Тапсырмалар Бездер, олардың түрлері туралы түсінік
Без, биологияда – адам мен жануарлар организмінде арнаулы заттар – секреттер бөліп шығаратын органдар. Без өзінің атқаратын қызметіне қарай: сыртқы секреция бездері және ішкі секреция бездері болып бөлінеді.
Сыртқы секреция бездері деп – сөл бөліп шығаратын өзектері бар, сондықтан өнімдерін қуыс мүшелерге құяды немесе тікелей сыртқа шығаратын бездерді айтады. Оларға :сілекей, қарын, май, тері, сүт бездері, ішек, бауыр, бүйрек жатады.