Айырша (тимус) без гормондары



бет3/3
Дата12.12.2023
өлшемі0,83 Mb.
#196645
1   2   3
Байланысты:
Айырша (тимус) без гормондары
Документ Microsoft Office Word, isk o vzis zadol, Кураков Н.А, Дипл БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, Документ Microsoft Word (6), 4-апта, БИСЕНГАЗИЕВА БОХОРОВА, 11, Білім беру бағдарламасы
Лангерганс аралшаларының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру - қантты диабет. Бұл аурумен ауырған ңауқастың шөлі қанбайды, несебінің құрамында қант пайда болады, ал ауырмаған қалыпты жағдайда несептің қүрамында қант болмайды. Науқастың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мг/% дейін көбейіп, тәулігіне несеп арқылы 100-150 г глюкоза денеден шайылады. Мұнымен қатар майдың алмасуы бүзылып, қанның қүрамында холестерин мен кетондар көбейеді. Тіпті көпшілік науқастардың шығарған демінде ацетонның иісі сезіледі. Қан айналысының бұзылуына байланысты мұндай науқастарда тері аурулары, қызыл иек ауруы жиі кездеседі, гангрена оңай дамиды.
Қант диабетінің алдын алу
Қант диабетінің алдын алудың кейбір шаралары:
• дұрыс тамақтану. Тағамға қолданылатын жасанды қоспалардың мөлшерін бақылау, майға, көмірсуларға бай консервіленген азық-түлікті тұтынуды азайту қажет. А үлесі әр түрлі, үйлесімді болуы, сонымен қатар жемістер мен көкөністерді қамтуы керек.
• қант диабетінің даму себептерінің бірі болып табылатын жұқпалы және вирустық аурулардың алдын алу. • алкоголь мен темекіден бас тарту. Бұл өнімдердің әр ағзаға өте зиянды екендігі белгілі, алкогольдік ішімдіктерді тұтынудан, сондай-ақ темекі шегуден бас тарту арқылы қант диабетімен ауыру қаупін едәуір төмендетуге болады.
Әрі қарай, күнделікті дене белсенділігін күн тәртібіне енгізу керек. Қант диабетінің алдын-алу үшін күн сайын кем дегенде жарты сағат дене шынықтырумен айналысқан жағдайда ғана тиімді болады. Дене белсенділігі зат алмасу процестеріне пайдалы әсер етеді, соның арқасында майлардың ыдырауы күшейеді, қанның май құрамы жақсарады, дене салмағы айтарлықтай төмендейді.
Қант диабетінің алдын алу үшін дәрігерлер үнемі 30 минут немесе одан да көп жаяу жүруге, велосипед тебуге, бимен, жүзумен, футбол және басқа спорт түрлерімен айналысуға кеңес береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет