Қайырлы күн, апай! Тобы: бб-п-16 Студент: Серік Нұрай тапсырма: Өздеріңіздің курстық жұмыстарыңыздың тақырыбын ғылыми аппартқа салыңыз


I КІРІСПЕ Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет2/5
Дата13.05.2020
өлшемі71,5 Kb.
#67993
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ғпз 12.05

I КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.

Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: « ... жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,- деп атап көрсеткен. [10]. Біздер ұстаздар осы заң бойынша жаңа технологияларға көп көңіл бөлуіміз керек.

Еліміз болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы проблема- әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының « Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасында: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты» екендігі айқындалған. [2].

Осы орайда, тұңғыш президентіміз Н.Ә Назарбаевтің: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» [1] деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.

Тіл дамыту жұмысын мектептерде белгілі бір жүйемен жүргізу қажеттілігіне, балалардың ойын ауызша, жазбаша білдіруге үйретудің маңыздылығына ағарту ісінің көптеген қайраткерлері ( Ф.И. Буслаев, К,Д, Ушинский, Н.А. Корф, В.И. Водовозов және т.б. ) аса мән берген.

Тіл дамыту жұмысының теориялық және практикалық мәселерін атақты әдіскерлер ( К.Б. Бархин, Н.М. Соколов, М.А. Рыбникова, Е.И. Тихеев және т.б. ) өз зерттеу еңбектерінің арқауы етті.

Тіл дамыту проблемасы белгілі психологтар ( П.П. Блонский, С.А. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, Н.И. Жинкин және т.б. ) еңбектерінде қарастырылды.

Бүгінгі мектеп алдындағы басты міндет – әдебиеттік оқу сабағында сын тұрғысынан ойлау жобасын басшылыққа ала отыра, оқушылардың тілін дамытуға жағдай жасау. Оқу-тәрбие жұмыстары мазмұнының біршама өзгергенін есептемегеннің өзінде, жаңа технологиялар арқылы тіл дамыту әдістемесін арнайы зерттеу мақсаты алға қойылмаған. Сондықтан бастауыш мектеп оқыту жүйесінде мынандай қайшылықтар бар екендігі анық байқалады:

- Қазақстан Республикасының жаңадан қабылданған «Бастауыш білім беру тұжырымдамасына» сәйкес бастауыш сыныптарда меңгерілетін білім, білік, дағдылардың деңгейіне қойылатын мемлекеттік стандарт талабы мен бұрынғы оқу бағдарламаларының арасында;

- әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың тілін дамыту жұмыстарын тиімді әдістемемен қамтамасыз ету қажеттігі мен оның іс жүзілік тұрғыда жасалмауы арасында;

- оқушылардың тілін дамытуда сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданудың тиімділігі және ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген төл тіліміздегі әдістемелердің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр.

Сол себептен, қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми – зерттеу жұмысымыздың мәселесі әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік және теориялық жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде қарастырылмауы зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: « Әдебиеттік оқу сабағында сын тұрғысынан ойлауын дамыту жолдары» деп таңдауымызға себеп болды. Осы қайшылақтардың шешімін табуда мынандай мақсат пен міндеттерді айқындадық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет