Қаңқаның бұлшық еттері сүйекке бекінеді, оның әрбір талшығы көп ядролы және ядролары талшығының шетіне орналасқан. Талшығының пішіні цилиндр тәрізді, ұзын, ұштары доғал, адамдардың еркіне сай жиырылады.
|
Ішкі асқазан, ішектер, қан тамырлары, несепағар, қуық, жатыр және т.б. мүшелерде болады. Талшықтары ұзын, ұршықтың сабы пішіндес, екі ұшы жіңішке үшкір, ортаңғы бөлігі жуандау. Талшығының дәл ортасында таяқша тәрізді бір ядросы бар. Адам еркінен тыс баяу жиырылады.
|
Қаңқа бұлшық етінен айырмашылығы талшықтары тарамдалып, әр жерінен бір-бірімен бірігіп торланып жатады. Талшықтары көп ядролы және олар талшықтардың дәл ортасында орналасқан. Жүректің бұлшық еті адам еркінен тыс жиырылады.
|