Айдарбекова Гульмира Абзеловна Талас ауданы Қаратау қаласы



Дата29.03.2017
өлшемі106,09 Kb.
#12688

Айдарбекова Гульмира Абзеловна

Талас ауданы Қаратау қаласы



Ахмет Байтұрсынұлы атындағы

гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, ІІ - негізгі деңгейлі сертификатталған педагог

 Іс әрекеттегі зерттеу- тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен . [1, 4-б]. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». [2, 11-б].  Соның ішінде білім беру саласында елеулі өзгерістер орын алды.

Сынып жетекші ретінде тәжірибеге өзгеріс енгізу  3 «Ә» сыныбында іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуден басталды. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуге бағытталған бес қадамды негізге ала отырып, іс –әрекеттегі зерттеу жүргізу үшін негізгі бағыттар мен басымдылықтар анықталып, осы сыныптағы білім сапасын арттыру мақсатында  төмендегідей жоспар құрылды.

1. Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу.

2. Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері.

3. Тәжірибеге өзгерістерді енгізу.

4. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы.

5. Деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау.



Іс-әрекеттегі зерттеу  жұмысын бастау – бұл менің 3 «Ә» сыныбымның мүмкіндік деңгейін анықтау үшін тиімді әдіс. Зерттеу жүргізудің 1 қадамы - зерттеуге арналған тақырыпты таңдауға негізделді. Бұл үшін  өзім беретін және өзге пән мұғалімдері беретін ауызша сабақтар  әдебиеттік оқу, дүниетану және жазбаша сабақ орыс тілі пәндеріне сабаққа қатысып, жеке оқушылардың мүмкіндіктері бақыланды.

2 қадам зерттеуді әзірлеу, дерек жинау   үшін пән иелерімен, оқушылармен  сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамалар қорытындылары талданып, тақырып таңдауға негіз болды. Сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеудің тақырыбы: «Оқушылардың  сыни тұрғыдан ойлауын топтық жұмыс арқылы дамытуға бола ма?». Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістердің барлығы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға алып келеді. Бұл дегеніміз біз тәрбиелеген оқушылар өзіне қажетті білімді ала білуге, оны өмірде қолдана алуға және өмір бойы өз білімін жетілдіруге дайын болуы керек. Біздің қазіргі таңдағы білім беру үрдісі біржақты болып отыр. Сабақта білім беру мұғалімнен оқушыға қарай жүруде. Оқушылар дайын ақпаратты ғана қабылдауда. Сондықтан да оқушыларды өз бетімен білім алуға және оны өмірде қолдана алуға дағдыландыруымыз керек. Сындарлы оқытуға негізделген сабақтарда оқушылар өз білімдері мен ұстанымдары туралы ойланады, бір-бірін оқытады, топпен бірігіп жұмыс жасайды, белгілі бір тақырыпты оқу үстінде қөзқарастарын өзгертеді, өз болжамдарына сыни көзқараспен қарауға үйренеді. Сол арқылы өз түсініктерін тереңдетіп, кеңейтеді. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушыға тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін қамтамасыз ету болып табылады. Осылайша оқушы өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында сезініп, қабылдайды. Оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыратын әдіс тәсілдер көп болғанымен оның ішінен тиімдісін таңдап алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушының танымдық іс - әрекетін дамытып, ақыл-  ой жұмысын күшейтетін әдістердің бірі - эвристикалық әдіс. Бұл әдіс туралы  Ю.К. Бабанский тамаша пікірлер айтқан. Диалогтік оқытуды ұйымдастырғанда осы әдісті қолдануға болады. Сонда біз екіжақты тиімді әдісті іске асырамыз. Мысалы диалогті оқушылардың іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері арқылы жүзеге асырамыз. Ең көп қолданылатын әдістердің бірі - түсіндіру әдісі. Бұл әдіс  жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады. Дәстүрлі сабақтарда сабақтың бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермей қалған жағдайда жиі қолданылатын әдіс. Бұл әдістің де өзіндік ерекшеліктері бар, дегенмен бұл әдісті қолданғанда біз балаға дайын ақпаратты беріп қоюмен шектелеміз. Александер (2008) диалог түріндегі оқыту оқушыларды ынталандыруға және дамытуға зор үлес қосады деп санайды. Сондай ақ диалогтік оқыту туралы Мерсер сыныпта талдау кезінде өз сөзін дәйектеудің үш түрін атап көрсеткен. Олар: пікірталастық әңгіме, кумулятивтік әңгіме және зерттеушілік әңгіме. [МАН 98, 99,100-б]. Тағы да басқа біздерге белгілі оқытудың  кеңінен қолданылатын кітаппен жұмыс әдісі , көрнекілік әдісі деген сияқты әдістер бар.Сыныпта топтық жұмыстарды  жоғарыда айтылған әдіс – тәсілдерді  қолдану арқылы орындатсақ  оқушының өз бетімен жұмыс жасауына дағдыланатыны ақиқат. Білім үрдісі нәтижелі болу үшін оқушы сабақта өз бетімен жұмыс жасап , зерделей білуі керек. Мұғалім сыныпта осы ахуалды   қалыптастыруы тиіс. Зерттеулерге сүйенсек, оқушы дәріс арқылы білімнің тек  5%, оқу арқылы  10%, көру арқылы  20%, көрсетілім арқылы  30%, талқылау арқылы  50%, практика арқылы  70%, ал өзара оқыту арқылы   90%  меңгереді екен. [4,б-77].Таңдап алған тақырып құзырлы мұғалімнің алдына  жеке оқушының мүмкіндіктерін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттер қойып отыр. Жалпы таңдап алынған тақырыптағы зерттеу нәтижесі осы сынып оқушыларының білім сапасына оң әсер етеді деп жоспарланды.Таңдалған тақырыпқа сай, 3 қадам тәжірибеге өзгерістерді енгізу үщін орта мерзімді жоспар бойынша  тізбектелген сабақ жоспарланды.Сaбaқтap топтaмaсында әpбip жетi модулді  бip-бipiмен үйлесiм тaуып, ықпaлaдaстыpу міндет болaтын. Ең мaңыздысы осы қойылғaн мaқсaттapғa қол жеткiзуге бaғыттaлғaн нәтижеге  негiзделуi кеpек. Әpбip модулдi оқытудa ықпaлдaстыpу жолындa  құpылғaн жоспap бойыншa әp оқушы өз жұмысының нәтижесiн көpу үшiн, әp оқушыны нaзapдa ұстaу үшiн олapғa жaуaпкеpшiлiкке бaғыттaлғaн тaпсыpмaлap  беpiлу кеpек. Пажарес: «оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек»- деп сендіреді. Өйткені оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарстар мұғалімнің сыныптағы барлық іс әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасқан пікірлері анағұрлым күштірек ықпал етеді Дүниетану пәнiнiң бaсты мaқсaты -  оқушылapды сөйлету, ой-қиялын жетiлдipу, сыни пiкip қaлыптaстыpу болсa, әp сaбaқтa оқушылapды сыни ойлaуғa дaғдылaндыpу. Әр сабақтан соң,  «Мен не ұтам?» және «Оқушы не ұтады?» деген     сұрақтарды естен шығармай , әр сабақ кезінде бағалау әдістерін қолданудағы оң нәтижелер мен кездескен кедергілерді  саралай отырып,одан әрі жетілдіру үшін қайта жоспарланды.

4 – қадам іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер мен бұдан кейінгі іс - тәжірибеге жасайтын ықпалы.Әр сабақтың жетістігі мен кездескен кедергілерді талқылап, алдағы уақытта нені ескеру қажет екеніне рефлексивтік есеп жазылып, нәтижесінде оқушылардың жеке даму аймағы анықталып, тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер өзгертілді. Қорытындысында әр түрлі деңгейдегі  оқушылардың ауызша сабақтардағы белсенділіктері артты. Мысалы: М есімді (С) деңгейдегі оқушының бойынан оң өзгерістер байқадым. Пәнге деген қызығушылығын, өз ойын қате болсада еркін  айтуға тырысатынын, топтық жұмыста топ мүшелерімен біріге жұмыстанып жатқаны ерекше көзге түсті. Үй тапсырмасын үнемі орындап, тексертетін болды. Бұл өзгеріс оқушының басқа да пәндерден ашылуына көмектескенін сабаққа  ену барысында байқалды. Пән мұғалімдеріне оқушыны  формативті бағалап, әр сабақта ынталандыру мақсатында жігерлендіріп отыру қажеттілігі ескертілді.Осы әдебиет сабағынан таңдап алынған М есімді  (Б)  деңгейдегі оқушының дүниетану пәнінен, әдебиет пәнінен  де көтерілгенін  оның сабаққа белсене қатысып, «5»-тік бағаларының көбеюінен  көруге болады.  Ал Ә есімді  (А)  - деңгейдегі оқушының тақырыпқа қатысты, тақырыптан тыс қосымша ізденуінен, сабақта, сабақтан тыс уақыттарда сұрақтар қойып, сұрақтарының деңгейінен үнемі ізденіс үстінде жүргенін байқауға болады.

5 қадам деректерді талдау, қорытындылау және оқытудағы келешек өзгерістерді жоспарлау. 3«Ә» сыныбында жүргізілген іс-әрекеттегі зерттеудің нәтижесінде сабақтар топтамасында «Тұлғаны танып біл», «Білім биржасы», ББҮ, INSERT картасымен жұмыс, РАФТ,«Автор орындығы», «Тв шоу», рөлдік ойын, сәйкестендіру, электронды оқулықпен жұмыс, картамен жұмыс , хронологиямен жұмыс т.б.  әдістер сабақ бөлімдерінде ұтымды пайдаланылды. Оқушының мүмкіндіктері ескеріліп, әдіс-тәсілдер тиімді таңдалса,  оқушылардың  сыни тұрғыдан ойлауын топтық жұмыс арқылы дамытуға болатыны тәжірибе кезінде дәлелденді. Cабақтағы жұптық және топтық жұмыcтар оқушының cыни тұрғыдан ойлауының, өз-өзіне нақты баға бере алуының дамуына көмектеcеді, өз бетімен жұмыc іcтеуі мен жауапкершілігін дамытады, ынтымақтаcтыққа, өзгелермен cанаcа жұмыc іcтеуге үйретеді. Алдағы уақытта тәжірибені жетілдіріп, сыныптың білім сапасын арттыруда пән иелерімен бірлесіп жұмыстану жалғасын табады.

3 «Ә» сыныбында жүргізілген «Оқушылардың  сыни тұрғыдан ойлауын топтық жұмыс арқылы дамытуға бола ма?» тақырыбындағы іс-әрекеттегі зерттеу қорытындысында пән мұғалімдеріне жеке оқушыларға қатысты ұсыныстар айтылды.3 «Ә»сыныбындағы  іс-әрекеттегі зерттеу  нәтижесін сыныптағы ауызша сабақтардағы  білім сапасының көтерілуінен көруге болады.


Дүниетану - І тоқсан 71% ІІ тоқсан 76% ІІІ тоқсан 85%

Орыс тілі - І тоқсан 70% ІІ тоқсан 74% ІІІ тоқсан 81%

Әдебиеттік оқу І тоқсан 70% ІІ тоқсан 76% ІІІ тоқсан 82%

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

[1]   Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы , 2007ж.

[2] Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

[3]  Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының   бағдарламасы.   Назарбаев Зияткерлік мектебі, Кембридж университеті.  2013 жыл. Мұғалімге арналған нұсқаулық І1 деңгей.



[4]  Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының   бағдарламасы.   Назарбаев Зияткерлік мектебі, Кембридж университеті.  2013 жыл. Мұғалімге арналған нұсқаулық екінші негізгі деңгей.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет