Қырыққабат, қатпаршақкөк (орыс тілінде қырыққабат) (Brassіca) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады.Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. қырыққабатның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаттарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссельдік қырыққабат, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабаты, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т.б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат – қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 – 18°С. Температураның төмендеуіне (–10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары – жапырақты және брюссельдік қырыққабатлар, ыстыққа төзімділері – жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабатсы. қырыққабатның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататынвитаминдер мол. Вегетац. кезеңінің ұзақтығы бойынша қырыққабат сорттары: өте ерте пісетін (65 – 100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100 – 115 күнде, «Грибовский 147»), ертелеу пісетін (115 – 130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130 – 145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145 – 160 күнде, «Сыйлық») және кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Завадская») болып бөлінеді. Қауданды қырыққабат Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диам. 10 – 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ, пияз жәнесарымсақ қосып тұздайды. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Қырыққабат – құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр га-нан 200 – 900 ц. өнім түседі. Қырыққабат зиянкестері: қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат бітесі, т.б. жиі кездеседі; аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз.[1] Мазмұны [жасыру]
Өсімдік туралы[өңдеу]
Қырыққабат – қырыққабат (Brassica) туысына жататын екіжылдық бақша өсімдігі. Құнды дәрумендерімен, дәрілік қасиетімен және айрықша дәмімен ерекшеленетін қырыққабат Жер шарының барлық аймақтарында кездеседі. Қырыққабаттың 8 түрі ең танымал болып саналады: кәдімгі қырыққабат, савой қырыққабаты, түсті қырыққабат (цветная қырыққабат), кольраби, қытай қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, брюссель қырыққабаты және пекин қырыққабаты. Қырыққабаттың жапырақтары бір сабақтың түбінен шығып, кезектесіп орналасады. Астыңғы бөлігіндегі жапырақтары үлкен, біршама қалың, етті, жиі орналасқан, ал сабақты бойлай шыққан жапырақтарының пішіні сопақтау болып келеді. Қырыққабаттың отаны анықталмаған. Дегенмен,А. Декандольдің айтуынша, Ұлыбритания, Ирландия, Дания және Францияның солтүстік-батысында бұл өсімдіктің табиғи түрлері кездесуі мүмкін.
Қолданылуы[өңдеу]
Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді.
Аспаздық анықтама[өңдеу]