*!Айналымдағы қан көлемінің максималды жоғарылауы байқалатын ЕҢ ықтимал болатын жүктілік мерзімі қандай?



бет17/19
Дата28.10.2023
өлшемі363,15 Kb.
#188937
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
АкушГине 220.docx (1)
Тест на каз яз.нов. 20-37-2012, Зж Битимбаев, 3 Зж Битимбаев Н ПСк-20-1, История русской литературы XVIII века. Фил. Бак., Введение в славянскую филологию. Фил., Àêóøåðèÿ #1 *!Àéíàëûìäà?û ?àí ê?ëåì³í³? ìàêñèìàëäû æî?àðûëàóû áà, glaz, MCXRLYXCFYZU13122023093445, IXJWUSZGYDHB14122023212803 (копия)
*Патологиялық акушерия*2*27*6*
#178
*!Тар жамбасты жүкті әйелді 18 аптада УДЗ кезінде плацентаның ішкі араңды толығымен жауып тұрғаны, МРТ-да «placenta accreta» белгісі анықталды.
Төмендегілердің қайсысы плацентаның беки өсуінің - «placenta acсreta» ЕҢ жоғары қатер туғызады?
*тар жамбас
*ірі нәресте
*+плацентаның жатуы
*нәрестенің жамбаспен жатуы
*нәрестенің көлденең жатуы
#179
*!4100,0 г салмақты нәрестемен босанған әйелде босанудан кейін окситоцинмен босануды ынталандырғаннан бастап бірден жыныс жолдарынан қан кету басталды, жатыры тығыз, жатыр түбі кіндіктің деңгейінде, плацентаның бөліну белгілері жоқ.
Нәресте жолдастық кезеңінде қан кетудің ЕҢ ықтимал себебі қандай?
*жатыр атониясы
*+жатыр мойнының жыртылуы
*плацентаның жатуы
*плацентаның шынайы ене өсуі
*плацентаның тығыз бекінуі
#180.
*!Алғаш босанушы әйел ірі нәрестемен шұғыл түрде босанды. Айнамен қарау барысында қынап қабырғасы, бұтаралық тері және бұлшық етінің жыртылуы, қан кету анықталды.
Босанушы әйелде акушерлік жарақаттың қай түрі ЕҢ ықтимал?
*I дәрежелі жатыр мойнының жыртылуы.
*II дәрежелі жатыр мойнының жыртылуы.
*I дәрежелі бұтаралықтың жыртылуы.
*+II дәрежелі бұтаралықтың жыртылуы.
*III дәрежелі бұтаралықтың жыртылуы.
#181.
*!Алғаш босанушы әйел ірі нәрестемен шұғыл түрде босанды. Айнамен қарау барысында қынап қабырғасы, тік ішек қабырғасы және сыртқы сфинктер, бұтаралық бұлшық еті және терісінің жыртылуы, қан кету анықталды.
Босанушы әйелде акушерлік жарақаттың қай түрі ЕҢ ықтимал?
*I дәрежелі жатыр мойнының жыртылуы.
*II дәрежелі жатыр мойнының жыртылуы.
*I дәрежелі бұтаралықтың жыртылуы.
*II дәрежелі бұтаралықтың жыртылуы.
*+III дәрежелі бұтаралықтың жыртылуы.
#182
*!Әйелде босанғаннан кейін жыныс жолдарынан көлемді қанды бөлінділер, айнамен қарау барысында жатыр мойнының қынап күнбезіне дейін жыртылуы анықталды.
Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*жатырдың жыртылуы
*қынаптың жыртылуы
*I дәрежелі жатыр мойнының жыртылуы.
*II дәрежелі жатыр мойнының жыртылуы.
*+III дәрежелі жатыр мойнының жыртылуы.
#183
*!Жатырында тыртығы бар, қайта босанушы әйел жыныс жолдары арқылы шұғыл түрде босанды. Жатыр қуысын қолмен тексеру барысында , жатырдың төменгі сегмент бүтіндігінің бұзылысына күмән келді. Лапаротомия барысында іш қуысында 100,0 транссудат, жатыр 18 аптаға дейін ұлғайған, тығыз, төменгі сегментте орналасқан тыртық айналасында шырышты және бұлшық етті қабаттарында созылу бар, жатырдың сірлі қабатының бүтіндігі сақталған.
Босанушы әйелде акушерлік жатыр жарақатының қай түрі ЕҢ ықтимал?
*айналуы
*толық жыртылу
*+жартылай жыртылу
*жыртылудың басталуы
*жыртылу қаупі
#184.
*!Босанушы әйел босану бөлімінде 8 сағат бойы бақылануда. Соңғы 2 сағатта толғақ ырғақты, монотонды, әр 6 мин сайын 25 сек созылады.
Босану ырғағы босану әрекетінің қай түріне ЕҢ ықтимал?
*жалған толғақтар
*+босану әрекетінің әлсіздігі
*шамадан тыс босану әрекеті
*физиологиялық босану әрекеті
*дискоординацияланған босану әрекеті
#185.
*!Босанушы әйел босану бөлімінде 2 сағат бойы бақылануда, толғақ ырғақты, күшті және ұзақ, қысқа интервалдармен.
Босану ырғағы босану әрекетінің қай түріне ЕҢ ықтимал?
*жалған тоғақтар
*босану әрекетінің әлсіздігі
*+шамадан тыс босану әрекеті
*физиологиялық босану әрекеті
*дискоординацияланған босану әрекеті
#186.
*!Босанушы әйел босану бөлімінде 6 сағат бойы бақылануда, толғақ ырғақты, күшті және ұзақ, қысқа интервалдармен, ауру сезімімен.
Босану әрекетінің қай түрі, берілген босану ырғағына ЕҢ ықтимал?
*жалған тоғақтар
*босану әрекетінің әлсіздігі
*шамадан тыс босану әрекеті
*физиологиялық босану әрекеті
*+дискоординацияланған босану әрекеті
#187.
*!Ультрасонографияда жүкті әйелде: жүктілік 37 апта4күн, нәрестенің жамбаспен жатуы анықталды. Жүктіліктің 39 аптасында қағанақ суының ағуына, ырғақты босану әрекетіне шағымданды.
Босанушы әйелде босанудың бірінші кезеңінде әлсіз босану әрекетінен басқа қандай асқынулар ЕҢ ықтимал?
*+кіндік бауының түсуі
*қолдардың қайырылуы
*бұтаралықтың жыртылуы
*нәресте басының шалқаю
*қан кету
#188.
*!Ультрасонографияда жүкті әйелде: жүктілік 37 апта4күн, нәрестенің жамбаспен жатуы анықталды. Жүктіліктің 39 аптасында қағанақ суының ағуына, ырғақты босану әрекетіне шағымданды. Толғақ басталған соң 12 сағаттан кейін жатыр мойны толық ашылды, қағанақ қапшығы жоқ, нәресте жамбасы кіші жамбас кіреберісіне бекінген.
Босанушы әйелде босанудың екінші кезеңінде әлсіз босану әрекетінен және қолдардың қайырылуынан басқа қандай асқынулар ЕҢ ықтимал?
*қағанақ суының ерте кетуі
*кіндік бауының түсуі
*+нәресте басының шалқаюы
*нәресте қолының түсуі
*қан кету
#189.
*!Жүкті әйелде жүктіліктің толық мерзімінде, нәрестенің көлденең жатуы ультрасонографияда диагностикаланды, перзентханаға жатқызылды.
Босандың бірінші кезеңінде мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі мен әлсіз босану әрекетінен басқа қандай асқынулар ЕҢ ықтимал?
*+кіндік бауының түсуі
*қолдардың қайырылуы
*бұтаралықтың жыртылуы
*нәресте басының шалқаю
*нәресте аяғының түсуі
#190
*!Жүкті әйелде жүктіліктің толық мерзімінде: нәрестенің көлденең жатуы, екінші позиция, алдыңғы түрі анықталады. Табиғи жолмен туу жөнінде және басына қарату мақсатында, нәрестенің сыртқы бұрылуына жүкті әйел тарапынан ақпараттандырылған келісім жоқ.
Қандай босануды жүргізу жоспары ЕҢ қолайлы?
*нәрестенің сыртқы бұрылуы
*+жоспарланған кесарь тілігі
*шұғыл кесарь тілігі
*табиғи туу жолы арқылы босану
*босану әрекетінің басталғаннан бастап кесарь тілігі
#191
*!Плацентарлы жатуы бар жүкті әйелде 37 апта мерзімінде жыныс жолдары арқылы 250,0 көлемінде қанды бөлінділер анықталды.
Қандай тактика ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?
*күндізгі стационарда емдеу
*ауруханаға жатқызу, жоспарланған кесарь тілігі
*ауруханаға жатқызу, 40 аптада кесарь тілігін өткізу
*+ауруханаға жатқызу, шұғыл кесарь тілігі
*ауруханаға жатқызу, өздігінен басталған босану кезіне дейін қадағалау
#192
*!Плацентарлы жатуы бар жүкті әйелде 37 апта мерзімінде жыныс жолдары арқылы 250,0 көлемінде қанды бөлінділер анықталды.
Қандай тактика ЕҢ ықтимал болуы мүмкін?
*күндізгі стационарда емдеу
*ауруханаға жатқызу, жоспарланған кесарь тілігі
*ауруханаға жатқызу, 40 аптада кесарь тілігін өткізу
*+ауруханаға жатқызу, шұғыл кесарь тілігі
*ауруханаға жатқызу, өздігінен басталған босану кезіне дейін қадағалау
# 193
*!32 апта мерзіміндегі, гестациялық гипертензиясы бар жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, жыныс жолдарынан шыққан қанды бөлінділерге шағымданды. Объективті: жатыр ширыққан, локальді ауырсыну, нәрестенің жүрек соғысы ақырын естілуде, минутына 170 соққы.
Қан ағудың ЕҢ мүмкін себебі қандай?
*жатырдың жыртылуы
*жатыр мойнының эрозиясы
*плацентаның жатуы
*қынап көк тамырларының варикозды кеңеюі
*+қалыпты орналасқан плацентаның ерте сылынып түсуі
#194
*!Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен ерте сылынып түсуіне байланысты кесарь тілігінің отасы барысында жатырдың түсі көгілдір-күлгін, атоникалық екені анықталды.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*жатырдың атониясы
*+Кювелер жатыры
*Плацентаның шынайы өсуі
*плацентаның тығыз бекітілуі
*жатыр көк тамырларының варикозды кеңеюі
#195
*!33 жастағы, созылмалы артериялық гипертензиясы бар, 35 апта мерзіміндегі, бірінші жүктіліктегі әйел: ішіндегі ауру сезіміне, жыныс жолдарынан шыққан қанды бөлінділерге шағымданып келді. Объективті: артериялық қысымы 160/90, жүрек соғысы минутына 84 рет, жатыры қозғыш, жатырдың алдыңғы қабырғасында локальді ауру сезімі бар, нәрестенің жүрек соғысы минутына 148 рет, ісіну жоқ, жыныс жолдарынан қанды, аз мөлшерлі бөлінділер бар, жеткілікті диурез, протеинурия жоқ.
Жүкті әйелде мүмкін болатын диагнозы қандай?
*эклампсия
*жатырдың жыртылуы
*преэклампсия
*плацентаның жатуы
*+қалыпты орналасқан плацентаның ерте сылынып түсуі
#196
*!Босанған әйелде 27 апталық, салмағы 940,0 грамм, бойы 35 см болатын мерзімінен бұрын туылған ер бала дүниеге келді.
Мерзімінен бұрын жаңа туылған нәрестені тамақтандыру кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін?
*ұйқының ұзаруы
*ішек перистальтикасының төмендеуі
*липазаферментінің белсенділігінің төмендеуі
*+сору және жұту рефлекстерінің төмендеуі
*аз мөлшердегі асқазан көлемі және тағамның эвакуация уақытының ұзаруы
#197
*!Босанған әйелде 34 апталық, салмағы 2240,0 грамм, бойы 43 см болатын мерзімінен бұрын туылған ер бала дүниеге келді.
Төмендегілердің қайсысы мерзімінен бұрын жаңа туылған нәрестені күтуде теріс әсер етуі ЕҢ ықтимал?
*оқшаулау
*+гипотермия
*полипрогмазия
*инвазивті процедура
*жасанды тамақтандыру
#198
*!Босанған әйелде 32 апталық, салмағы1930,0 грамм, бойы 41 см болатын мерзімінен бұрын туылған ер бала дүниеге келді.
Мерзімінен бұрын туылған баланы сәтті күтіп-бағу мақсатында төменде берілгендердің қайсысының маңызы шешуші рөл атқарады?
*+«жылу тізбегін» сақтау
*өкпені жасанды желдетудің ұзаққа созылуы
*кувезде ұзақ болу
*зондпен ұзақ тамақтандыру
*сүт қоспасымен тамақтандыру
#199
*!32 апта мерзімінде ауыр преэклампсиямен ауыратын босанушы әйелде индуцирленген босану болды.
Мерзімінен бұрын туылған нәрестелердің қайтыс болуының ең жиі себептері қандай?
*сепсис
*патологиялық сарғаю
*геморрагиялық ауру
*туа біткен кемістіктер
*+тыныс алу бұзылыс синдромы
#200
*!КТГ кезінде жүкті әйелде нәрестенің гипоксия белгілері пайда болды: минутына 180 соққылы брадикардия, тұрақсыз базальдық ырғақ және 65 секундқа созылатын құбылмалы децелерациялар.
Келесі жағдайлардың қайсысы нәресте гипоксиясына синоним болуы мүмкін?
*шешуші(критическое)
*+қауіп төндіруші
*компенсирленген
*қанағаттанарлық
*декомпенсирленген
#201
*!Преэклампсиясы бар жүкті әйелде жүктіліктің 32 аптасында плацентаның мезгілінен бұрын сылыну белгілері пайда болды. Перзентханаға шұғыл түрде жатқызылды. Жүргізілетін іс-әрекет
*преэклампсияның қарқынды терапиясы және босануды индукциялау
*қарқынды терапия және жүктілікті сақтау
*босануды қоздыру мен босануды ынталандыру
*+шұғыл түрде кесар тілігі
*жоспарлы түрде кесар тілігі
#202
*!Мерзімі жеткен жүкті әйелде қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы, нәрестенің антенаталды өлімі, геморрагиялық шоктың 1 дәрежесі анықталды. Жүргізілетін іс-әрекет:
*окситоцинмен босануды ынталандыру
*амниотомия, босануды қоздыру
*жоспарлы түрде кесар тілігі
*+шұғыл түрде кесар тілігі
*босану әрекеті басталғанша бақылау
#203
*!Мерзіміне жеткен егіз жүктілік, ультрадыбыстық зерттегенде, екі нәресте де ұзынша орналасқан, жамбаспен жатыр. Қынаптық зерттеуде Бишоп бойынша 10 балл. Босануды жүргізу жоспары
*+жоспарлы түрде кесар тілігі
*шұғыл түрде кесар тілігі
*амниотомия, окситацинмен босануды қоздыру
*босану әрекетінің әлсіздігі дамығанда кесар тілігін жасау
*консервативті босану, босану әрекетінің әлсіздігі дамығанда босануды ынталандыру
#204
*!Мерзімі жеткен жүктілікпен алғаш босанушыда ірі нәрестемен босанудың екінші кезеңіндежатыр ернеуінің толық ашылуында артқы асинклитизм диагностикаланды. Жүргізілетін іс-әрекет
*акушерлік қысқыш салу
*+шұғыл түрде кесар тілігін жасау
*күту тактикасы 2 сағат бойы
*босануды табиғи жолымен жүргізу
*окситоцинді көктамырға тамшылатып енгізу арқылы босануды ынталандыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет