Қайнар Академиясы 3 курс «Құқықтану» Тақырыбы : кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың объектісі Және субьектілері



Дата03.03.2022
өлшемі353,15 Kb.
#134212
түріКодекс
Байланысты:
Презентация
леуметтік реформалар ж не леуметтік жа ару кедейшілікті е сер

Қайнар Академиясы 3 курс «Құқықтану» Тақырыбы : Пара алу қасақана, пайдакүнемдік ретінде

Орындаған : Камал Н. Б

Тексерген : Мұсабекова И.Т

Жоспары

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім :
  • Пара дегеніміз не?
  • Параны талап етудің жанама түрлері
  • Пара алу Қылмыстық Кодекс бойынша
  • Пара алудың пайдакүнемдік ретінде
  • Қорытынды
  • Пайданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

  • Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

ПАРА ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

  • Пара - пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамның пайдасына жасаған iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) үшiн ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлiк, мүлiкке құқығы немесе мүлiк сипатындағы өзі немесе басқа адамдар үшін пайда түрiнде пара алу (Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 311-бабы).
  • В. Дальдың сөздігі параны «алым-салық, тарту, сыйлық, сәлемдемелер ... лауазымды тұлғаға қысым жасаудан құтылу үшін сыйлық немесе төлем жасау немесе оны заңсыз істі жасау үшін параға жығу» ретінде белгілейді.

ПАРАНЫ ТАЛАП ЕТУДІҢ КЕЙБІР ЖАНАМА БЕЛГІЛЕРІ

  • Мүмкін болатын пара туралы әңгіме көбінде астарлы сипатта болады, мәселені ол тек оған ақша немесе қандай да бір қызмет көрсеткен жағдайда ғана шеше алатыны туралы ашық арыздар болмайды.
  • Әңгіме барысында пара алушы, қандай да болмасын мәселені шешуден бас тарту («бұл заңға қайшы», «менің мұндай мүмкіндігім жоқ») жөнінде мәлімдей отырып, қимылмен немесе ыммен бұл жағдайды басқа жағдайда (басқа уақытта, басқа жерде) талқылауға дайын екенін білдірсе, параның сомасы мен сипаты жарияланбайды; сонымен қатар сәйкес сандар бір бет қағазда, калькуляторда және т.б терілуі мүмкін.
  • Параны алушы ары қарайғы байланысты мәселенің шешілуіне қатысы жоқ басқа адамға аударуы мүмкін.

Пара алу Қылмыстық Кодекс бойынша

  • Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамның не оған теңестiрiлген адамның немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның не лауазымды адамның, сол сияқты шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның лауазымды адамының пара берушiнiң немесе оның өкiлi болған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн, егер мұндай әрекеттер (әрекетсiздiк) осы адамның қызметтiк өкiлеттiктеріне кiретін болса не ол лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсiздiкке) ықпал жасай алатын болса, сол сияқты жалпы қамқорлығы немесе жол берушілігі үшін өзіне немесе басқа адамдарға ақша, бағалы қағаздар, өзге мүлiк, мүлiкке құқық немесе мүлiк сипатындағы пайда түрiнде жеке өзi немесе делдал арқылы пара алуы –

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  • мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Пара алу пайдакүнемдік ретінде

  • Бұл жерде айта кетсек пара алуда жеке тұлға заңды тұлғамен сыйлық ретінде немесе пара алу, беру түрінде жұмысқа қабылдау үшін пара алады, өзінің пайдакүнемдік ретінде, пара алу беру дұрыс емес, ол өзінің білімін қолдана отырып жұмысқа тұру керек. Парақорлық жұмысқа өзінің пайдакүнемдік ретінде ол ешқайда ұзаққа бармайды.

Қорытынды

  • Қорытындылай келе парақорлық қылмыстарын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың әлеуметтік алғы шарты, сыбайлас жемқорлықтың парақорлық құрамымен байланысы және парақорлықтың коррупциялық құбылыстың құрамдас бөлігі ретіндегі проблемалардың мәнін ашып көрсету болып табылады. Бұл мәселенің әлеуметтік-құқықтық мәнін терең ашу үшін парақорлыққа жуаптылықты белгілеген заңдар тарихының даму кезеңдерін де ғылыми негізде талдауды қажет етеді.

Пайданылған әдебиеттер тізімі

  • 1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы Алматы, 1995ж 2. Егемен Қазақстан газеті 13 қыркүйек,2003ж. 3. Н.А. Назарбаев. Казахстан–2030 (Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсаруы, гүлденуі және қауіпсіздігі. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы). Егемен Қазақстан, 11қазан, 1997 жыл. 4. Егемен Қазақстан газеті, 25 қыркүйек, 2002ж.

Назарларыңызға Рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет