"Ұлттық ілімнің жаһандану дəуіріндегі өміршеңдігі"



бет2/2
Дата13.12.2021
өлшемі19,8 Kb.
#125030
1   2
Байланысты:
Ұлттық ілімнің жаһандану дəуіріндегі өміршеңдігі

Баланың бойына: ұлттық сезім, құндылық, мүдде, дін, тіл, мінез, іс- әрекет, салт-дәстүр, наным-сенім дұрыс қалыптастыруды талап етті. Бүгінде Ыбырайдың ізгілік жөніндегі ойларын шәкірттердің жүрегіне ұялатудың қажеттігі туып отыр. Қазіргі оқып жатқан оқулықтарымыздағы шиыршықты тақырыптар: «Құндылықтар», «Жасампаздық», «Оқу (қызығып оқимыз)», «Батырлар», «Денсаулық», «Салауатты әдеттер», «Бізді қоршаған орта» тақырыптарында ұстазымыздың “Мейірімді бала”, “Шеше мен бала”, «Таза бұлақ», «Мұңсыз адам», «Әке мен бала» әңгімелерін ағылшын тілі аудармасында оқытуға шақырамын. Бұл әңгемелер тәрбиедегі 8 бағытқа сәйкес келеді.

Оқушының жеке басына сәйкес: даралылығы, танымы, іс-әрекеті, қызығушылығы, бағыттылығы, зейіні, сезімі, ес, жас және жыныс ерекшелігі үнемі ескерілуін қадағалады. Міне, 21 ғасырдың білім беру жүйесіндегі деңгейлік оқыту Ыбырай Алтынсариннан бастау алатынын көріп отырмыз. Қазіргі таңда әр баланың даму үрдісі әр деңгейде. Сол себепті формативті бағалау кезінде әр балаға оның жас ерекшелігі, бағыттылығы, зейіні, қызығушылығы, үлгеріміне байланысты тапсырма берген жөн.

Мектепке қажетті әдістемелік құралдардың болуы: олардың зайырлы білім беруге арналуы, оны қос тілділікті жүргізуі сол кездегі бірден-бір жаңалық болды. Осы кезден бастау алған бастама, елімізде өз жалғасын үш тілділікте табуда.

«Қырғыздарға орыс тілін үйретуге бастапқы құрал» еңбегінде ұсынылған әдістемелер кез-келген шет тілін үйретуге бастама болары анық.

Алтынсарин орыс тілін игеру үшін үш кезеңді ұсынған:

1.Сөздің алғашқы түбірі арқылы ауызша сөйлеуді дамыту

2.Әліппе бойынша оқыту

3.Оқуға арналған кітаппен жұмыс жасау

Осы нұсқаулықты кез-келген тілді үйренуде де өзімізге үлгі қылып алуымызға болады.

Айтылған мәселелер, бүгінгі интеграция мен жаһандануға арналған үдерістерге жаңа тұжырымдамалық көзқарастар қалыптастыруда маңызды үлес қосатын негіздемелік мұра болды. Сондықтан, мемлекетіміздің жандануындағы Қазақстанның білім көкжиегінің кеңеюіне, бастама жасаған Ы.Алтынсарин екені де анық.

Осындай жаһандану заманында ғасырмен бірге өсіп даму – жаңашылдықтың белгісі. Мұғалім боламын десек, заман талабына сай білім беруіміз қажет. Ол үшін өзіміз де еш уақыт білім алуды, жаңа нәрсені үйренуімізді тоқтатпауымыз керек.



«Қазақ деген – жасанды мінезі жоқ, қарапайым халық, бірақ сол қарапайымдығының өзінде оның, көп жақсылығы жатыр», «өз елімізге қолдан келгенше кызмет ету – біздің әрқайсымыздың борышымыз». – деп Ы.Алтынсарин айтқандай, біздің мақсат - қазіргі білімді жан-жақты дамытып, жаңашылдыққа жол ашып, оның даңғыл саласына қызмету ету.
.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет