ІІІ тур
Қытайлар гимнді «гоге»-мемлекет өлеңі, мемлекет әні десе, арабтар оған отан өлеңі, отан әні деген мағына береді.
Қазақ халқының сөзі жоқ мемлекеттік әнұран міндетін атқарып келе жатқан музыкалық шығарма?
Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйі ғасырдан астам уақыт бойы халқымыз үшін сөзі жоқ, тек әуеннен тұратын ұлттық рәміз міндетін атқарып келеді
Қазақ халқының басына түскен қасіретті баяндайтын әлемдегі болмыс бітімі бөлек ұлттық әнұран?
Қазақтың «Елім-ай әні -әлемде теңдесі жоқ болмыс –бітімі бөлек ұлттық әнұран. Әдеттегі әнұрандарда, негізінен, мадақтау сарыны басым жататын болса, бұл ел әнінің қуаты бүкіл халық басына түскен қасіретті боямасыз баяндай отырып, рухты жасытпай, қайта елдік пен ерлікке шақыратын оптимистік сезім оятатын қасиетінде жатыр.
Жоңғар шапқыншылығындағы әйгілі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» қырғыны кезінде 1723 жылы дүниеге келген бұл екрекше ел әнінің авторы –Қожаберген Толыбайұлы. Ол Үргеніш, Бұхар, Самарқан медреселерінде оқып, білім алған.
Кеңес Үкіметі кезінде, қазіргі Тәуелсіз Қазақстанда дажастарды, халықты отаншылдыққа шақыратын еліміздің ресми емес әнұраны болып кеткен ән? Осы әнді жазған кім? Әннің бір шумағын айтып бер.
Бұл ән 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында «Елім-ай» әнімен қатар шырқалған болатын. Сөзі Н.Нәжімеденовтікі, әні Ш.Қалдаяқовтікі «Менің Қазақстаным әні»
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Думанды бастады,
Далама қарашы.
Кең екен жер деген,
Жерге дән шықты ғой.
Дән егіп, терлеген,
Қазағым мықты ғой.
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім,
Туған жерім менің-Қазақстаным!
Шығармашылық тапсырма: Әрбір топ өздерінің рәміздерін ойлап табулары керек. Негізгі шарты: Ол ерекше, таңқаларлық болуы керек. Жәнеде міндетті түрде Қазақстанмен байланысуы шарт.Жүргізуші турнирдің қорытындысын шығарады, жеңімпаздар марапатталады)
Құрметті, балалар. Бүгінгі турниріміз сәтті аяқталды. Бұл шараға барлығымыз белсенді қатысып, өзіміздің білімімізді ортаға салып, білмегендерімізді көңілге түйдік деп ойлаймын. Енді Елбасымыз Н.Назарбаев пен дарынды әнші, композитор Б.Тілеуханның «Елім менің» әнінің клипін тыңдауларыңды ұсынамын. Бұл музыкалық шығарма қазақ елінің бар перзентінің еліне, жеріне, Отанына деген мақтаныш сезім оятатын ән. Бұл әнді қазіргі кездегі қазақ халқының ресми емес әнұраны десек қателеспейміз.
Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.
Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім!
Бостандық еді – ау асыл арманың.
Қайырмасы:
Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың- оу,
Берік болсын –ау босағаң.
Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке –бірлік қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.
Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.
Қайырмасы:
Ұрпақ үшін, ел үшін,
Атамекен жер үшін.
Берекең мен бірлігің – оу,
Таси берсін – оу өрісің.
Қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |