ОӘЖ 54.076.6
Жулдикараева А.Р. – магистрант
Орталық Азия Инновациялық университеті, Шымкент қаласы. Қазақстан
ХИМИЯ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
АННОТАЦИЯ
В этой научной статье рассмотрены методика применения элементов игры в системе химического образования
Ключевые слова: игровые элементы, химические игры, дидактические игры, познавательные игры, деловые игры
ABSTRACT
This scientific article discusses the method of using elements of the game in the system of chemical education
Keywords: game elements, chemical games, didactic games, educational games, business games
Химия сабағында ойын элементтерін пайдалану оқушылардың тапқырлығын, дүниетаным шеңберінің көлемділігін т.б. толып жатқан қасиеттерін дамытуға көмектеседі, білім тиянақталады. Оқушылар сабаққа әр түрлі дайындықпен келеді. Олардың кейбіреуі ғана химияны өзінің болашақ мамандығы ретінде таңдап, оны оқып үйренуге ынталы екендігін білдірсе, қалғандары сол пәннің жете қажеттілігін мойындамайды, оның үстіне мұндай оқушыларға химиядан мектеп бітіру емтиханын тапсыру рұқсат етіледі. Сондықтан химиялық ойындарды жекелеп емес, оқушыларды түгел қатысатындай етіп жүргізу қызық болады.
Химиялық ойындар екі – екіден немесе оданда көп енгізілсе, соғұрлым қызықты болып, жаппай сипат алады. Ол ойынның түріне қарай топталады. Ұжымда ойнаушылар кейбір уақытта бір - біріне «қарсы» екі топқа бөлінеді, бұл топтар бірін бірі жеңуді мақсат етіп, ойынның қызықтылығын арттырады. Химиялық ойындар үшке бөлінеді: дидактикалық, танымдық және іскерлік ойындар.
1. Дидактикалық ойындар. Химиядан дидактикалық ойындарды қолдану оқушының ой-өрісін дамытуға көмектеседі. Жаңашыл ұстаздар сабақ арқылы оқушыға емес, оқушы жүрегі арқылы сабаққа ұмтылыс тудыруды ұсынады.
Оқытылатын жүйені, құбылыстар мен үрдістерді ұқсатып (имитациялық) модельдеу бойынша белсенді оқытуда дидактикалық ойындарыдң болашақта оқушының кәсіби мамандығын таңдау таңдауына да септігі мол екенін атауға болады. Химия сабақтарында оқушыларды пәнге қызықтыру үшін дидактикалық ойындарды қолдануда оларды жіктеудің қажеттілігі туындайды.
2. Танымдық ойындар. Дұрыс ұйымдастырылған химиялық мәні бар танымдық ойындар – химиялық білімді оқушыларға саналылықпен жеткізудің бір түрі, бірақ толық зерттеліп шешілмеген педагогикалық әдебиеттерде әлі де болса өзіне тән орын таппай келе жатқан мәселелердің бірі. Химиялық танымдық ойындар сабақта және сыныптан тыс көпшілік оқушылар қатысатын жұмыстардың бір түрі. Химиялық танымдық ойындарды ойнау үшін ерекше жағдай керек емес, оларды химия кабинетінде, таза ауада, спорт залында өткізуге болады. Қыры мен сыры моль химия пәнін енді бастап келе жатқан 8–сынып оқушыларын танымдық ойындар төзімділікке, іздемпаздыққа, іскерлікке баулып, дүниетаным өзгерісін кеңейтеді, көп білуді талап етіп, қызығушылығын арттырады. Химиялық танымдық ойындардың бірнеше түрі бар, оларға: тірексөз, өрмесөз, шарадалар, анаграмма, пиктограмма–анаграмма, химиялық дойбы, химиялық лото, химиялық билеттер, суретсөздер, «ойлан тап» жұмбақ ойындары т.б. жатады. Ол жұмыс тек сыныптан тыс уақыттарда жүзеге асады. Бұл ойындар химия кештерінің алдында, кеш кезінде, оқушылар конференциясының соңында, демалыс сағаттарында пайдаланады [1].
3. Іскерлік ойындар. Химия сабақтарында шығармашылық ойындар типіндегі іскерлік ойындарын ұйымдастырудың маңызы ерекше болады. XX ғасырдың 60 жылдарының басында көптеген елдердің білім беру ұйымдарында іскерлік ойындар қолданыла бастады. Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі. Олар оқушыға қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады.Іскерлік ойындар арқылы бала түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, отбасылық, қоғамдық қатынастарға енуге әзірленеді. Іскерлік ойындармен өткізілген сабақ оқушыларды ұйымдасып жұмыс істеуге жұмылдырып, белсенділіктерін арттырады, жылдам қимылға, ұшқыр ойлауға дағдыландырады. Енді іскерлік ойындардан үзінділер келтірейік.
Ойын еңбекпен, біліммен қатар адамның болмысының негізгі түрлерінің бірі, ойын бұл ынтамен өзін – өзі басқару қаланып, жетілетін қоғамдық тәжірибені жандандыруға және меңгеруге бағытталған жағдайлар шартындағы қарекет түрі. Оқытылатын жүйені, құбылыстар мен үрдістерді ұқсатып модельдеу бойынша белсенді оқытуда дидактикалық ойындардың болашақта оқушының кәсіби мамандығын таңдауында да септігі мол екенін айтуға болады.
Егер химия сабағында: ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса, берілген уақытты дұрыс пайдаланса, тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе сабақта тұрақты белсенділік орнап, қызығушылық артады. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете білді, оның іс әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір – бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір – бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. Оқушылардың химия пәніне қабілеттіліктері айқындалады. Химия сабақтарында оқушыларды пәнге қызықтыру үшін дидактикалық ойындарды қолдануда оларлы жіктеудің қажеттілігі туындайды.
Олай болса, ойын уақыт өткізу үшін емес, білімге деген құштарлықты арттыруға негізделген деуге болады. Ойын адамды көп білуге, білімге баулиды, білгенді қайталап, оны берік сақтауға мүмкіндік туғызады. Ойынға ерекше баға беру арқылы, оны өмірді түсіне білудің негізгі құралы ретінде қарап, ойын білімге меңзейді деген қорытынды туады. Демек, шығыс халқының «күнделікті толықтырылмаған білім тартылған судай құриды» деген нақыл сөзін ойда берік сақтап, ойынның маңызына мән беруіміз керек. Оқушылардың құштарлығын дамытатын ойындар өз кезеңінде анықталынады [2].
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты. Қазіргі таңда оқытудың әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған оқыту әдіс-тәсілдерінің бәрін де еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап алу және олардың бірнешеуінің жиынтығын түрлендіре тиімді, үйлесімді әрі шығармашылықпен қолдану- сабақтың сәтті өтуінің кепілі.
Ойын еңбекпен,біліммен қатар адамның болмысының негізгі түрлерінің бірі,ойын бұл ынтамен өзін-өзі басқару қаланып,жетілетін қоғамдық тәжірибені жандандыруға және меңгеруге бағытталған жағдайлар шартындағы қарекет түрі.
Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Педагогикалық ойындар қарекет бойынша: физикалық, интеллектуалдық, еңбектік, психологиялық, әлеуметтік болып бөлінеді. Педагогикалық процесс сипатына қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:
1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту.
2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;
3. Репродуктивті,продуктивті,шығармашылық;
4. Коммуникативті (қатынас), диагностикалық хабардар ету. Ойын әдістемесі бойынша пәндік, сюжеттік, іскерлік, рольдік, имитациялық, драмалық болады.
Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады, білім-білік дағдылары, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді.Ойын сабақтың 1/5 уақытын қамтыйды. Оқыту үрдісінде – көзбен көрген(тәжірибе,оқу): есте сақтау ақпараты-50%.Құлақпен естіген ақпарат – 10% ғана есте қалады, оқушының өзі қызығып, қатысқан (ойын)жағдайда -90% ақпарат жадында қалады екен.
Ойында барлық сезім мүшелері күштеусіз,ерікті түрде іске қосылады. Бала шығармашылықпен жұмыс істейді [3].
Оқушы белсенділігі 100%-ға артады. Білімді ширақ оқушылар белсенді көшбасшы ретінде әрекет етеді. Басқа балаларға оның сөзі маңызды болып, соларға бағынады. Жарысу, уақыттың қысқалығы, бір-бірімен ақылдасу-барлығы пәнге қызығушылықты арттырады.
Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуций «Естігенді ұмытамын,көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» дейді. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский «Ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды» деп жазган. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің пікірінше «Ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды». Психологтар ойынның мынадай тізбесін дәлелдеген:
Қажеттілік→мотив→мақсат→ойын іс-әрекеті→нәтиже.
Егер химия сабағында: ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса; берілген уақытты тиімді пайдаланса, тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе, күтілетін нәтиже: сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс-әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады. Ойын арқылы бір-бірімен тез тіл табысады, жақсы ұғысады, бір-бірінен ептілікті сергектікті үйренеді. Оқушылардың химия пәніне қабілеттіліктері айқындалады.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді.
Химия пәні бойынша ойын типтері: жаттығу, танымдық, сюжеттік-рөлдік, шығармашылық т.б. болып бөлінеді, қолдану мақсатына қарай: білімді қабылдау мен бекіту кезінде, білімді белсенді меңгеруге оқушыларды ынталандыру үшін, білімді үйлестіру, өз бетінше білім алуға және оларды шығармашылықпен қолдануға ынталандыру үшін қолдануға болады.
Химия пәнін оқытуда жиі қолданылып жүрген рөлдік ойын түрлері: (іскер-ойын сабақ, КВН, сот-сабақ, интеллектуалдық ойындар т.б.), тренажер – ойындар (логикалық тізбек, жұмбақтар, хим-лото, хим-биллиард, хим-бизнес, «жұбын тап», «көрші-көрші», «артығын тап» т.б.) [4].
Іскер ойын жаңа материалды игерудің кешенді міндеттерін шешу үшін, материалды бекіту үшін, шығармашылық қабілеттерді дамыту үшін, жалпы білімдік біліктілерді қалыптастыру үшін қолданыла отырып, оқушылардың оқу материалын әртүрлі тұрғыдан ұғынып сіңіруге мүмкіндік береді.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мазмұны кездейсоқ емес, оқу процесінде өтіліп жатқан сабақ тақырыбына тікелей байланысты болуы керек.
Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері:
· Мақсаты мен мазмұны оқытуға сәйкес келуі;
· Технологиясы көрнекі және құрылысы қарапайым болуы;
· Түсінікті болуы;
· Жүйелі түрде қолдану және түрлі кезеңдерде қиындату;
· Ойын іс-әрекетінің әр қилылығы;
· Сыныптан сыныпқа берілуі;
· Ойын мазмұнын әрқашан байыта түсуі;
· Ойынды әдістемелік қамтамасыз ету, құралдар мен әдістемелерді тиімді үйлестіре білу;
· Қатынасты, ынтымақтастықты дамыту және эмоциялық климатты қамтамасыз ету;
· Ойынды ұйымдастыру мен жүргізуде оның сценарийін алдын-ала дайындау және оқушыларды белсенділікке тарту.
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі. Олар оқушыны қысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады. Мұғалімдер көптеген танымдық ойындар өткізеді. Алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады.
Қорыта келе жалпы оқушыларды химия сабағында әртүрлі, соның ішінде дидактикалық ойындар, химиялық ойындар, танымдық ойындарды пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынта-жігерін арттырып, осы химия сабағына деген белсенділігін арттыру мақсатында көптеген жетістіктерге жетеді деп ойлаймын [5].
Әдебиеттер
1. Ф. Б. Бөрібекова Н. Ж. Жанатбекова Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Оқулық Алматы, 2016 360 бет
2. А.Қ. Бекболғанова Жаңа педагогикалық технологиялар Оқу құралы Талдықорған 2016 121 бет
3. М.Қ.Құрманәлиев «Химияны оқытудың қазіргі технологиялары», Алматы, 2015 ж
4. Сәдуақасқызы К. Химияны оқыту әдістемесі: Оқу құралы / К. Сәдуақасқызы.- Астана: Фолиант, 2019.- 408 б
5. Л.С. Омарова Химияны оқыту әдістемесі. //[Электрондық ресурс]:- Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2012
Достарыңызбен бөлісу: |