«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатын талдау I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет1/7
Дата07.02.2022
өлшемі28,57 Kb.
#93144
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары


«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатын талдау
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатын талдау
2.«Толық адам» консепциясы
3.Қайырымды қаланың ерекшеліктері
4.«Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» трактаты
5.Қайырымды қала және азаматтық саясат ұғымдарына анықтама беру
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе

Ұлы ойшыл, әлемнің Екінші ұстазы Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фарабидің еңбектерiнде орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билiк пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң басқа варианттарын (нұсқаларын) ұсынды. Саяси мәселелердi қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгi грек философиясына, әсiресе Платон, Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi. Олардың көпшiлiгi үшiн өздерi «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет iстерi туралы ғылым болып саналды. Мұндай қалалар ретiнде олар бiрге тұрған, мақсаттары бiр, бiр басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейiнгi адамдар қауымдастығын түсiндi. Грек дәстүрлерiн мұсылманның саяси өмiрiмен байланыстыру араб-мұсылман философиясының барлық тармағында өз белгiсiн қалдырды.
Араб философиясының атасы атанған әл-Фараби өзінің саяси философиялық теориясында қайырымды басқаруды сақтау мен оны ұйымдастырудың тәсiлдерiн, қала тұрғындарына қайырымдылық пен игiлiктiң қалай келетiндiгiн және бұл нәтижеге қандай жолмен жетуге болатындығын оқытып үйретедi деп атап көрсеттi. Өзiнiң көзқарастарын ол «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөздерi» және «Азаматтық саясат» трактаттарында кеңiрек баяндайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет