Қайырбаев Аманбек, mrd-20



Дата15.12.2021
өлшемі18,9 Kb.
#101135
Байланысты:
Эссе


Қайырбаев Аманбек, MRD-20. Эссе «Арнайы экономикалық аймақтарды (АЭА) таңдау критерийлері нақты аумақтардағы экономикалық өмірді ұйымдастырудың ерекше түрі ретінде»

Маңғыстау облысы 1973 жылы құрылды. Облыс Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, солтүстікте – Атырау және Ақтөбе облыстарымен, батыста – теңіз бойымен Ресей Федерациясымен, Әзербайжанмен және Иранмен, оңтүстікте – Түркіменстанмен, шығыста – Өзбекстанмен шектеседі. Маңғыстау облысы елімізде өнеркәсіптік өндірістің үлесі бойынша 3 орында тұр (10,2%), өнеркәсібі негізінде кен өндіру өнеркәсібінен тұрады (өнеркәсіптік өндірісінің жалпы өңірлік көлеміндегі үлесі – 90,0%, ұлттық көлемінде – 17,6%). Қазақстан мұнайларының 25 % дәл осы жерде табылады. Облыс аумағында 59% мұнай, жаңа кенорындары және газ барланған. Облыс бойынша мұнайдың зерттелген көлемі 3 млрд. тоннадан аса құрайды.

Облыс – Каспий өңірінің мультиұлттық жүйесіне кіретін, Қазақстан Республикасының шекаралық облысы ретінде халықаралық маңызы бар қуатты транзит, көлік-логистика және инфрақұрылым-сервистік әлеуетіне ие.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №853 Жарлығына сәйкес Маңғыстау облысында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы құрылған. Ол аумақта 6 субаймақтан тұрады. Жалпы аланы 2000 гектарға дейін құрайды. Қатысушы инвесторлеріне АЭА-дағы жер 2028 жылға дейін беріледі.

Жалпы АЭА бойынша жалпылама статистикалық мәліметтер: қатысушылар - 35, инвестициялар - 152,2 млрд. тг., өндіріс - 370,2 млрд. тг., жұмыс орындарының саны – 1873 бірлік құрайды.

«Ақтау теңіз порты» АЭА жаңа өндірістерді орналастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған: еркін жер учаскесі, инфрақұрылым, шетелдік жұмыс күшін тартудың оңайлатылған рәсімі, салықтар мен кедендік баждар бойынша преференциялар мен жеңілдіктер (мүлік салығы 0%, жер салығы 0%, импортталатын жабдықтарға ҚҚС 0%, КТС 0%).

АЭА инфрақұрылым нысандарын дамытуға 7,8 млрд теңге бюджеттік инвестиция салынған. Салынған бюджеттік инвестициялардың 1 теңгесіне 15,3 теңге жеке инвестициялар тартылды, сондай-ақ 3,9 теңге салық аударымдары төленді. Мұның бәрі шығындардың өтелімділігі мен АЭА қызметінің экономикалық тиімділігі туралы куәландырады.

Салынған инвестициялардың жалпы көлемі 119,3 млрд теңге құрайды, оның ішінде шетелдік инвестициялар көлемі – 97,1 млрд теңге. АЭА аумағында тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемі 343 млрд, салық төлемдері – 31,3 млрд құрады. Қазіргі таңда Маңғыстау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жаңғыртылуына қомақты үлес қосып отырған Қазақстанның жетекші тірек өңірлерінің бірі болып табылады. Өңір өзінің тиімді географиялық орналасуына байланысты Еуропа мен Азия арасындағы халықаралық маңызы бар қуатты транзиттік және көлік-логистикалық әлеуетке ие. Қолайлы географиялық жағдай, макроэкономикалық, әлеуметтік және саяси тұрақтылық Қазақстанда өңірдегі ең тартымды инвестициялық ахуалдың бірі болып қалыптасқан.

Инвесторлар тарапынан үлкен қызығушылық тудыратын экономиканың негізгі салалары – мұнай сервисі, көлік логистикасы, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, жаңартылатын энергетика.

Осы бағытта облыс әкімшілігі 2019 жылы әлемнің 10-нан астам елінің әлеуетті инвесторларымен кездесу өткізген. Атап айтсақ: энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, қалалық инфрақұрылым және т. б. экономика салаларында жобаларды іске асыруға мүдделі Ұлыбритания, Қытай, Германия, БАӘ, Швейцария, Италия, Франция, Түркіменстан, Ресей және т. б. Елдердін инвесторлары.

Соңғы төрт жылда инвестициялар көлемінің 37,1% пайызға - 2016 жылғы 405,6 млрд теңгеден 2019 жылы 556,2 млрд теңгеге дейін өскен. Инвестициялар көлемінің өсуі тау-кен өндіру, өңдеу, сервистік сектордың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары, сол сияқты паромдық кешеннің, "Aktau Tourism Resort Hotel", "MangystauOilRefining" ЖШС және басқалардың ірі жобаларын іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі.

2019 жылы бойынша салынған инвестициялар көлемі 556,2 млрд теңге құрады, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 7,0%-ға артқан. Республиканың жалпы көлемінде өңірдің үлесі 4,4%ды құрады (ҚР -12,5 трлн теңге).

Пайдалану бағыттары бойынша өнеркәсіптік инвестициялар басымы негізгі капиталға – 353,4 млрд теңге құрады, одан әрі жылжымайтын мүлікпен операциялар – 96,3 млрд теңге, көлік және қоймалау – 56,2 млрд теңге, өнер, ойын – сауық – 16,3 млрд теңге, құрылыс - 3,6 млрд теңге. Басқа салаларға инвестиция 30,5 млрд теңге құрады.

Өнеркәсіптің негізгі капиталына салынған инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 84,2% тау-кен өнеркәсібі құрайды - 297,6 млрд теңге (2018 жылмен салыстырғанда 21,5% - ға өсу); 6,9% электр жабдықтаулар құрайды – 24,6 млрд теңге (өсім 24,8%); 5,3% өңдеу өнеркәсібі – 18,8 млрд теңге (өсім 2,1 есе); 3,5% – ын сумен жабдықтау құрайды - 12,4 млрд теңге (2,8 есе өскен).



Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі жан басына шаққанда 808,9 мың теңге құрады. Мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда, шикізаттық емес сектордың негізгі капиталына инвестициялар көлемі 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 214,8 млрд теңгені құрады.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының инвестициялық потенциалы өте үлкен. Арнайы экономикалық аумақтын қосқан үлесі зор. Менің ойымша осы бағытта жұмыстарды жалғастыруы қажет. Экономикалық диверсификацияландыру мақсатында, логисттік потенциалын әрі қарай арттыру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет