Айпара ана аңызнама



бет4/4
Дата19.02.2017
өлшемі0,85 Mb.
#10892
1   2   3   4
ұңлы көл мен өзінің қазіргі хал-қадірі тым ұқсас екенін бағамдады.

Жер бауырлап жылап жатқан бала: ит арқасы қиян — анталаған жау, абалаған ит ортасынан шыбын жанын шүберекке түйе жүріп, түн демей, күн демей безектеп, қойнына жасырып ала қашып бара жатқан Бөкенші-Борсақ құдай сақтап аман-есен өсе қалса кімді жарылқар; біле-білсе, дұшпанның қанды шеңгелінен алып шыққан Жандос ағасының төбесін көкке жеткізбес пе... осылар ержетіп, еліне қорған болса қандай мерей; Жандостың еңбегі ақталғаны ғой; мүмкін жат бауыр, қатыгез болып кетер... оның бетін ары қылсын... онда Бөкенші-Борсақты Жандос өз қолымен бауыздайды — осыны бағамдады.

Жер бауырлап жылап жатқан бала: "туған жерден айрылып, босып бара жатқан өскен елдің ертеңгі тағдыры не күйде, барар жері баянды болса ғой; көзін алартар дұшпан ол жақтан табылмас па; садағаң кетейін қазақтың жалпақ даласы-ай, жас баланың жөргегіндей сарғайып жатқан сықпытың мынау — кім-кімдердің табанын жалап, несібесіне айналар екенсің; жауыңның бәрі жоңғарша қаһарын төгіп, каптай-шаппай, дос болып мүсіркеп, ішіне қанжарын байлай келсе қайтер едің; әй, бәрібір жас балаша қызарғанға, күле қарағанға мәз болып, салқар құшағыңды ашар едің, салқар құшағыңды аша-аша аш қаларсың; "қонағым артыңа қарай отыр" деген сөз шықпайды сенің аузыңнан; сенің жомарттығында шет-шек жоқ; ал, жомарттың қолын байлап, жолын тарылтар — дарақылық; садағаң кетейін қазақтың байтақ даласы-ай, сарғая тосып, көз жасын жылап тауысқан ананың қол орамалындай қан жұтып жатқан түрің мынау, "ақтабан шұбырыңды, алқакөл сұламаны" да күндердің күні ұмытып, бодауы ада қапысыз тірлікке көшер ме екенсің... сені ылғи да анау қалбақтай беретін қарғаларға балай беретінім қалай? қарға жиылып, қасқыр алғанын көрдің бе?... мен күнәлімін туған жер, мен сенің бар қасиетіңе көз жұмбайлық жасаған шығармын; садағаң кетейін қазақтың қойдай жуас даласы-ай, сен менің көз алдыма құсбегінің қолындағы жемтікті елестетесің; сондығы болар, ит-құс саған әуес қой... мен сенің тағдырынды ойласам өлімге бас тіккім келеді; тіпті, өлейінші, өлейінші құдая!" — Өлген жоқ. Өйткені ол дәл осылай ойлаған жоқ. Ойлай алатын ой-өре де жоқ. Ең аяныштысы сол еді...

Төртінші күнде аппақ қар жауды. Қар жауғанын Жандос алғашында сезбей қалған. Сары інгенді шөгеріп тастап бір сәт мызғып еді. Түйенің сүтіне үйреніп алған екі сәби де тырайып жатыр. Кеше ғана алкүреңденіп тұрған адырлар ақ кебінге оранып маужырайды. Тым-тырыс салқын да сазды күйде жатқан дала осы бір таң ала жауған ақша қарды бұрыннан-ақ сағынғандай, сарғая күткендей бой-күйез. Азанда жауған ақша қар мәрмәр ұнтағындай таза, күннің көзі түсіп еді сынапша жылтылдап, жабырқау тартқан өңірдің бойына қан жүгіртті. Қарауытып қайғылы мұнар басқан бел-белестердің күңгірт түсі ғайып болған; көз қарықтырар шаңқан, қылау түспеген қыздың арындай кіршіксіз-тін. Неше күнгі ызың-ызың желден, сүреңсіз күз жауынынан мезі болған, қажыған даланың қазіргі дидары Айпара-ананың жайнамазындай еді. Сол қыбыр еткен мал-жансыз ақтымық дүниенің арғы бір аспанмен әдіптелген шетінен қос ноқат болжанады. Қос ноқат алғашында қоңыздай ғана еді, бірте-бірте ұлғайып жақындай түсті. Олар да сонадайдан қарауытқанды көздері шалып солай қарай беттеген. Аппақ даланың дәл ортасында шөгіп жатқан түйе екеш түйенің екі өркешінде бір сауысқан, бір қарға қонып отыр. Жемтігінен айырған қос аттыға ауызға келгенін айтып, таңдайын қағып таңырқап, наразы болғандай ұшып кетті. Албасты басқандай аласұрған табиғатпен қоса арпалысқан түйе "жеткен жерім осы, ей жетімек. Енді менде хал жоқ, өзіңе сен" дегендей аса шаршаспен шөксе керек: төбеден салып қалғандай тұмсығын жерге тіреп ұп-ұзын болып сүйретіліп жатыр. Бір қызығы, түйе беттеп бара жатқан жағы күншығысқа артын беріп, басын құбылаға қарата шегіпті. Мұнысы күншығысқа емес, ақтық демдерің таусылғанша құбылаға беттеңдер деген ишарасы секілді... Үстін жұп-жұмсақ қар басқан аруананың қос жанарынан аққан жас әлі суып та болмаған жып-жылы. Түйе өлгенге ұқсайды. Бірақ не кереметпен тыраң етіп, қабырғалай құламай шөкелеген қалпы тізесінен аумай жатқанына қайран қалды жүргіншілер. Жүргіншілер Жандосты іздеттіріп жіберген Айпара-ананың кісілері екен. Олар екі баланы қолына алғанда шырқырап жылады-ай дерсің. Жандос ессіз ұйқыда. Жұлқылап әрең дегенде оятып алды. Ояна келген Жандос сасқалақтай пышағына жармасты. Өз елінің адамдары екенін танып, бас салып көрісті. Ол көпке дейін өксігін баса алмай солқылдап жылап тұрды. Төрт күн жан жолдас; жан серік болып, төрт күн ит-құсқа жегізбей қас-дүшпанның қанды шеңгелінен алып қашқан түйені өлдіге қимай, екі азаматқа тұрғызыңдар деп әмір берді. Екеуі келіп өркештен тартып қалғанда сылқ етіп аунап түсті... Аруананың өлімін Жандос қатты азалады. Шынында да өте аянышты, әрі таңғажайып тамаша өлім еді! Ол хайуанның ауырмай, ашықпай не себептен жантәсілім бергенін түсіне алмады, неге жорырын да білмеді. Мүмкін, сағыныштан шейіт бол­ған шығар. Бар қолынан келген қайраны "ит-құсқа жем қылмай қайта айналып келіп көміп тасталық" деді.

Аруананың топырағы торқа болары сөзсіз: өз ботасынан айрылып жүрген бейшара, адамдардың бейбастақ қылығынан қаншама жиреніп, жерісе де сол қанағатсыз пенделердің құлы екенін мәңгі мойындап, қарызын өтеді; канышер қатыгездерге өкпелеп, қорғансыз мұңдықтарды өлімге қиғысы жоқ; ол — аналық, аруаналық борышын өтеді; сол игілігі мол, жасампаз іс жолында құрбандыққа шалды өзін. Қандай салтанатты елім десеңізші!

Аруананың топырағы торқа болары рас: басын құбылаға беріп жан қинап, мандырамай көз жұмған хайуан бүкіл бір ұрпақтың бабасын арқалап келгенін сезсе ғой шіркін; Жандос пен Бөкенші-Борсақтың кейінгі өмірі не болды, қандай ұрпақ тарады, олар айрандай ұйып тірлік кешті ме, оны білгіңіз келсе ұлы жазушымыз Мұхаңның "Абайын" оқыңыз; қайран сары інген, сен "Абай жолын" бастап берген екенсің-ау. Не деген салтанатты өлім десеңізші!

Аруананың топырағы торқа болатыны рас: күншығысты беттей жосылып кеткен уақ-шуақ салқар көштің ең ақыры болып, маңыған сары інген сол бір ерқашты қылған ырғақ пәтуасыз кезбеліктің түбінің қайыры жоқ қаңғып өтер қайран тірлік екенін күні ілгері болжағандай ерте аттанды бұл дүниеден; ерте аттанғанымен өз қажыр-қайратын сарқып берді; ол болашағына, анау көшті қуып жеткенде көрер мамырстан күндеріне сенбеді білем: ақ тілегіндей, адал еңбегіндей аппақ қарды ең соңғы рет көрді де, демі таусылды; ол енді қайтып оянбайтын мәңгі ұйқыға аттанарда өлген ботасын іздеп, ұзақ боздаған; бірақ, бұл үнге Жандос оянбап еді; ұзақ боздап жатып ағыл-тегіл жылаған, қор болып жылаған; сонда да тұяқ серпіп қиналмады, төрт аяғын серпіместен бүгілген қалпы жатты; жылдар бойғы шеменделген кесепаты мол ашудан түйілген сары даланың жұмылған жұдырығындай еді. Не деген ардақты өлім десеңізші!

Аруананың топырағы торқа болмайтыны және рас: шығысқа жосыған қалың көш қайта қайырылып, түйенің өлімтігіне келе алмады; алакөз боп қызғанысқан касқырлар, қанға қарқ болған қарға-сауысқандар жүрді шырғалап; қарға мен сауысқан өзара кетісіп те қалды; өлексені алғаш иемденген қарға олжасын саудалай бастады; қарға айтты: түйенің бір жақ көзі кырық сом; сауысқан айтты: тым-тым қымбат екен, тым-тым қымбат екен; қасқыр айтты: былжырамаңдар, сендерге дым да жоқ, өзім арғы беттегі ұрым-жұрағатымды көшіріп әкелемін; сөйтіп сары інген бөліске түсті. Бұл не деген опасы жоқ елім десеңізші!

Айпара-ана: "Кейінгі ұрпақ сендерден түңілген едім. Оным бекер екен. Сендердің қажыр-қайраттарында шек жоқ екен. Оны Жандос дәлелдеді. Ұлым менің, жігіт екенсің, сен енді жігітсің... жігіт-ақсың.

Бөкенші мен Борсақты жат қолына тастамай өгіздей өрге сүйреп келдің. Ол да бір алла-тағаланың жар болғаны, көз жасымызды көргені шығар. Мен ойлаушы едім, осы жаман немелер барған сайын жатбауыр болып азып барады, бір-біріне сәлем бермей қара басының қамымен кетер-ау деп. Мен ойлайтынмын: әркім өзі шығар тауының биіктігін көксеп, кім ертсе соның жетегінде, итаршысында кетер-ау деп. Құдай таупиық бергенде оның беті ары болатын секілді. Менің ұрпақтарым намысын қолдан бермейтін, ожданы таза, діні берік күйде баз кешпек. Менің ұрпақтарым бірер сүрініп барып, үшінші рет жігер отын жағар. Мен болашаққа әсте сенбеуші едім. Оным да бекер екен. Ұрпағымның көзі, ей алла, бұдан жүз жыл кейін ашылар, мың жыл кейін ашылар... Әйтеуір ашылар... ашылар. Тый көз жасыңды, ей еңіреген ел, ата-баба қонысын жоңғарға бермей, тас-талқан етер ұлың бар. Жаралы екеніңді білемін. Батыр ел әмсе жаралы болмақ. Шалқайғанға шалқай — пайғамбардың ұлы емес. Еңкейгенге еңкей — құдайдың құлы емеспісің. Жеріңді тастама — жетім қалар. Ашыққан арыстан шөп жегенін көрдің бе? Арғымақ мінген азаматы бар елдің ақыретсіз қалғанын көрдің бе? Сол кезең туған да шығар. Көз жасынды сен де тый, сайын дала, құдайға шүкір, Жандостай ұлың тұрғанда туырлықтай мүшеңді бермейді жауға. Ей, қазанат, жал-қүйрығыңды шаң басып, сүмірейме, әне Жандос келе жатыр, қолтығыңды жазарсың. Құлағыңнан садақтың ызыңы емес, самал жел еседі. Жыламаңдар! Мен-ақ жылайын. Мен қуаныштан жылайын. Жандос есен-сау оралды. Уа, қаңсып қалған жанарым шылансын бір. Ал, мен жыладым... жыладым... жыладым..."

Сонсоң Айпара-ана ботасын жоғалтқан аруанадай алғаш рет боздап тұрып, құбылаға қарап қолын жайып, мына бәйітті айтты: "Ей алла! Барша ғаламның арманына жеткені" сияқты, ақ ниетті күнәсіз елдің мүскінін есіркеп, біздей пақырлардың арманына рахымыңыз түсе берсін, уа ұрпағымыз қарам пиғыл-істен, пәле-жаладан аман болғай. О дүние, бұ дүниенің иесіне әмин!"

Көш күншығысқа беттеп барады.

Жол ұзақ. Дала кең.
Каталог: exhibitions -> Bokey kaz -> docs
docs -> Мен ол кісіні жыл сайын көремін. Өзгермеген. Баяғы, бала кезімде "хат бар ма, аға" деп, күн-күн сайын жылтыңдап барып тұратын кездегі қалпы десем, сәл жалғандау болар
docs -> Оралхан бөкей кербұҒЫ әңгіме
docs -> Ай астында: Қан жылап жетімсіреген қараша үй қалды; қара жамылған жесір әйелдің мұңдықты басы қалды
docs -> Шарықтыбұлақтың Марқакөлге құяр айлағында сыңарын атып тастаған сарала қаздай болып, жалғыз ғана қараша үй отыр. Үй жалғыз болса да, өріске маңқыстап шығатын малдың қарасы мол


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет