Сабақтың тақырыбы: «Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. Автотербелістер. Транзисторлы генератор»



бет1/2
Дата27.08.2017
өлшемі272,8 Kb.
#29922
түріСабақ
  1   2
Қарағанды обл.Сәтбаев қаласы

«Абай атындағы №4 лицей-мектебі»КММ

Физика пәнінің мұғалімі:

Сулайманова Маргарита Алибековна

Сабақтың тақырыбы: «Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңы. Автотербелістер. Транзисторлы генератор»



Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың тақырып бойынша білім алуға жұмысын ұйымдастыру; айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергі, айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор,айнымалы ток тізбегіндегі индуктивтік катушка тақырыптары бойынша оқушылардың тәжірибелер жасау арқылы шешімге келуін ұйымдастыру, есептер шығару арқылы практикалық мағынасын ашу.

2. Оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру; актив кедергі, айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор және индуктивтік катушка үшін схемалық сызбасын сала білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Презентациялық слайдтар. Видео роликтер. Интерактивті тақта. Эксперименталды қондырғы.

Сабақтың эпиграфы ретінде Р.Декарттың мына сөзін аламыз :



Білгенің аз – білетініңді қолдана білу керек!

Сабақтың құрылымы:

  • Сабақты ұйымдастыру.

  • Негізгі білімдерін жетілдіру.

  • Жаңа білімді қабылдау.

  • Жаңа тақырып бойынша алынған білімдерін пысықтау.

  • Эксперименталдық жұмысты ұйымдастыру.

  • Үйге тапсырма беру.

  • Сабақты қорытындылау.

1.Ұйымдастыру бөлімі.

1.1.Сабақтың мақсаты мен қойылатын талаптармен таныстыру.

2.Негізгі білімдерін жетілдіру.Механикалық тербеліс пен электромагниттік тербеліс арасындағы сәйкестікке тоқтала кетеміз.(кесте бойынша)


Механикалық тербелістер

Электромагниттік тербелістер

Координата х

Электр заряды q

Амплитуда А;Хm

Максимал заряд qm

Жылдамдық ν= х'

Ток күші i=q'

Үдеу а=ν'=х''

Ток күшінің өзгеру жылдамдығы i'=q''

Масса m

Индуктивтік L

Серіппенің қатаңдығы k

Сыйымдылыққа кері шама 1/ С

Күш F=kx

Кернеу U

Потенциалдық энергия kx²/2

Электр өрісінің энергиясы q²/(2С)

Кинетикалық энергия mυ²/2

Магнит өрісінің энергиясы LI²/2

3.Жаңа білімді қабылдау.

3.1. Айнымалы ток тізбегіндегі актив кедергіні қарастырамыз.

Резистор мен жалғағыш сымдардан тұратын қарапайым тізбектің қысқыштарындағы кернеу



u =Umcos ωt заңымен өзгерсін .Бізге бұрыннан белгілі R кедергіні айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі деп атайды.Ток күші мен кернеудің лездік мәндері үшін Ом заңы орындалады.

Электр тізбегін құрастырамыз. Актив кедергілер - өткізгіштер мен кабельдер.



Сәйкес формулаларды қорытып шығарамыз

; P= iR; ;
; ; ;

;

Сәйкес графиктерін салып, олардың векторлық диаграммасын саламыз.

Актив кедергісі бар өткізгіште ток күшінің тербелісі фаза бойынша кернеудің тербелісімен дәл келеді, фазалық ығысуы 0-ге тең.



3.2 Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі.



Конденсатор қосылған тізбектен тұрақты ток жүрмейді, себебі бұл жағдайда тізбек тұйық емес, конденсатордың астарларының арасы диэлектрикпен бөлінген. Бірақ конденсаторды айнымалы кернеу көзіне қосса, ол үнемі қайта зарядталып отырады да тізбек арқылы ток жүреді.

u = Umcosωt; q= qmcosωt; i= q;

i= q=UmC sinωt = UmC cos(ωt+π/2);

Im= UmCω; ;

Бұл алынған екі теңдеуді салыстыра отырып, мынадай қорытындыға келеміз: тізбектегі ток күшінің тербелістері кернеу тербелістерінен фаза бойынша π/2 -ге озады.

Сәйкес векторлық диаграмасын саламыз.

3.3. Айнымалы ток тiзбегiндегi индуктивтiк катушка.

Айнымалы ток тізбегінде индуктивтік катушка қосымша кедергі тудырады, мұны өздік индукция құбылысымен түсіндіруге болады.





; R=0; ;

; ;

;

; ; ; ; ;

Теңдеулерін салыстыра отырып, мынадай қорытындыға келеміз: катушкадағы ток күшінің тербелісі кернеу тербелісінен фаза бойынша



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет