Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары. Тұйық етістік. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі53,69 Kb.
#29132
түріСабақ

Күні:

13.03.2015 жыл.

Сынып:

6 «б»

Пән:

Қазақ тілі

Пән мұғалімі:

Ибрагимова Зәуре Әділханқызы.

Сабақтың тақырыбы:

Үй жануарлары. Тұйық етістік.

Сабақтың мақсаты:

  • Тұйық етістік және оның түрленуі жайлы мағлұмат беру;

  • Үй жануарлар және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру.

Оқытудың нәтижесі:

Оқушылар сабақтан соң:

  • Тұйық етістікті меңгереді;

  • Үй жануарларының адамға пайдасы туралы түсінік бере алады;

  • Оқушылар топтық жұмыс барысында өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алады. Танымдық белсенділігін арттыра отырып, басқалардың пікірін тыңдауға, өз бетімен іздену мен қатар жұптық, топтық ізденуге құлшыныс жасай алады

Түйінді идеялар:

Тұйық етістік жақтық мағынаға тәуелді емес(себебі жіктелмейді), шақтық мағынада қолданылмайды (себебі шақтың түрін жасамйды), алайда зат есімдерше түрленіп, қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз. Тұйық етістік –у жұрнаңы арқылы жасалады.–у жұрнағы етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жалғанады. Мысалы: бар- у, ойла- у,

барғызба- у, қысқарт- у.



Дереккөздер:

Интерактив тақта, оқулық , плакаттар ,стикерлер ,маркерлер

Сабақтың әдісі:

Ауызша баяндау әдісі, кір жаю әдісі, іздендіру әдісі,айналмалы бекеттер стратегиялары

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Уа

қыт

Мұғалімның іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті



Бағалау

Критерий


Дескриптор


Ұпай


Ұйымдасты

ру кезеңі

3

мин.


Психологиялық жағдай: шеңбер бойымен сәттілік тілеу.

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл-күйлерін көтереді.

-

-

-

Топқа бөлу

2 мин.

Оқушыларды үй жануарлары және үй құстары деп деп екі топқа бөлемін.

Оқушылар топтасады. Топ ішінде топ басшысын сайлайды . Топ басшысы топ мүшелерін рөлге бөледі.

-

-

-

Білу
(Үй тапсырмасы)


3 мин.

Кір жаю әдісі арқылы

«Менің күшігім» тақырыбы бойынша салып келген суреттерімен танысу



Салып келген суреттерін жіпке тізіп іледі, өз жұмысын критерий бойынша бағалайды


Суреттің салыну эстетикасы

1.Керемет;

2. Орта ;

3. Нашар;

4.Мүлдем жоқ.




5

4

3



2

Түсіну


3 мин

1.Тұйық етістіктің түрленуі жайлы мағлұмат беремін;
2. Сөздікпен жұмыс

1. Тыңдайды;
2. Жаңа сөздерді аударып, сөз тіркесін, сөйлем құрастырады.

1.
2. Сөздік

пен жұмыс



-
1.Жауап берді

2.Жартылай жауап берді;

3.Жауап бере алмады;

4.Қатысқан жоқ




-
5

4
3
2

Қолдану



5 мин

2-тапсырма





Топтық жұмыс

1.Белсенді

2.Орта


3.Төмен;

4.Қатысқан жоқ




5

4

3

2

Сергіту сәті



4 мин.

Пантомимо ойыны

Үй жануарларының суреттерін көрсетеді.



Екі топ бір - біріне суреттер арқылы берілген үй жануарларын қимылмен көрсетеді. Қарсы топ табады. Қай топ таба алса, жеңіске жетеді.










Талдау


5 мин

Полиглот ойыны

Берілген етістіктерді үш тілге аударып айтады,жазады.

Аударма жұмыс

1.Толық аударды

2. Жартылай аударды

3. Аудара алмады;

4.Қатысқан жоқ




5
4
3
2

Жинақтау



4 мин

Айналмалы бекеттер әдісі бойынша грамматикалық тақырыпты пысықтау


Әр топ грамматикалық тақырыпқа тән қасиеттерді жазады

Айналмалы бекеттер

1.Белсенді

2.Орта


3.Төмен;

4.Қатысқан жоқ




5

4

3

2

Бағалау

3 мин

Бағалау парақшасы арқылы бағалаймын.

Бағалау парақшалары арқылы 2 топтың басшысы бір-бірінің топ мүшелерін бағалайды




Үйге тапсырма

1 мин

4-тапсырма

Күнделікке жазып алады.

Кері байланыс

2 мин

3- 2 - 1 стратегиясы

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат

  • Қиындық келтірген 2 мәселе

  • Сабақта ұнаған 1 аспект




Оқушылар алған әсерлерін стикерлерге жазады , оқиды .

Барлығы:

45 мин








Сәтті өтті: Сабақ барысында оқушылар грамматикалық тақырыпты , тұйық етістікті үш тілде еркін аудара білді.Топтық жұмыс барысында ЖАДА тиімді қолданылды. Себебі екі топтың да көшбасшылары өзге ұлт өкілдерін көбірек сөйлетуге мүмкіндік берді. Яғни Мельникова Галина мен Казакова Настя тапсырмаларды ұқыпты орындауға тырысты. Берілген етістікті сөздерді тәуелдей алды, септей алды.

Сәтсіз өтті: Айналмалы бекеттер әдісі бойынша оқушылар етістік пен тұйық етістік формасын жазуда сәл үлгермей қалды. Сондықтан уақыттың тығыздығына байланысты бұл тапсырманы ауызша орныдатуға мәжбүр болдым.

Бағалау барысында кейбір оқушылар өз білімдерін әсерілеп бағалап жіберген.



Кездескен кедергілер:

а)Айналмалы бекеттер әдісі бойынша оқушылар етістік пен тұйық етістік формасын жазуда сәл үлгермей қалды.;

ә) Бағалау парақшасына өз білімдерін әсерілеп бағалап жіберген оқушылар да кездесті.

Кедергілерді жою жолдары:

а)Айналмалы бекеттер әдісі бойывнша берілген тапсырманы оқушыларға ауызша орындаттым;

ә) Келешекте бағалау парақшасының қорытынды бағалау шкаласын төмендету керектігін ұғындым.Бағалау парақшасындағы бағалау шкаласы төмендегіше:

20-25 – «5»

15-19- «4»

11-14 –«3»

0-10 – «2»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет