Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылы атқарған жұмыстары бойынша есебі Мемлекеттік және басқа тілдерді қолдану мен дамыту



Дата08.09.2017
өлшемі78,14 Kb.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылы атқарған жұмыстары бойынша есебі
Мемлекеттік және басқа тілдерді қолдану мен дамыту

2016 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына орай ЛА-155/6 мекемесінің жазасын өтеуші жасөспірімдері арасында «Мақатаев оқулары» байқау өткізілді.

2016 жылдың 24 ақпанында №110 мектепте Ж.Жабаевтың 170 жылдығына орай домбырашылар арасында күйден байқау өткізілді.

22 сәуір 2016 жылы қалалық мұрағаттар ғимаратында «Тіл шебері» байқауы өткізілді, оған ауданнан 3 қатысушы жіберілді.

2016 жылы 15 сәуір күні Алматы Автомеханикалық колледжінде 3 ұрпақтың кездесуі өтті: колледж студенттері, интернационал-жауынгерлері, соғыс кезінде тылда жұмыс жасаған ардагерлер. Бұл кездесу «орыс жасушы, аудармашы, әдебиет критигі Н.С. Гумилевтың» 130 жылдығына арнайы ұйымдастырылды.

17 мамырда аудандық «Пушкин және Шевченко оқулары» байқауы өткізілді, қорытындысы бойынша қалалық байқауға 2 қатысушы жіберілді.

20 шілдеде Первомайка елді-мекеніндегі №193 мектебінде А.Құнанбаевтың 170 жылдығына арналғаен «Абай оқулары» аудандық байқауы өтті.

26 тамызда мемлекеттік қызметшілердің арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты қалалық байқауға ауданнан іріктелген команда жіберілді.

22 қыркүйекте Қазақстан халқының тілдеррі күніне орай ҚР ҰҚК-нің шекара горнизонының 5 әскери бөлімшелері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» атты байқауы өткізілді.

20 қыркүйекте қазақ, ағылшын және орыс тілдерін жетік меңгерген 16-22 жас аралығындағы адамдардың арасында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» аудандық байқауы өтті.

2 қазанда қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» аудандық байқауы өткізілді.

9 қарашада мемлекеттік тілді еркін меңгерген ұлты орыс жастарының арасында «Тіл – парасат» аудандық конкурсы өтті.

3 желтоқсанда аудан әкімі аппаратында «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, ән, терме және көркемсөз оқу шеберлігі бойынша «Ана тілім – ән жырым» атты байқау өткізілді.

Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру

2016 жылдың 5 наурызында аудан әкімі аппаратында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ауданның белсенді әйелдері, көпбалалы аналар, ардагер әйелдер шақырылған іс-шара өткізілді.

2016 жылы 22 наурыз күні Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен «Максима» СОК және «Первомайский» мәдениет үйінің алдында «Наурыз мейрамы – 2016» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Жетісу ауданында «Наурыз мейрамының» аясында іс-шаралар 20 наурыздан басталды, осылайша 20-21 наурыз күні «Гүлдер» саябағында Балалар шығармашылық үйінің талантты балаларының қатысуымен мереке өткізілді.

14 сәуір 2016 жылы аудандық «Ұстаз» кәсіподақтар комитетімен бірлесе білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында көркемөнерпаздық шығармашылық сайысы өтті.

1 мамырда «Айнабұлақ» шағынауданының саябағы мен Первомайский шағынауданының мәдениет үйінің алдында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

5 мамырда №73652 әскери бөлімшесінде Отан қорғаушы күніне арналған іс-шара өткізілді.

9 мамырында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты Жеңіс күнінің құрметіне мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Екі кезеңмен: Орталық зиратта Ұлы Отан соғысы ардагерлері, зейнеткерлер, аудандық қызмет басшылары мен мектеп оқушыларының қатысуымен қаза тапқан жауынгерлердің басына салтанатты гүл шоқтарын қою рәсімі, одан кейін, іс-шара «Құлагер» шағынауданындағы «Гүлдер» саябағында жалғасты.

01 маусымында Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппаратымен Халықаралық балаларды қорғау күні құрметіне мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекені тамашалуға келген барлық балаларға тегін аттракциондар мен батуттар орнатылды, әртүрлі ойындар ұйымдастырылды, сондай-ақ асфальтта сурет салды. Осы күні Первомайский шағынауданының балалары да назардан тыс қалған жоқ. Олар үшін де мәдениет үйінің алдында мереке ұйымдастырылды.

1 маусым күні №104 бала бақшада мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін түрлі персонаждардың қатысуымен қойылым қойылды, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, әндер шырқалып, ойындар ойнатылды, сонымен қатар тегін балмұздақ таратылды, балабақша әкімшілігі тарапынан және аудан кәсіпкерлерінен сыйлықтар берілді.

6 шілдеде Құлагер шағын ауданындағы «Гүлдер» саябағында «Астана күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті.

30 тамыз күні «Гүлдер» саябағында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік іс–шара өткізілді. Мерекелік шара барысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының аясында аудан әкімі тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балалары мен жетім балалар үшін салтанатты іс-шара ұйымдастырды. 250 аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті заттар салынған оқушы сөмкелері және 10 балаға мектеп формалары мен аяқ-киім табысталды.

20 қыркүйекте Максима ОСК-нің алдындағы алаңда «Қала күні» мерекесіне арналған іс-шара өтті.

01 қазанда ауданның ардагерлері мен зейнеткерлері үшін «Қарт адамдар айлығының» ашылу салтанаты «Ағайын» мейрамханасында ұйымдастырылды.

05 қарашада 28 панфиловшылар паркінде 50 адамды әскерге салтанатты түрде шығарып салуға апардық.

21 қарашада «Көкжиек» шағынауданында «АлматыИнжСтрой» ЖШС-мен салынған шағын футбол алаңының ашылу салтанаты өтті.

27 қарашада аудандық ардагерлер кеңесінің есептік-сайлау конференциясы ұйымдастырылып, соңында концерттік бағдарлама қойылды.

30 қарашада аудан әкімінің ғимаратында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді Елбасы туралы деректі фильм көрсетіліп, фотосуреттерммен кітаптар көрмесі қойылды. Концерттік бағдарлама болды.

10 желтоқсан күні «Айнабұлақ» шағын ауданында Тәуелсіздік күні мейрамының қарсаңында «Спортты серік ету – денсаулықтың кепілі!» деген ұранды ұстанатын «Арман АВК» құрылыс компаниясының сыйлығы ретінде салынған футбол және баскетбол алаңшаларының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.

14 желтоқсанда әкім аппаратының үлкен залында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік шара өткізілді. Бағдарлама басында деректі фильм койылды, әкімнің құттықтау сөздерінен кейін грамоталармен марапаттау өткізіліп, концерттік бағдарлама болды.



Спорт саласында

8-9 қаңтарда «Құлагер» ы/а бокстан аудандық ашық турнир өткізілді

11-12 қантарда мектеп оқушылары арасында шахматтан жарыс өтті.

17 қантарда ересектер арасында баскетболдан аудандық жарыс өтті.

23 қантарда ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

7 ақпанда жасөспірімдер арасында футболдан жарыс өткізілді

17-18 ақпанда коллеж студентері арасында аудандық волейболдан жарыс өткізілді

20 ақпанда «Солақай» спартакидасы өткізілді

22 ақпанда аудандық «Сымбат» спартакиадасы өткізілді

5 наурызда үстел теннистан аудандық жарыс өткізілді

6 наурызда өзге ұлттар арасыннда улттық ойындар бойынша жарыс өткізілді

25-28 наурызда бокстан аудандық турнир өткізілді

09 сәуірінде №2 мектеп алаңында футболдан аудандық жарыс өткізілді.

10 сәуірде №137 мектеп-гимназиясының алаңында волейболдан жарыс өтті.

15 сәуір күні №148 мектеп-гимназиясының бассейнінде жүзуден аудандық жарыс өткіөілді.

6 мамырда №129 мектепте оқушылар спартакиадасы өтті.

12 мамыр күні 87 мектеп алаңында баскетболдан жарыс ұйымдастырылды.

14 мамырда КазАТК колледжінің спортзалында қазақша күрестен «Қазақстан барысы» аудандық жарысы өткізілді.

16 мамырда №112 мектеп спортазылнда футболдан жарыс өткізілді.

19 мамыр күні 2000-2001 жылы туылған қыздар арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді.

23 мамыр күні 5-6 сынып оқушылары арасында жеңілатлетикадан аудандық жарыс өткізілді.

01 маусымда «Көңілді мәре» атты балабақша балаларының арасында эстафета, сонымен қатар сол күні якут күресі өткізілді.

6-7 маусымда жасөсіпірмдер арасында «Ағайын» спорткешенінде бокстан жарыс өткізілді.

23-24 маусымда тоғызқұмалақ пен асық атудан жарыс өткізілді.

26 маусымда КазАТК колледжінің спортзалында Ұлттық спорт түрлерінен болатын фестиваль бойынша қазақша күрестен «Қазақстан барысы» аудандық жарысы өткізілді.

Сонымен қатар, сәуір айының әр сенбісінде Президенттік тестілеуден жарыстан тұрақты өткізілді.

10 тамыз күні «Құлагер» шағын ауданындағы футбол алаңында аудан әкімінің кубогына турнир өтті.

15 тамызда «Тоғызқұмалақ» ұлттық спорт ойындарының түрінен жарыс өтті.

12 қыркүйекте №129 мектеп спортзалында «Отбасы күні» мерекесіне орай «Әкем, анам және мен» аудандық спартакиадасы өтті. Спартакиада жеңімпаздары Канаевтар отбасы «Қызықты старт» қалалық шарасына жіберілді.

8 қазанда «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай колледж студенттері арасында волейболдан жарыс өтті.

Үстіміздегі жылдың 14 қазанында «Қарт адамдар айлығы» аясында және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ардагерлер мен зейнеткерлер арасында боулингтен жарыс ұйымдастырылды.

06 қазанда Құлагер шағынауданындағы футбол алаңында колледж студенттері арасында футболдан жарыс өткізілді.

12 қазанда ЛА-155/6 мекемесінде жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді.

14 қазанда №129 мектепте пионерболдан оқушылар арасында жарыс өткізілді.

16 қазанда мектеп оқушыларының арасында волейболдан аудандық ашық турнир өткізілді.

20 қазанда №101 мектеп-гимназиясында әскери қызметкерлер арасында волейболдан турнир өткізілді.

22 қазанда №102 мектепте ардагерлер арасында дойбыдан турнир өткізілді.

27 қазанда №108 мектепте ардагерлер арасында шахматтан турнир өткізілді.

02 қарашада №118 мектеп-гимназиясында жасөспірімдер арасында футболдан жарыс өткізілді.

09 қарашада №129 мектепте «Жетісу Ассоциациясымен» бірге жеке пәтер иелері кооперативтері арасында волейболдан жарыс өткізілді.

11 қарашада Әскери бөлімшелер қызметкерлері арасында футболдан жарыс өткізілді.

19 қарашада №129 мектепте қыздар арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді.

01 желтоқсанда «Тұңғыш Президент күніне» орай №3 мектепте тоғызқұмалақтан мектептер арасында аудандық жарыс өткізілді.

04 желтоқсанда 2005 жылы туылған балалар арасында футболдан жарыс өткізілді

16-17 желтоқсанда «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай №148 мектеп-гимназиясында бокстан аудандық ашык турнир өткізілді.

16 желтоқсанда «Мост» клубында «Тәуелсіздік күніне» орай аудан кәсіпкерлері арасында бильярдтан аудандық ашык турнир өткізілді.



19 желтоқсанда Қазақ көлік және коммуникациялар колледжінде волейболдан аудандық жарыс өткізілді

Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу