«Айым майонез комбинаты» ұйымы Орындаған: мх-11 магистранты Фрунзеева А. Б



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі158,09 Kb.
#120200
1   2
Байланысты:
кәсіби менеджмент

Кәсіпорын міндеті

  • Май, майонез, маргарин өнімдерін таза күйде ұсыну.
  • Тұрғындарды қолжетімді өнімдермен қамтамасыз ету.

Кәсіпорын басшысы: Айым Бекназарқызы
Директор: Айназар Думанұлы
Инженер-технолог: Айдос Мұратұлы
Техникалық қауіпсіздік
инженері: Ахат Нұрхатұлы
Лаборатория жетекшісі: Арухан Бекболатқызы
Маргарин цехы басшысы: Диас Айқынұлы
Майонез цехы басшысы: Асель Дауренқызы
Есеп жүргізуші: Динара Абзалқызы
Қойма басшысы: Айжамал Мусағалиқызы

Қызметкерлер

саны

Айлығы(тг)

Маргарин және май цехы

8

90000*8

Майонез цехы

6

98000*6

Қойма жұмысшылары

2

88000*2

Лаборант

4

140000*4

Күзетші

2

85000*2

Жүргізуші

2

90000*2

Электрик, плотник, сантехник

4

100000*4

Кіші қызметкер

3

80000*3

Заңгер

1

150000

Медбике

1

96000

Хатшы

1

100000

Басшылық

9

180000*9

Барлығы

43

5 000 000

Өнім

Кіріс

(тг)

Маргарин

Күніне
1000 шт
Айына 30000шт

30000*150= 4 500 000

Сары май

Күніне 1000 шт
Айына 30000шт

30000*400=
12 000 000

Майонез

Күніне
1000 шт
Айына 30000шт

30000*300=
9 000 000

Барлығы:

25 500 000

1 айда өнімнен түсетін пайда

Шикізат

Норматив

Өсімдік майы

ГОСТ 1129
ГОСТ 7825;

Жұмыртқа ұнтағы

ГОСТ 2858.

Құрғақ сүт

ГОСТ 4495;
ГОСТ 1349.

Қант ұнтағы

ГОСТ 21.

Тұз

ГОСТ 13860

Сірке қышқылы

ГОСТ 61

Су

ГОСТ 2874

Дәм келтіргіш қоспалар

ОСТ 18-279-76;
ОСТ 18-37-71;

Өнімді дайындау үшін қажет шикізаттар:

Шығыс

(тг)

Еңбекақы

5 000 000

Коммуналдық төлемдер

400 000

Химиялық реактивтер

340 000

Шикізат

6 700 000

Барлығы:

12 440 000

Кіріс

Шығыс

Пайда(тг)

25 500 000

12 440 000

13 060 000

1 айдағы жалпы кіріс, шығыс, пайда
Стратегиялық ұзақ мерзімді жоспар (15-20жыл):
  • Өсімдік майын өндіретін цех ашу мақсатында, қажетті техникалық жабдықтарды сатып алу.
  • «Топан» компаниясымен серіктестік орнатып, шетелден сапалы құрылғылар алу.
  • Ресей Федерациясына, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне май, майонез өнімдерін экспорттау.
  • Өсімдік майын өндіруге қажетті шикізат – күнбағыс болғандықтан, шаруа-қожалықтарымен келісімшарт орнатып, шикізат көзін алу.
  • Азиядағы ең ірі май, майонез, маргарин шығаратын заводқа айналу.

Орта мерзімді жоспар ( 1-5 жыл)
  • Май өнімдерінің майлылығы әр түрлі %-да өнімдер шығару.
  • Нарыққа өнімді ұсыну үшін «Сапаны бақылау» қызметкерлерін дайындау.
  • Жаңа бет «этикетка» ойлап тауып, жарнамалық ролик түсіру.
  • Жарнамалық роликке танымал тұлғаларды түсіруге шақыру.
  • Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін, оқыту курстарын жүргізу.
  • Жұмыс орнындағы кадрлар санын арттыру.

Қысқа мерзімді жоспар ( 1 жыл)
  • Еңбек өнімділігін жоғарылату.
  • Күніне 2000 дана май, маргарин, майонез өнімдерін шығару.
  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  • Өнімнің сапасын арттыруға бағытталған сынамалық жұмыстар жүргізу.
  • Қызметкерлердің ұсыныстары мен талаптарын қанағаттандыру.

Қаржылық жоспар
Өсімдік майына кететін шығын азайып, керісінше сату арқылы пайда табу. Пайданы 70%- ға көбейту.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша
Өсімдік майын өндіретін цех ашу.
Өндірістік жоспар
Айына шығарылатын өнім санын арттыру. Күніне 1000 данадан – 2000 данаға дейін жеткізу. Жаңа цех
Маркетингтік жоспар
Көрші Ресей Федерациясына «Айым» майонез, маргарин, май өнімдерін шығару.
Кәсіпорын жұмысшыларына асхана қызметін ұйымдастыру.
Қызметкерлердің еңбекақысын 35%-ке көбейту.
Жақсы нәтиже көрсеткен жұмысшыларға сыйақы ұйымдастыру.
Персоналға арналған жоспар
Функционалдық басқарушы құрылым:
Заңгер мен хатшы, бухгалтер директорға тікелей бағынады.
Төменгі деңгей
Орта деңгей
Жоғарғы деңгей
Директор
Инженер-технолог
Маргарин цехы,
Майонез цехы басшылары
Лаборатория жетекшісі
Лаборант
Техникалық қауіпсіздік инженері
Медбике, электрик
Қойма басшысы
Жүргізуші, күзетші
Директор – кәсіпорынның мақсатын айқындап, жоспар құрады
Өнімнің сапалы өндірілуі үшін жағдай жасау.
Тиімді келісімшарттарға қол қояды.
Инженер-технолог – Маргарин, майонез, май өнімдерін өндіретін аппараттардың жұмыс өнімділігін
бақылайды.
Жұмыстағы кедергілерді жояды және жұмысты тиімді ұйымдастырады.
Техникалық қауіпсіздік инженері – кәсіпорындағы қауіпсіздік үшін жауап береді.
Құрылғылардың дұрыс жұмыс жасауын тексереді.
Лаборатория жетекшісі – май, майонез, маргарин өнімдерінің сапасы үшін жауап береді. *Лаборанттардың жұмысты дұрыс атқаруын, жеке қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
* Қызметкерлердің талаптары мен ұсыныстарын басшылыққа жеткізеді.
Басшылықтың атқаратын қызметі
Маргарин цехы басшысы – май және маргарин өнімдерінің нормаға сәйкес өндірілуін қамтамасыз етеді.
* Қызметкерлерді бақылайды, жұмыс сапасын бағалайды.
Майонез цехы басшысы – майоенез өнімдерін белгіленген мөлшерде шығуын қамтамасыз етеді.
* Цех қызметкерлерінің қажеттіліктерін қарастырады.
* Жұмыс сапасын бақылап, өнімділігіне жауап береді.
Есеп жүргізуші – кәсіпорынның кіріс-шығыс есебі, жұмысшылардың еңбекақысы, сыйақылар мен жеңілдіктер, еңбек өнімділігінін есебін жүргізеді.
Қойма басшысы – өндірілген өнімнің сақталуын қамтамасыз етеді.
Өнімнің тапсырыс берушіге жеткізілуіне дейінгі сақталу сапасына, санына жауап береді.
    • Басшысы – лаборатория жетекшісі Арухан Бекболатқызы
    • Шығарылатын өнімнің құрамын, сапасын тексерумен айналысады. Өнімнің цехтан қоймаға дейін сапалы жеткізілуіне, сыртқы көрінісіне жауап береді.

«Сапа» бөлімі
    • Басшысы – инженер-технолог Айдос Мұратұлы
    • Ай сайынғы тапсырыстарды қабылдап, алдағы уақытқа қанша өнім шығарылуы керек, қайда жөнелту керек, керекті жабдықтарды жоспарлап отырады.

«Жоспарлау» бөлімі
    • Басшысы – қойма басшысы Айжамал Мусағалиқызы
    • Өнімді дұрыс сақтауды және тапсырыс берушіге жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сақтау және тасымалдау бөлімі
Ұйымдастыру құрылымы
Жалпы ережелер
  • Кәсіпорындағы ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға негізделеді. Осы ереже қызметкерлердің мінез-құлық және іс-әрекет нормаларын анықтайтын негізгі нормативтік құжаттардың бірі болып табылады.

  • 2. Жұмыс уақытын ұйымдастыру
    Кәіпорында 5 күндік жұмыс аптасы орнатылған. Әкімшілік-басқару және техникалық персонал үшін жұмыс күнінің ұзақтығы дүйсенбіден жұмаға дейін 8 сағатты құрайды. Ауысыммен жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін 12 сағаттық жұмыс күні есептелінеді.
    3. Қызметкерлері үшін келесі жұмыс тәртібі белгіленеді:
    – жұмыстың басталуы сағат 9.00-де – ;
    – жұмыстың аяқталуы-18.00 сағ.
    – түскі үзіліс-13.00-ден 14.00-ге дейін.
    Ауысыммен жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін:
    – 1 ауысымға жұмыс уақыты сағат 9.00-ден –21.00-ге дейін ;
    түскі үзіліс-13.00-ден 14.00-ге дейін.
    – 2 ауысымға жұмыс уақыты 21.00-ден –9.00-ге дейін.
    үзіліс-01.00-ден 02.00-ге дейін.
    4. Кәсіпорын аумағына бөгде адамдар директордың немесе инженер-технологтың рұқсатынсыз кіре алмайды.
    5. Қызметкерлер жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жұмыс орнын тазалап кетуге мінддетті.
    6. Ауысыммен жасайтын қызметкерлер өзінің жұмыс уақытында болған, енгізілген өзгерістерді келесі ауысым қызметкеріне ескертіп тапсыруы керек.

Жалпы ережелер
7. Жұмыс уақытында телефон, смарт-сағат, құлаққап қолдануына тыйым салынады.
8. Кәсіпорын ішінде суретке түсуге, түсіруге болмайды.
9. Қызметкерлерді тасымалдау көлігіне кешікпей, уақытылы міну керек.
10. Жұмыс жоспарының орындалуын, жүзеге асуын бақылау.
11. Қызметкерлердің қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және еңбек гигиенасы бойынша нұсқаулықтар мен ережелердің, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік техникасының, еңбекті қорғау талаптарының талаптарын білуін және сақтауын тұрақты бақылау.
12. Қызметкерлерге жеңілдіктер мен сыйақыларды уақтылы беруді қамтамасыз ету.
13. Қызметкерлердің ұсыныстары мен сұраныстарын талқылау жұмыстары ай сайын жүргізіледі.
«Айым майонез комбинаты» ұйымы
ӨКІМ № 8
«7» наурыз 2020ж. Орал қ.
Кәсіпорында жаңа құрылғылар орнату туралы
Кәсіпорынға жаңа құрылғыларды орната отырып,
МІНДЕТТЕЙМІН:
  • Кәсіпорында барлық жұмыстар орындалып, жаңа құрылғыларды орнату. Жауапты – инженер-технолог Айдос Мұратұлы.

  • Орындалу мерзімі – 14.02.2022ж.
    2) Кәсіпорында жаңа құрылғыларды орнату жұмыстарды
    жүргізуді бақылау техникалық қауіпсіздік инженері:
    Ахат Нұрхатұлына жүктелсін
    «Айым майонез комбинаты» ұйымы
    Директоры ________________ Бекболатов А.Д.
    (қолы)
    М.О.

Маслоу
Герцберг
Маклейд
Пацесуалдық
Әділет теориясы
Куту
Қажеттіліктер арқылы ынталандыру
Сыртқы ынталандыру

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет