Синусоидалы ток
Синусоилдалы токтың лездік мәнін төмендегідей етіп жазуға болады.
c = Im sin ( ψl ) = Im sin (ωt +ψ l )
мұнда: Im-токтың максимал мәні және амплитудасы.Синус аргументі (2П/T∙t +ψi) - фаза деп аталады. Бұрыш ψі бастапқы уақыт мерзімі t=0 болған кездегі бастапқы фазасына тең, сондықтан оны бастапқы фаза деп атайды.
Уақыт өтуіне қарай фаза үздіксіз өседі, фазаның өсуі 2π-ден асқанда ток өзгеруінің бір циклі қайтадан қайталанады.
ω= 2π/Т=2πf айнымалы токтың бұрыштық жиілігі
ω-радианмен өлшеніп, секундына фазаның қанша өскенін көрсетеді
(рад/сек.)
і
Im
T
Синусоидалы ток графигі
Бірдей жиіліктегі синусоидалы токтың графигін келтірейік, бірақ бұл токтардың амплитудалары мен бастапқы фазалары әр түрлі болсын.
Абцисса өсіне уақыт (t) және оған пропорционал шама wt салынған.
L1 = Im &іn (ωt +ψ1) ψ > 0
L2 = Im &іn (ωt +ψ2) ψ2 < 0
Бастапқы фаза бұрышы әр уақытта синусоиданың басталар мезетінен (синусоиданың шамасы нөл болғанда, демек теріс мәннен оң мәнге ауысқан мезетінен саналады) уақыт санаудан бастапқы мезеті t=0 дейін есептеледі. (яғни координаталар басына дейін). Осы ережеге сүйене отырып, ток графигі бойынша ψ1 >0, болғанда і1 токтың синусоидасы координатадан солға қарай жылжыған, ал ψ2 <0 болғанда (і2), ток координатадан оңға қарай жылжыған.
Егер бірнеше синусоидалы функциясы бірдей жиілікпен өзгеретін болса және функциялардың синусоидасының басталуы бір-біріне сәйкес келмесе онда оларды бір-біріне қарағанда фаза бойынша ығысқан деп қарастыруға болады. Фазалық ығысуы алғашқы фазалардың айырымы
2-сурет. Екі синусоидалы ток графигі
арқылы өлшенеді. Мысалы, 2-суретте ψ1-ψ2 >0, яғни ток і1 фаза бойынша і2 тоғынан ψ1-ψ2 бұрышқа озады, немесе і1 фаза бойынша і2 тоғынан ψ1-ψ2 бұрышқа артта қалады. Егер бірдей жиіліктегі синусоидалы функциялардың бастапқы фазалары бірдей болса ψ1=ψ2 онда і1 және і2 фаза бойынша дәл келеді.
Егер фазалардың айырымы ψ1-ψ2=π тең болса, онда бұлар фаза бойынша бір-біріне қарама-қарсы.
Егер олардың фазаларының айырымы ψ1-ψ2=+ π тең болса, онда бұлар бір ширекте болады.0>
Достарыңызбен бөлісу: |