Айымжан орта мектебінің физика пәні мұғалімі Хабаева Г. С. Тақырып: Ньютон заңдарынан біз нені білеміз? Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет4/4
Дата16.10.2023
өлшемі72,16 Kb.
#185866
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Ньютон заңдары Хабаева Г

«Инерция» – «Асан»
Қармаққа ілінген шортан балық оның бір ұшын 25 Н күшпен тартса, Асан оны судан шығарып алу үшін қармақты қандай күшпен тарту керек?
5-тапсырма: «Минхаузен хикаяларынан» үзінді оқып, сонда жіберілген қателікті тапқызу (әр топқа тексті берем, топ мүшелері ақылдаса отырып, ондағы Ньютон заңына қайшы қателікті тауып, түсіндіріп беруі керек).
«Импульс» – «Дәл тиген оқ».
Менің күткенімдей болды. Өзім белгілеген нүктеге келіп біздің де, жаудың да оғы ғаламат диюдың күшімен соқтығысқанда, жаудың оғы зымырап кейін қарай ұшты.Әлгі оқ испан зеңбірекшісінің, оған қоса он алты сарбазының басын жайратып тастады.Ал біздің оғымыз да оларға оңай олжа болған жоқ: екі жүз матросы бар әскери кемеге тиіп, түп-түгел суға батырып жіберіпті.
(соқтығысқаннан кейін екі оқ екі жаққа ұшуға тиіс)
«Инерция» – «Төбе шаш».
Тегінде теңдесі жоқ күшті адаммын ғой. Төбе шашымнан мықтап ұстап алып, бар күшіммен жоғары қарай тартып қалып едім, өзімді де, атымды да оп-оңай аман-есен алып шықтым: екі аяғыммен атымды қысқашпен қысқандай қысып алған екенмін, жақсы болды. Сөйтіп өзімді де, атымды да ажалдан құтқар-дым. Мұны бір оңай шаруа деп ойласаңыз, осыны өзінің істен көріңіз. (басынан төмен және иығынан жоғары бағытталған күш бір-біріне тең)
Қорытынды.
Импульс – «Аш бала тоқ баламен ойнамайды».
Инерция – «Тоқ бала аш болам деп ойламайды».
Әр топқа аш және тоқ деген сөздерге синонимдес сөзді тапқызу.
Импульс Инерция
Арық Толық
Жіңішке m1 Семіз m2
Жеңіл Ауыр
Шапшаң Шабан
Жылдам а1 Баяу а2
Тез Ақырын



a1/a2 = m2/m1





F1=-F2

F=m*a

Сонымен, балалар, біздің айналамызда болып жатқан алуан түрлі қозғалыстар: мысалға желдің есуі, жолмен жүйткіген автомобильдер, теңізде жүзген кемелер, ауада ұшқан ұшақтар, аспандағы жұлдыздар, алып планеталар... осылардың бәрі Ньютон заңдарына бағынады. Күш және дене әрқилы болуы мүмкін, бірақ барлық күштер және барлық денелер үшін Ньютон заңдары ортақ, мұның өзі табиғаттың біртұтастығының дәлелі. Ньютон заңдарының қарапайым ғана екі формуламен осыншама күрделі қозғалысты түсіндіруі де оның құдіреттілігінде.


Екі топтың тиісті бағаларын айтып, келесі сабақта «Қозғалыс заңдары» – тарауы бойынша бақылау жұмысы болатынын хабарлау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет