Ажимбетова Каламкас Байкеновна Оқу мен оқытудағы өз тәжірбиенізде енгізгендігі өзгеріс жайлы рефлексивтік есеп Еңбек жолымды дәстүрлі сабақ



бет2/3
Дата02.02.2017
өлшемі0,49 Mb.
#8507
түріСабақ
1   2   3


(Бірлесе жұмыс жасаған топтық жұмыстың нәтижесі).
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Осыны негізге ала отырып жоспар құруда оқушыларға сын тұрғысынан ойландыратын сұрақтарды қоюға дағдылана бастадым. Өйткені, оқушы ойланатындай жауап беруге үйретсек жан-жақты ойланып тіл байлығы қалыптасады екен. Оқушы ойлана, салыстыра отырып өзінің көзқарасын дәлелдеуге тырысады және ой тұжырымдары қалыптасады. Менің ойымша өзім сыни ойлай алатын болсам оқушыға да дұрыс бағыт бере алады екенмін. Ойлау арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болады. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсан, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалады. Ал, өзім істесем, үйреніп алам». Сын тұрғысынан ойлауда ең басты назар аударатын мәселе сұрақтың дұрыс қойылуы. Әр сабағымда пайдаландым десе болады. Бастапқы уақытта оқушыларға сұрақтар қойған уақытта жауаптары қысқа болып ойларын жеткізе алмады. Бірінші сабақта оқушыларға толығымен түсіндіріп өттім. Өмірмен байланыстыра отырып мысалдар келтіріп айттып өттім. Оқушылар өздерін тереңге үнілмейтіндерін айттып ойлануға бел буды.

«Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады. Метатануға танымдық үдерістеді білу, түсіну және реттеу немесе танымдық үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді қолдану, соның ішінде қатесін танып-білу және ойлауды бақылау деген анықтама беруге болады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық – 41 бет). Осы кезде Флейвеллдің пікірімен келісуге болады.

Жалпы алғанда негізінен сын тұрғысынан ойлаудағы ашық сұрақтарды пайдалануда өзім бастапқы уақытта көп ойландым, әр сабаққа ойлана дайындала келе өзім де дағдылана бастадым. Ең негізгі өзім ойымша сұрақты ойлағанда өмірмен байланыстыра бастасам шешімі тез шығады екен.

Кейінгі сабақтарда оқушылар сын тұрғысынан ойландыратын ашық сұрақтарды қойғанда жоғарыда айттып өткендей жауап бере алды. Бұл мен үшін жақсы нәтиже болды. Үшінші сабақта оқушыларға «Көшпенділердің ат әбзелдері мен киімдерінің қазіргі таңда тарихи маңызы қандай?» деген сұрақ қойдым. Оқушылар көптеген дәлелдемелер келтірді. Оқушылардың айтуы бойынша ат әбзелдері мен ұлттық киімдер көптеген шетел мұрайжайларында көрініс табуда әсіресе көптеген ғалымдардың ат әбзелдерінің жасалу жолы мен қолданған материалдары жайлы қызығушылық тудырады. Мұндағы көрініс «Алтын адам» ескерткішін айтуға болады. Сонда біздің ата-бабамыз сонау сақ дәуірінен бастап алтынды қорыта және қолдана білген. Ұлттық киімдерінде жәбек матаны қолданып алтын жіппен әсемдей білгендігі жөнінде көптеген ойлар айтты. Сонымен қатар сын тұрғысынан ойландыратын ашық сұрақтарды біз сабақта топқа бірігуде және топ ішінде диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауда жүргізіп отырдық және оқушылар ой бөлісу арқылы түртіп алу әдісін қолданды. Оқушылар «Көшпелілердің материалдық мәдениеті» деген тақырыпта топқа оқушыларды ойландыру үшін жалпы қазіргі таңда көшпенділердің материалдық мәдениеті көрініс табуда ма? деген сұрақ қою арқылы оқушылар ламинат парақтарына 5 аргумент келтірк керек болды. Топта оқушылар пікір алысып, ойларын бір-біріне айтып, талқылап жұмыстарын қорғады.


(Оқушылардың келтірген аргументтері).

Барлық топтар бұл жерде Александрдың айтуы бойынша білімді игерудің бес үлгісін көрсетті:


Каталог: uploads -> doc -> 1092
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1092 -> Сабақ: №30 Пәні: Биология Сабақтың тақырыбы
1092 -> Сабақтың тақырыбы: Спорт-өмір көркі. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Модуль бойынша алған білімдеріне
1092 -> Сабақтың тақырыбы: Элементар бөлшектер. Ғарыштық сәулелер. Ядролық күштер. Сабақтың мақсаты
1092 -> Геоэкология үйірмесінің жұмыс жоспары
1092 -> Маңғыстау облысы. Мұнайлы ауданы. №3 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бегенішева Фархад Бесінбайқызы Әдебиеттік оқу. 3 сынып Тақырыбы: Әбу Сәрсенбаев “Халыққа жеткіз күйімді”


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет