Аймақтық саясат



Дата10.11.2022
өлшемі14,41 Kb.
#157540
Байланысты:
Сатаев Карим муниципал 10 апта


Аймақтық саясат


 Аймақтық саясат мемлекеттің жалпы саясатының құрамдас бөлігі, өмір сүру және шаруашылық жүргізудің аумақтық факторларын тиімді қолдануға, елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін бағытталған.


Қазақстан Республикасының аймақтың саясатының мақсаты — ұтымды аумақтың еңбек бөлінісі аумақтың өзін-өзі басқаруды дамыту қағидаларын қалыптастыру негізінде әрбір аймақтың ресурстық — өндірістік потенциалын тиімді қолдану және халықтың өмір сүруі үшін тең мүмкіндіктер жасау


Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеудің маңызды механизмдері:

— жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделердің келісуі мен өзара байланысын қамтамасыз ететін аймақтардың әлеуметтік және экономикалық дамуы мен өндіргіш күштерді орналастыруды ұзақ мерзімді перспективаға кешенді болжау, аймақта бар өндірістік –экономикалық, интелектілік және экспорттық потенциалды нығайту мен тиімді қолдану;


— кешенді болжауда белгіленген елдің әлеуметтік- экономикалық даму басымдықтары мен кезеңдерін жүзеге асыруға бағытталған жалпы мемлекеттік аймақтық және салалық деңгейдегі стратегиялық жоспарлар жүйесі;
— ірі көлемдегі аймақ аралық мәселелерді шешу бойынша жалпы мемлекеттік бағдарламаларды жасақтау мен жүзеге асыру;
— нақты аймақтық дамуындағы аса шешуші мәселелерді шешуде мақсатты бағдарламалады жүзеге асыру; оның ішінде экологиялық кедей аудандарды, депрессияға ұшыраған шағын және орташа қалаларда, шалғай жатқан ауылдық аудандарды мемлекеттік қолдаудың арнайы бағдарламасы;
— аймақтарды дамыту үшін сәйкес заңмен, институционалдық және әдістемелік қамтамасыз етілген арнайы экономикалық зоналар жасау;
— қаржы – несие және салықтық тетіктер;
Аймақ экономикасын мемлекеттік реттеу әдістері екі топқа бөлінеді:
тікелей (әкімшіліктік) және жанама (экономикалық).
Аймақтық экономиканы реттеу үшін мемлекет әдістер жүйесін қолданады. Ол икемді жіктелінген кешенді болуы тиіс, аймақтық ерекшеліктерін ескеріп, шешілетін стратегиялық және тактикалық міндеттемелер сипатын ескеруі тиіс. Аймақтық дамуда орталық атқарушы органдардың реттеуші қызметтеріне мына шараларды жүзеге асыру жатады.
— барлық аумақтық шаруашылық жүргізу субьектілерінің, орталық және жергілікті атқару органдарының қызмет етуінің құқықтық және нормативтік негізін жасау;
— республика шаруашылығының перспективалық дамуының макроэкономикалық және салалық басымдықтарымен нығайып аумақтық дамудың маңызды бағыттары мен пропорцияларын анықтау;
— барлық халық үшін олардың жеріне байланыссыз республика аумағында ең төменгі тұрмыс деңгейінің мемлекеттік кепілік қамтамасыз ету;
— аймақаралық немесе жалпы республикалық сипаттағы аумақтық мәселелерді шешу;
— республика экономикасы үшін аса маңызы бар аумақтардың басымдықта дамуын қамтамасыз ету;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет