Айнымалы ток


Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік



бет4/7
Дата01.05.2020
өлшемі420,93 Kb.
#65322
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Айнымалы ток

Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік 

Тізбектегі индуктивтік айнымалы ток күшіне әсер етеді. Мұны тәжірибемен оңай дәлелдеуге болады. Индуктивтігі үлкен катушкадан және қыздыру электр шамынан тұратын тізбек құрайық. Осы тізбекті ажыратып-қосқыштың көмегімен не тұрақты кернеу көзіне, не айналмалы кернеу көзіне жалғауға болады.  Мұнда тұрақты кернеу мен айнымалы кернеудің әсерлік мәні өзара тең болуы тиіс. Кернеу тұрақты болғанда шам жарығырақ жанатынын тәжірибе көрсетеді. Ендеше, осы қараытырып отырған тізбекте айнымалы ток күшінің әсерлік мәні тұрақты ток күшінен аз екен.  Бұл өзіндік индукйия құбылысымен түсіндіріледі. Тұрақты ток көзіне катушканы тіркегенде тізбектегі ток күшінің біртіндеп артатынын 1 тараудың 8 параграфында айтылады. Ток күші көбее бастағанда өнетін құйынды элекрт өрісі электрондардың қозғалысын тежейді. Тек бірсыпыра уақыт өткенен кейін ғана ток күші (қалыптасқан) берілген тұрақты кернеуге сәйкес ең үлкен мәніне жетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет