Айнымалы токты бір фазалы электр тізбегі



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі226,78 Kb.
#119238
  1   2   3
Байланысты:
user file 56f7781d10e47


Айнымалы токты бір фазалы электр тізбегі

Айнымалы токты пайдалануды ең алғаш рет 1875 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ұсынды. Айнымалы ток Яблочков шырағындағы көмердің біркелкі жануын қамтамасыз етті және шамдардың бір электр энергия көзінен қоректенуіне жол ашты. Электр энергиясының қажеттілігінің өсуіне байланысты оны алыс қашықтықтарға жеткізу мәселесі алға қойылды.


Бұл мәселенің шешілуі электр энергиясын таратуда, ол үшін әртүрлі кернеуді табуды талап етті. Кернеуді бумен түрлендіру үшін айнымалы токты түрлендіретін құрылысы қарапайым трансформатор қажет болды, оны да өзінің шырақтары үшін Яблочков ойлап тапты. Одан кейін атақты орыс инженері және ғалым М.О. Доливо –Добровольскийдің арқасында айнымалы ток кеңінен таратылды. 1889 жылы айнымалы ток кеңінен таралып, үш фазалы тізбектің барлық тетіктерге жасап шығарылды. 1891 ж. ол электр энергиясын үш фазалы токпен 175 км қашықтыққа жеткізуді іске асырды. Айнымалы токты электр техника саласына кеңінен пайдалану шоғырланған /централизацияланған/ түрде электр энергиясын өндіруді алыс қашықтыққа жеткізуді оны таратуды және қабылдауды игерген кезеннен басталды.
Айнымалы ток деп уақытқа байланысты шамасы мен бағыты өзгеріп отыратын токты айтамыз.
Айнымалы токтың кез келген аз уақыт мезгіліндегі лездік ток деп атайды, оны і-әрпімен белгілейді.
Лездік ток (і) зарядқа және уақытқа байланысты екендігі мына қатынастан көрінеді.


і=dq/dt

Халықаралық СU жүйесі бойынша ток күшінің бірлігі ретінде ампер /А/ алынған. Айнымалы токтардың формасы әртүрлі соның ішінде көп тарағанының бір периодты токтар




Т Айнымалы ток графигі






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет