2-дәріс Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Құрмалас сөйлем



Дата21.05.2022
өлшемі14,3 Kb.
#144270
түріСабақ
Байланысты:
2-дәріс
Презентация (2), Презентация (2), Лекция 1., маншук маметова орыс тілі, 1 1 English 7.1A Hobbies and Leisure Short term plan 7 mmmm, 3-дәріс

2-дәріс


Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. 
Құрмалас сөйлемнің белгілері: кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті; жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі; негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.
Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді. 


1-тапсырма. Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген. Келесі бөлігін тауып жазамыз.Сөйлем мүшесіне талдайды.
1.Ол бүгін ерте келіп, ............ .
2. Лезде аспанды бұлт торлап, ...... .
3. Жаз ыстық болса, ......... .

2-тапсырма. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемге айналдырып жазады. Сөз құрамына талдайды. 
1.Қыс түсті.Өзен суы қатты. 2. Қарлыға аялдамаға келді.Меруерт күтіп тұр екен. 3.Күн батты.Аспанда жұлдыздар шықты. 

3-тапсырма. Сөйлемдерді және, да/де, та/те шылаулары арқылы салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз.
1. Күн жылынды. Қар еріді. 2. Аспанды қара бұлт басты. Жаңбыр қатты жауды. 3. Болат жолдасына сұрақ қойып жатыр. Жолдасы жауап беріп жатыр. 4. Мен үйге келдім. Менің шешем шай дайындады.

 4-тапсырма. Екі жай сөйлемнен «бірақ», «сонда да», «дегенмен», «алайда» жалғаулық шылауларды пайдаланып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құраңыз. 

1.Ән басылды. Домбыра сазы тоқталған жоқ. 2. Қар еріді. Жер көгере қоймады. 3. Автобус сағат бесте келді. Адамдардың бәрі осы кезде дайын емес еді. 4. Үйден шыққанымызға жарты сағат болды. Баратын жеріміз әлі алыс болып көрінді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет