Мақсаты: Дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани дәрежесіне тән иманды, ибалы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, бойында игі қасиеттері мол қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу. Халықтың тілін, салт-дәстүрін оқушының бойына сіңіру. Оқушыларды елжандылыққа, достыққа, қайырымдылыққа баулу.
Түрі:Дәстүрлі емес.
Нақыл сөздер: «Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» /И.Песталоций/. «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек.»/Әл-Фараби/.
Әдісі:Топтастыру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: Нақыл, даналық сөздер, плакат, суреттер т.б.
Өту барысы.
1-жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Адам қоғамда адамдар арасында өмір сүреді. Басқалар сенімен қарым-қатынас жасауы үшін олар сенің бар қасиетіңді танып білуі тиіс. Сыртқы келбет пен жүріс-тұрысын адамдармен ұдайы сәлемдесіп, кішіпейілдік, қайырымдылық көрсетуінен әдептілігін көруге болады.
Әдептілік – қоғамға, қоршаған ортаға, яғни өмір сүріп жатырған жерімізге сай қалыптасқан тәрбиесі. Әдептілік ол қайырымдылықтың белгісі.
Әдептілік – ар-ұят
Адамдықтың белгісі
Тұрпайы мінез тағы жат
Надандықтың белгісі.
2-жүргізуші:Қазақта «Жақсыдан – шарапат, жаманнан - кесапат» деген мақал бар. Мұндағы «Шарапат» сөзі қайырым, мейірім деген мағынаны білдіреді. Шарапатты іс жасау кез-келген адамның қолынан келеді, бірақ оны тек адамгершілігі жоғары, рухани әлемі бай, жан дүниесі таза адамдар ғана жасайды. Ол басқаның жағдайын өз қамындай шынайы, жүрегімен қабылдап, қандай қиын болса да, амалын табуға тырысады, не сөзімен, не ісімен жәрдем береді, шарапатын тигізеді. Шарапатты адам – Абай армандаған кемел адам:
Өзек қуа ағады,
Өзен судың саласы
Алыстан сәлем береді
Әдепті елдің баласы.