15 Дәріс Тақырыбы: «Гүлді паразиттердің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері, көбеюі, таралуы, зияндылығы» Мақсаты: «Гүлді паразитті өсімдіктерден келетін ауылшаруашылық дақылдарының аурулары»



Дата29.04.2020
өлшемі19,4 Kb.
#65124
Байланысты:
15 daris zhalp fito


15 Дәріс

Тақырыбы: « Гүлді паразиттердің морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері, көбеюі, таралуы, зияндылығы»

Мақсаты: « Гүлді паразитті өсімдіктерден келетін ауылшаруашылық дақылдарының аурулары»

Қарастырылатын сұрақтар:

1 Морфологиялық, биологиялық ерекшеліктері

2 Негізгі түрлері

Паразитті гүлді өсімдіктер. Өсімдіктердің кейбір формалары эволюциялық үрдісте өз бетінше өмір сүру қабілетін жоғалтқан. Бұл өсімдіктерді паразит немесе факультативті паразит деп атайды(жартылай паразит). Қорек алатын өсімдікке орналасуына байланысты бұл паразиттерді екі топқа бөледі: өсімдіктің жер бетіндегі бөліктеріне (бұтақ, сабақ тағы басқа) және өсімдіктің жер асты бөліктеріне (тамырға) тіркелетін паразитттер. Олар өсімдікке сорғыштармен тіркеліп, өсімдіктен су мен қоректік заттарды алады. Көк жартылай паразиттердің өзгерген тамырлары және көк жапырақтары бар. Бізде олар Сабынкөктер (Scrophulariaceae) –тұқымдасына жататын түрлер: марьянник (Melampyrum), көздәрі (Euphrasia), қандыгүл (Pedicularis), сылдырмақ (Rhinanthus) тағы басқалары. Бұл өсімдіктер тамырындағы сорғышы арқылы басқа өсімдіктерге тіркеліп (тамырларына) оларға зиян келтіреді. Бұл өсімдік тамырлары мүлдем жойылып, тек жапырақтары сақталған, сондықтан оларда ассимиляция үрдісі сақталған. Бірақ хлорофилі жоқ паразиттерге ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды паразиттері жатады: сары шырмауықтың түрлері, сұңғылалар тағы басқалар. Кейбір шырмауықтардың тамыры, жапырағы, сабағы түгел өзгергендіктен ассимиляция үрдісі түгел жойылған.

Эволюция барысында өсімдіктің кей түрлері паразиттік тіршілікке бейімделіп, өзгереді. Олардың ассимиляциялық аппараты мен тамыр жүйесі болмайды. Өсіп тұрған өсімдіктердің сабақтары мен тамырларына жабысып, «гаустория» деп аталатын арнайы сорғыштары көмегімен өсімдіктердің өткізгіш жүйесінен қоректік заттар мен суды сорып алады. Сабақ паразитіне – арамсояу, тамыр паразитіне – сұңғыла жатады. Егер паразит өсімдіктер жапырақ бөлігін сақтап, ие-өсімдіктен тек минералды қорек алатын болса жартылай паразиттер деп аталады. Оларға омела, мәриягүл, ешкіқоңырау және басқалары жатады.

Арамсояулар. Арамсояулар – Арамсояу тұқымдасының Cuscuta туысына жататын гүлді паразит өсімдіктер. Олар хлорофилсіз, ие-өсімдік сабағына шырматылып жабысқан сабағы шөп тәрізді, тармақталған, жіңішке, немесе жуан, түсі қызғылт, сарғыш-қызыл немеесе жасыл-сары. Гүлдері – ұсақ (2-7 мм), қызғылт, немесе ақшыл түсті, қысқа, немесе ұзын, шашақ, шоқпарбас немесе түйнек гүлшоғырына жинақталған. Жемісі – ұзындығы 1-3 мм, ішінде пішіндері шар тәрізді, сопақша немесе шамалы ұзындау тұқымдары бар қорапша. Тұқымдары топырақта бірнеше жылдар бойына өнгіштігін жоймастан сақталуға қабілетті. Арамсояудың отаны – тропикалық Америка және Африка. Бүгінде бұл паразит жер шарының барлық аймағында дерлік кездеседі, 100 тарта түрі бар. Ең көп тараған түрлері: далалық арамсояу (Cuscuta campestris), беде арамсояуы (C. trifolii), зығыр арамсояуы (C. epilinum). Біздің елдегі арамсояудың барлық түрлері де бір жылдық, ие-өсімдік өлгеннен соң олар кеуіп қалады. Арамсояу ие-өсімдіктердің өсіп-жетілуін тежеп, көбінесе өлтіреді. Заладанған өсімдік өнімі төмендеп, өнім сапасы түседі. Сонымен қатар арамсояу өсімдіктердің вирус ауруын да таратады. Арамсояулар тұқымымен және сабақ бөліктерімен көбейеді. Көпшілік түрлері жылу сүйгіш, сондықтан негізінен оңтүстік аймақтарда өседі. Арамсояу кең тараған кезде картоп, жоңышқа, көкөніс және басқа дақылдардың өнімділігіның шығыны 50%-дан астам болуы мүмкін.

Күрес шаралары: карантин талабын қатаң сақтап, ауыспалы егісті пайдалану; дақыл тұқымын тазарту, залалданған өсімдіктерді гүлдегенге дейін жою; залалданған учаскені өртеу немесе гербицидтермен жағу.

Сұңғылалар. Сұңғыла тәрізділер тұқымдасының Orobanche туысы – кәдімгі паразит. Ол ие-өсімдік тамырына сабағының қалыңдау етек жағымен жабысып орналасады. Сабақтары етті, күрең немесе сары түсті, қабыршақты, қарапайым немесе тарамдалған, етек жағы жуандау. Гүлдері жанама бұтақтарының қолтығында орналасқан. Гүлтабаны бесмүшелі, екі ерінді, 4 аталықты. Жемісі–көп тұқымды қорапша. Тұқымдары ие-өсімдіктің тамырының шығарындысының әсерінен көктейді. Біздің елде кездесетін көптеген түрлерінің ішінде бесеуі – күнбағыс арамсояуы, тармақталған арамсояу, мысыр арамсояуы және сары арамсояу – ауыл шаруашылық дақылдарын залалдайды.

Омела. Омела Белдікгүлдер (Loránthus) тұқымдасының Viscum туысына жататын жартылай паразит өсімдік. Ең көп тараған Vіscum album – ақ омела, ағаштар мен бұталарды залалдайды. Омеланың ризоидтары ағаш сүрегіне енеді. 3-5 жылдан соң өсіп шыққан жасыл сабақ пен жапырақтарының көмегімен органикалық заттарды синтездейді. Ал ие-өсімдіктен минералды қоректік заттар мен су алып, оны әлсіретеді. Омеланың сабағы жалаңаш, жасыл, дихотомиялы бұтақталған. Жапырақтары қалың, пішіні ұзынша, қысқа сағақта қос-қостан орналасқан. Гүлдері сарғылт-жасыл түсті, топтасып орналасқан. Жемісі – жидек, алғашқыда жасыл, кейін ақ түсті. Тұқымы қыста пісіп, құстармен тарайды. Висцина деп аталатын жабысқақ затпен ағаштардың бұтағына жабысып, көктемде көктеп өседі. Омела негізінен Шығыс Европа, Балтық теңізі жағалауындағы және Кавказ елдерінде кездеседі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Көк жартылай паразиттердің түрлері

  2. Хлорофилсіз паразиттер, олардың қоректенуі

  3. Жартылай паразиттің түрлері

Қолданылған әдебиеттер:

1.Қойшыбаев М., Жанарбекова А.Б. Жалпы фитопатология «Айтұмар»баспасы, 2013. Оқу құралы



2.Карбозова Р.Д., Туленгутова К.Н. Фитопатология Алматы,2014 Оқулық

3.Попкова К.В., Шкаликов В.А., Стройков Ю.М. Общая фитопатология,

2-е изд., перераб. и доп. - М.: Дрофа, 2005.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет