Орындаған: ги-30 тобы студенті Жандуллаева Ақмарал



бет1/5
Дата13.12.2021
өлшемі18,84 Kb.
#100277
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
14-Praktika GOA
Әке асқар тауым Айжан апай, Әке асқар тауым Айжан апай, 1574787115, 7- апта Бөж Оңдасын Азура, Өсімдіктер анатомиясы мен морф 2 блок, Жалпы патология Тест

Орындаған: ГИ-30 тобы студенті Жандуллаева Ақмарал

Географияны оқыту әдістемесі / 14-Практика



Мектептің 10-11 сынып географиясы, құрылымы, оқу бағдарламасы.

Сұрақтар:
1. Мектептің 10-11 сынып  географиясы оқулығы мен оқу  бағдарламасына талдау жасау.
10-шы сыныпта “Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы” курсы оқытылады . Бүл курс оқушыларда қоршаған  әлемнің біртұтастығы (яғни  жер шарының халқы және шарушылығы өзара байланыста) туралы көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұнда Жер шары халқының өсуіне баса назар аударылуы керек. Түрлі елдер  арасындағы экономикалық байланыстардың күшейе түсуі ауқымды коммуникациялар желісінің аса кеңеюіне әкеліп соғады   
 Бұл деген пәннің мәдени-гуманистік бағытының күшеюіне алып келеді, себебі  әлем  халықтары географиясын, діндерді, тілдерді, мәдениеттерді т.б. оқытуға бөлінген уақыт көбейеді. Онда жеке елдер туралы материалдар қысқартылған, себебі осыдан бастап ол материалдар негізінен аймақтық шолу ретінде оқытылатын болады. Сонымен қатар адамзаттың глобальдық  проблемалары  мен Қазақстанның әлемдік саясат пен экономикадағы орны мен ролін көрсетуге баса назар аударылуы тиіс. Осылайша құрылуына байланысты, бұл курс елтанушылық курсынан жалпы экономикалық географиясы бар экономикалық- географиялық елтану курсына айналады.
11-сыныпта “Жалпы география” (табиғатты пайдалану аспектілері) курсы оқытылады. Оны оқытудағы негізгі мақсат: оқушылардың әлемнің географиялық сипаты туралы білімін қалыптастыруды аяқтау. Ол қоғам мен табиғаттың өзара ықпалы, халықтың көбеюі мен таралуы, әлемдік шаруашылық және географиялық еңбек бөлісуі, дүние жүзінде және жеке аймақтарда туындайтын ауқымды  және аймақтың экологиялық- географиялық проблемаларда анықтау туралы теорияны түсіндіруге сүйенеді.        



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет