ағартушы ұстаз қарастырған әдіс-тәсілдер қазіргі білім беру жүйесінде кеңінен қолданылады. Оқушылар әсіресе топтық, ұжыммен жасалған жұмыстарды жақсы көреді, сабаққа белсене қатысады. Жаңа тақырыптарды диаграмма, кесте, сызба түрінде берілгенде тез ұғады. Қиын тақырып кезінде екі тілділік қарастырылған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет