Қайырымдылық – адамгершілік белгісі. Мақсаты



бет2/3
Дата13.02.2023
өлшемі42,5 Kb.
#168482
1   2   3
Байланысты:
Тәрбие сағаты Қайырымдылық-адамгершілік белгісі

1-жүргізуші: «Сөздің көркі мақал» деп қазақ атамыз босқа айтпаса керек. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізіп отырған. Енді қаншалықты білімді екендеріңізді мақал-мәтел айтудан байқап көрелік.


2-жүргізуші: Аулақ жүріп жаман қылық әдеттен,
Үйреніңіз жақсы мінез ідеппен.

Бұл ойынның шарты, оқушылар, мақалдың бірінші бөлімін мен айтамын, ал келесі бөлімін сіздер айтуларыңыз керек.



  1. Әдепті бала – арлы бала.......................

(Әдепсіз бала – сорлы бала).

  1. Дос жылатып айтады.............................

(Дұшпан күлдіріп айтады).

  1. Сыйлай білсең кәріні...............................

(Жарылқаймын бәріңді).

  1. Аға әдепті болса, іні әдепті,....................

(Апа әдепті болса, сіңлі әдепті).

  1. Ардагер аға алдында тұрсын,...................

(Әдепті іні ортасында тұрсын).

  1. Балапан ұяда не көрсе,.............................

(Ұшқанда соны іледі).
1-жүргізуші: «Адамгершілік тәрбиесінің міндеті оқушыны қайырымдылыққа тәрбиелеу» деген. (И.Песталоций).
Яғни қазақ халқы қашанда жоғары бағалаған қасиетінің бірі – адамгершілік. Адамгершілігі бар адамды барлық жерде сыйлаған, дәріптеген, қасиеттеген және үлгі тұтқан. «Адамгершілік – асыл қасиет», «Адамның ұяты бетінде, адамгершілік ниетінде» деп сол сияқты нақылдар халқымыздың адамгершілікті қаншалықты қастерлегендігін айқын байқатады.
Қайырымдылық – жетімдерге, мүгедектерге, қарт кісілерге рухани және материалдық көмек көрсету (Жылы сөзбен қолдау, шаруашылық жұмыстарға көмек көрсету, жұмыс ұсыну және т.б.).
Адамгершілік қоғамның өмір заңдылығына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге негіз болатын белгілі бір ізгілік ұстанымдарын моральдық ұғыну. Адамгершілік адамның адамды құрметтеуінен, оған сенуінен, басқаның мүддесі үшін өзін құрбан етуінен, шыншыл болу әрекеттерінен байқалады.


2-жүргізуші: Адамдық асыл қасиеттерге әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, әділдік, өзара көмек, достық, үлкенді сыйлау, кісілік жатады. Ал енді, оқушылар, мен сіздерге қағазға жазылған сұрақ берейін, соның жауабын мына бөлшектенген қағаздың ішінен шығарасыңдар.



  1. Адамдар бірін-бірі көргенде қандай сөз айтады?/сәлемдесу/

  2. Бала бойындағы жақсы қасиеттердің бірі?/әдепті/

  3. Жақсы оқитын, көп білетін оқушыны қандай оқушы дейді?/білімді/

  4. Отбасында ата-аналар, мектепте ұстаздар баланы неге баулиды?/тәрбие/

  5. «Өкпелемеңіз» сөзіне мағыналас сөз?/ренжімеңіз/

  6. Қазақ халқында қыз балаларды қандай мінезді болуға тәрбиелеген?/инабатты/

  7. Қиын жағдайда досыңа не істеуің керек?/көмектесу/

  8. Әрбір бала көп нәрсені үйренгісі келіп тұрады, ондай балаларды қандай балалар дейміз?/талапты/





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет