Соөж оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері



Дата08.02.2022
өлшемі21,32 Kb.
#124625
Байланысты:
СОӨЖ Оқушылардың ата
Mukazhan Tolkynai

СОӨЖ Оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстардың әдістемесі


Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері.

1. Жанұяға бару. Баланың жанұясына бару кезінде міндетті түрде мұғалім өзінің алдына мақсат қою керек. Мысалы: жанұясымен танысу, жанұядағы қарым-қатынасын зерттеу, үй тапсырмасын орындауын тексеру және т.б. Жанұяға бармас бұрын баратындығын ескерту қажет.


2. Ата-ананы мектепке шақырту. Ата-ананы мектепке шақырту тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда болмауы керек Ата-ананы мектепке шақырту бала тәрбиесі туралы пікір алмасу, тәжірибе алмасу мақсатында, мектептегі әр түрлі шараларға, сынып сағаттарына, қоғамдық жұмыстарға қатыстырылуы үшін де шақырылуы керек. Мектепке ата-аналарға арнап ашық есік күндері жарияланады.
3. Ата-аналар жиналысы мектепте жылдың басында, аяғында, тоқсан сайын өткізіледі. Ата-аналар жиналысында тек қана үлгірім, тәртіп туралы айту жеткіліксіз. Ата-аналар жиналысы белгілі бір тақырыпта тәжірибе алмасу, пікір алмасу тұрғысында болғаны жөн.
4. Дәріс - бұл ата-аналармен тәрбие үрдісін ұйымдастырылуының жолындағы жұмыс түрі. Дәріс жүргізуші - лектор әрі педагог, әрі тәрбиеші. Ол ата-аналардың мәліметтері мен жағдайын білуі керек.Мұғалім өз дәрісінде баланың тәртібі, психикалық дамуы, жанұядағы тәрбиенің тәртібі туралы тақырыптарды қамтуы тиіс. Дәрістің тақырыбы ата-ана үшін өзекті және қызықты болуы керек. Мыс: «Мектеп оқушыларының күн тәртібі», «Өзін-өзі тәрбиелеу деген не?» «Бала және махаббат»
5. Конференциялар: ғылыми-практикалық, теориялық, оқырмандық, тәжірибе алмасу конференциялары, әкелерге арналған конференциялар. Конференциялардың тақырыптары нақты болуы тиіс.
6. Практикум – бұл бала тәрбиесі жөніндегі ата-аналардың педагогикалық білімдерін толықтыратын жұмыстың түрі. Практикумда мұғалім ата-аналарға қандай да бір ситуациядан шығатын жолды табуға шақырады.
7. Ашық сабақ. Ата-аналардың пән бойынша жаңа бағдарламамен, оқытудың әдістерімен, мұғалімнің оқушыларға қоятын талаптарымен танысу үшін ұйымдастырылады. Көбіне ашық сабақ бастауыш сыныптарда өтеді. Ашық сабық арқылы ата-аналар балаларының білім деңгейін танып біледі.
8. Педагогикалық диспут. Педагогикалық мәдениетті қалыптастырудағы жұмыстың бірі. Диспуттың нәтижелі болуы, оның дайындығының жақсы өтуіне байланысты. Диспут тақырыбы бір ай бұрын беріледі.
9. Рөлдік ойындар - қатысушылардың ұжымдық, шығармышылық іс-әрекетіне ұйымдастырылған форма. Ролдік ойындар ата-аналармен мына тақырыптарда болуы мүмкін.»Отбасылық кеңес», «Біздің ауылымызда ортақ мәселе тұр».
10. Жеке тақырыптық кеңестер. Мұғалім оқушылар жөніндегі мәліметті олардың ата-аналарынан біліп отырады. Кеңес нәтижелі болуы үшін педагог пен ата-аналар арасында сенімділік болуы шарт.
11. Мектеп ата-аналармен әр түрлі аталатын ата-аналар бірлестігімен, яғни ата-аналар комитеті, кеңестер, конгресстер, ассоциациялар, комиссиялар, клубтар т.б. Мектеп ата-аналармен байланысты көбіне сынып жетекшілерінің күшімен жүргізеді. Ата-аналар бірлестіктерінің басты міндеті - ата-аналарға педагогикалық білім беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру. Мұғалімнің ата-аналармен жүргізетін жұмыс жүйесінде психологиялық-педагогикалық ағартудың түрлері: педагогикалық біліктілік университеті. «Университет» бағдарламасы сынып оқушылары мен ата-аналардың құрамын ескеріп құрылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет