«БЕКІТЕМІН»
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары: _________Р.Жаймақова
САБАҚ ЖОСПАРЫ
курс
1
топ
10
Сабақ номері
36
күні
30.10
Пән
Физика
Мамандық-біліктілік
1201000-Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану 1201082- Автокөлік шанағын қалпына келтіруші шебері
Модульдің атауы
Электростатика
Сабақтың тақырыбы
Зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы.
Потенциал. Электр өрісінің потенциалдар айырымы. Эквипотенциал беттер. Біртекті электр өрісі үшін кернеулік пен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға зарядтың орын ауыстыруы кезіндегі электр өрісінің жұмысы,
потенциал.,электр өрісінің потенциалдар айырымы, эквипотенциал беттер туралы түсінік беру
Сабақтың міндеттері:
Біртекті және біртекті емес электр өрісін сипаттау.Электр өрісінің күштік сипаттамасы кернеулік ұғымын түсіну.
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі
Зарядтардың өзара әсерлесуін түсінеді, сипаттай алады.Электр өрісінің күштік сипаттамасы ұғымын талдап, анықтама береді.
Теориялық мәлімет. Электр өрісіне енгізілген зарядталған денеге өріс тарапынан күш әрекет етеді. Осы күштің әрекетінен дене орын ауыстыра алады, яғни зарядтың орын ауыстыруы кезінде жұмыс атқарылады. Қозғалмайтын электр зарядының электр өрісі электростатикалық өріс деп аталады. Өрісті сиаттау үшін екі шама енгізілген: күштік сипаттама – кернеулік, энергетикалық сипаттама –потенциал.
Біз бүгін электр өрісінің күштік сипаттамасы кернеулік туралы мәліметтермен танысамыз. Сонымен қатар кернеуліктің потенциалдар айырмасымен (кернеумен) байланысына тоқталатын боламыз. Біртекті және біртекті емес электр өрісі жағдайындағы кернеулікті есептеуге есептер шығарамыз.
Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын тәжірибелер зарядталған дененің электр өрісі осы өрістегі басқа да зарядталған денелерге белгілі бір күшпен әрекет ететінін көрсетеді. Екі немесе одан да көп денелердің де бір-біріне өзара әрекеті болатыны аңғарылады. Бұдан зарядталған денелердің электрлік өзара әректтесуінің бар екені пайымдалады. Заряталған басқа денелерге (гильза, шар) электр өрісінің, мысалы, таяшалардың әрекет етуіне қарап, заряталған денеден әртүрлі қашықтықта оның электр өрісі бірдей болмайды деген қорытынды жасауға болады. Зарядталған денелердің маңында электр өрісінің әрекеті күштірек, ал олардан алыстаған сайын әлсірейді. Зарядталған денеге әрекет ететін электр өрісінің шамасы туралы айту үшін өрістің сандық сипаттамасын енгізу қажет. Зарядталған денеге немес бөлшектерге өріс тарапынан әрекет ететін күштерді электрлік күш деп атаймыз.
Заряд бірлігіне әрекет ететін күшке тең F/Q қатынасы электр өрісінің күштік сипаттамасы болып табылады және осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігі деп аталады. Өріс кернеулігінің бағыты осы өрістегі оң зарядқа әрекет ететін күштің бағытымен бағыттас векторлық шама болып табылады. Кернеулік E арқылы белгіленеді: E = F/Q ХБЖ жүйесінде электр өрісі кернеулігінің бірлігіне 1Н/Кл алынған.
Сабақты тыңдайды және сараптайды
https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektrostatika/lesson/ehlektr-zaryady-kulon-zangy сайты бойынша оқушылар жұппен тапсырма орындайды. Өзара бағалау жүргізіледі. Әр жұп бір тапсырмаға жауап береді, басқа жұп өз тапсырмаларын бағалайды.
Топтық жұмыс. Оқушылар сапалық есептерді топпен талдай отырып шешеді.