Қайырлы күн, құрметті білім алушы! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Жалпы мәліметтер
Модуль /пән атауы: Құқық негіздері және еңбекті қорғау
Дайындаған оқытушы: Қарабалаева Күлпан Темірбекқызы
Уақыты: 9 қазан, 2020 ж.
Курсы: ІҮ оқу жылы2020-2021 ж.ж. топ: ББ-Б-17
Сабақ типі: Аралас
Мақсаты, міндеттері
Білімділік: Әкімшілік сыбайлас жемқорлық ұғымы мазмұнын терең ашып көрсету. Құқықтық көзқарастарын қалыптастыру, олардың құқықтық мәдениеттілігін, құқыққа қатынасын ұғындырып демократиялық түрде ойлап өмір сүруге үйрету. Әкімшілік жазалардың түрлері, әкімшілік сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: Заңдық сауатты адам ретінде заңды үнемі орындап, заңға мойынұсынушылық білдіруге, сақтауға және заңға қайшы іс- әрекет жасамауға тәрбиелеу. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік принципін ұстануды қалыптастыру.
Дамытушылық: Құқықтың аталмыш саласының мәніне тоқтала отырып, оқушылырдың өзіндік ойлауын қалыптастыру, жаңа түсініктер, жаңа терминдер ұғымын талдауға үйрету, әкімшілік құқықтың жүйесімен таныстыру. Ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуға қызығушылығын ояту, сабақта қолданылған оқыту әдістерімен оқушылар жұмысын ұйымдастыру формаларын өздерінің болашақ кәсіби қызметтерінде пайдалануға ынтасын тудыру; болашақ маман ретінде өзін -өзі және бір-бірін бағалау арқылы бағалау талаптарын меңгерту.