Аққауданды ққырыққабаттан жасалған котлет.[өңдеу]
Қырыққабатты жуып, тазалайды, бөліп кеседі де, өзегін алып тастап, ұсақтап турайды, сосын табаға салып, үстіне май және аздап су құнды (еттің сорпасын немесе піскен сүт), қақпағын жауып, оқтын-оқтын араластырып, дайын болғанша бұқтырып пісіреді. Дайын болған қырыққабатқа жайлап манный жармасын себе отырып, әбден араластырады, манный жармасы толық піскенше (бөрткенше) баяу жанған отта 10—15 минут қайнатады. Содан кейін сәл ғана суытыл, шикі жұмыртқа, тұз салып араластырады, қамырша илеп, сосын бөліп-бөліп, кептірілген нан ұнтағына аунатады, табадағы қыздырылған майға екі жағын аударыстыра отырып қуырады. Котлеттіқаймақ немесе сүт соуcымен қоса береді. Сондай-ақ оған ұсақтан туралып, майға сәл ғана бұқтырылған алма да қосуға болады. 1 кт қырыққабатға: 1 ас қасық сары май немесе маргарин, 0,5 стакан сүт (еттің сорпасы немесе су), 4 ас қасық манный жармасы, 1 жұмыртқа, қуыруға 3 ас қасық сары май қажет.
Қырыққабат туралы тақпақ[өңдеу]
Оранып
Көп жапыраққа,
Өсіп жатыр
Атырапта