86
«Телетайп»
Қатысушылар бір-бірінің қолынан ұстап шеңберде тұрады. Бір қатысушы
адресін айтып телеграмма жібереді. Телеграмма айтылған адамның адресіне
байқатпай қол қысу арқылы жіберіледі. Ортада тұрған жүргізушінің
міндеті -
белгі арқылы кетіп бара жатқан телеграмма кімнің қолында екенін табу. Ұсталып
қалған ойыншы ортаға тұрады.
«Терминдер конверті»
Ортаға өз қалауларымен 10 оқушы шығады. Мұғалімнің қолындағы
10 конвертті алып, әрқайсысы ішіндегі 10 терминді сыныптастарына түсіндіру
керек. Терминнің өзін айтпайды. Тек сол жайлы айтады.
Сыныптастар қандай
термин екенін табу керек. Бұл емтиханға дайындыққа жақсы көмектеседі.
«Топтық кері байланыс»
Сыныптастардың жұмысын бағалауға қатысты топтық кері байланыс
мұғалімге оқудағы қажеттіліктерді қарапайым түрде анықтауға көмектесе алады.
Егер топ
кері байланыс ұсынатын болса, бұл мәселеге назар аудартып,
жүйелендірілген, талқыланған тапсырмаларға қатысты ақпарат береді (сонда
мұғалім қайталауға арналған жаттығуларды азырақ бере алады).
«Төрт сөйлем»
Бұл тәсіл арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді:
Пікір.
Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар
немесе жазыңдар.
Дәлел.
Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
Мысал.
Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды.
Аңыз мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: