Айпара ана аңызнама



бет3/4
Дата19.02.2017
өлшемі0,85 Mb.
#10892
1   2   3   4

* * *
Қаршадай бала қып-қызыл боп ажал бүрке лапылдап жанған оттың ортасына түскен мезетте жарық дүниені қайта көріп, бүл бәтуәсіз пәнидің ыстық-суық кешуін аза бойын қаза етіп, сан рет бастан өткерерін қайдан білген. Ол осы бір әлекедей жаланған ажал атты тажалдан енді құтыла алмайтынын, көктей орылғанын, жанбай сөнгенін, тіпті де бажайлаған емес; бар болғаны, бар қолынан келгені осынау қиямет-қайымға үнсіз, өз болмысында жоқ, тылсым бір ырықпен мойынсұнған. Құрым киізге орап-орап отқа тастап, қазақтың қайсар қара ұлының қалай үйтілгенін, қалай өртенерін қызық етпек боп дәмеленген жоңғарлардың үміті садаға кетті. Киіздің екі қабаты жанғанша ләм деп үн шығармай, шыдап жатқанында табиғат ана бұрқ-сарқ долданды да, мынау өзі жаратқан пенделердің біріне-бірі жасар жауыздығына шыдай алмай ағыл-тегіл жылады-ай. Аспанның ағыл-тегіл жылаған көз жасынан от сөніп, жарқылдаған найзағайдан шошынған жоңғарлар баспанасына зытып еді. Бірақ Жандос мұндай кездейсоқ сәттілікті, тіпті де табиғаттың қүдыретіне сайған жоқ, өз шешесінің піріне жорыған. Өз шешесін әулие санайтын ол шырқырап отқа қақталып жатқанымды сезді де, аллаға жалбарынып мені құтқарды деп ойлады. Кім білсін, солай шығар, әйтеуір сезімтал Айпара-ана Жандостың катты қысылғанын құмалақ ашып білгені рас!

Осы күні кешке дейін жауын болды. Осы күні жоңғарлар шатырларынан шықпады. Осы күні қасы, саусағының әр жерін күйік шалған Жандос кірпігі қимылдап әлсіреп жатты. Күн ұясына қонып, апақ-сапақ уақ туғанда үстіндегі күймей қалған киіздің орауын жазып, тірідей киген кебіннен сытылып шыққан. Басы айналып, көпке дейін есін жия алмай отыр. Башпайлары удай ашиды. Башпайларының удай ашығаны есіне шешесі тапсырған аманат түскенде сап болып, шыбын шаққан құрлы болмай атып тұрып еді. Ол өлмей қалғанына қайран қалған жоқ. Ел-жұрты, ақ сүтін емізген анасы алдындағы борышын өтеу үшін әлі де сан рет тірі қалатынына, әлі де сан рет жағасына жармасқан жауын кеудесінен теуіп, жұлқысатынына имандай сенетін. Әлгінде ғана оттан шыққан Жандос енді бойын суық ұстап, жаурағанын сезді. Бойын суық ұстап тоңазығанын сезбес те еді, түстіктен салқын жел тұрып, жауыннан соңғы күзгі аңғар құлази бастаған. Бұл жақта күзді күнгі түн сойқанды өтетін. Қабағын қарс жауып түнерген аспаннан таң атқанша сырғақ жауып, итше ұлыған жетім желі болушы еді. Кейде сырғақтың арты қарға айналатыны бар, қар күн көтерілсе жылбысқалана еріп, ылжырап жатар. Бүгінгі түннің сыңайы сол түні бойы асау аттай мөңкіп өтер алапатын аңғартты. Іштей қуанғаны — мазасыз түн қалмақтарды айдап қостарына тығатыны сөзсіз-тін. Ендеше Бөкенші-Борсақты сездірмей алып шығудың ыңғайлы сәті осы. Тек бел шешіп, бекем кіріскен ләзім.

— "Қай үйде екен?"

" — Қай үйде болушы еді? Анау бір маңқиған ақ ордада болар..."

" — Күзетші бар ғой".

" — Күзетші де пенде. Таң атқанша көз ілмес дермісің".



Қалмақтар қосы өлі үйқыға ойысқанда Жандос еңбектей жылжып ақ ордаға тақаған. Ақ орда маңында айнал-соқтап найза ұстаған екі күзетші жүр. Орданы қоршап, жусап жатқан екі-үш түмен әскерге сене ме, атағы күзету деген болмаса бейқам. Жоңғарлықтардың иті көп болушы еді, суықтан қорғалап жатыр ма, олар да үнсіз. Әр үйдің жабығынан әлі де сөнбеген жерошақтың оты жылтырай­ды. Алыстан... тым-тым алыстан жылқы кісінеді. Алыста, әлде қайда түйе боздады. Аспанды қара-құрым бұлт басып еді ғой, сол қара-құрым бұлт жауын толастағанымен сейілмей жер-көкті тас қараңғыға тұншықтырып буып тұр. Осы көзге түртсе көргісіз қараңғыда елбең қағып жүрген сақшылар бүрсеңдеп-бүрсендеп кеп үйдің ығына жантайысқан. Құбыладан мың бұрала соққан сойқанды жел өткір, әрі қарлы жаңбырлатып сабалайды-ай. Алақаншықтана үрген желден өзге тырс еткен үн жоқ, егер әр қостың жақтауына құлақ түрсең жоңғарлардың қорылдай, тұяқ серігшей ұйықтап жатқанын сезуге болады.

Жандос осы түннің өзі үшін аса қолайлығына еркінсімей, сақтана еңбектейді. Жыланша жылжып ақ ордаға таянғанда төңірекке тағы да құлақ түрді. Түн түнегіне қаншама көз тұндырып қараса да мелшиген қою қараңғылықтан басқа еш нөрсе көре алмады. Жүрегі дүрсілдеп, байыз таппаған соң итше шоқиып, жүресінен отырды да тағы тың тындады. Мәңгі түнек... түнжыр дүние. Не деген қорқынышты! Бұдан жауыңмен бетпе-бет келіп, қан жұта шайқасу өлдеқайда оңайырақ шығар. Жандос бағана отқа өртенгенде дәл осылайша зәресі ұшпап еді. Кейін шегінбекке бір оқталды. Шешесі есіне түсті, көзінің алды жап-жарық болып кеткендей болды. Тас түйін бекініп, тістенген күйі ілгері жылжыды. Қара жерді қарманып төрт аяқтап келе жатқанында қолына әлдене былқ ете тиді де, ыңырана аунап түсті. Жандос тырапай асып ұйықтап жатқан күзетшіге соғылып қалғанын білді. Дес берді де, әлгі бейшараның ұйқысы мұндай қатты болар ма, міз бақпады-ау. Жүрек тоқта-тып, біраз отырған соң, ақ орданың есігін түспалдады... Есік тиектеулі екен. Сипалап тиегішті іздеп еді, ішінен бекіткен бе табылмады. Қорылдаған қатты үн шығады. Жел үдей соқты. Бағанағы қыр жақтан боздаған інгеннің дауысы семген жоқ. Жандос ішінен екі қабаттап орап тастаған жұмсақ былғары қоржынды босатып, ышқырына жасырған кездікті алды. Кездікпен босағаның қанатқа кіріккен тұсынан сара тіліп қолын тығып сипалап еді, көдіре тиекке саусағы ілікті. Ептеп ағытып, есікті итерді. Қас қылғанда есік сыңсып ашылады екен. Жандос тәуекелге шындап мінсе керек, алғашқыдан гөрі еті үйреніп, буын-буыны дірілдеп-қалшылдамай беки бастаған. Сипалап жүріп жарма сықырлауықтың тоспасын тауып алды. Түкіріктеп ұзақ дымдады, тағы итерді. Тағы сықырлады. Қаңдай қорқынышты! Қарлы жаңбыр сабалап тұр. Ендігі сәтте ол есікті үйдегі адам қор еткен сайын біртіндеп итеріп, сипалап ашып ішке кірген. Ішке кіріп еді, тісі-тісіне тимей қалшылдап кетті; суық ұстаған балғын дене бірден жылу құшқанда шыдай алмаған-ды, Жандос сақылдаған тісінің екі ортасына бас бармағын сала қойды. Сонсоң қаны шыққанша шайнап отырды. Осы мезетте кімнің қай жерде жатқанын әбден топшылап үлгерген. Оң жақтағы іргеде үлкен төсек барға ұқсайды. Әлгі қорылдаған үн сол тұстан естіледі. Әр қорылдақтың ара-арасында жеңіл, пысылдаған үн шалынып қалады. Тегі әйел болса керек. Одан өзге пәлендей дыбыс жоқ. Екі баланың қай жақта жатқаны белгісіз. Еңдігі бір сәтте бала қыңқылдады. Қыңқылдаған бала қорылдақтың дәл аяқ тұсынан естілді. Төсек сықырлады. Жандос іргеге жалп етіп басын бүркей сұлай жығылды. Шағи шымылдық суылдап әлде кім төсектен түскендей болды да, қыңқылдап жатқан балаларға беттегені көлеңдеді. Жандос бұл өз жеңгесі — Қайдостың әйелі, анау бесікте жатқан баланы Бөкенші-Борсақ деп білді. Төсек қаттырақ сықырлап, қорылдақ үн сап бола қалды. Жоңғарша қырылдап әмір берді: "Екі күшігіңнің жағын қарыстырмасаң, отқа қақтаймын" дегені болар бәлкім. Бесіктегі бала емшекті сылпылдатып, көп сорды. Осы бір оңаша аналық күйді ол да сағынғандай білем. Бала ұйықтаса да төсекке беттегісі келмей ұзақ отырып қалды. Содан соң шымылдықты сусылдата орнына жатты. Қорылдақ үн қайтадан есе алды. Киіздің ішін тымырсық күй қайта жайлады. Жандос демін ішіне алып, бүғып жатқан жерінен көтеріле берем дегенде дәл желкесінен біреу міне түсті. Селк етіп барып сонда да дауысын шығармай қайта жығылып еді, әлгі міне түскен адамның қолы тым қатты емес, былпылдақ екен, жанына батырып мытыған да, ақырып ұрысқан да жоқ өкпедей былқылдап үстінде сұлқ жатыр. Жандос дәл осы жолы күтылмаспын деп ойлады. Соңда да қорқынышқа жендірмей арқасындағы жұмбақ жанның ырқына көшкен болды. Дәл осылай бірінің үстіне бірі мініп, үн-түнсіз жата беруге дәттері шыдамаса керек, Жандос ақырын қозғалақтап еді, арқасындағы да қыбырлап, сусығандай болды. Сонсоң не де болса ұстап көрейін өзі деп, қолын артына қайырып сипағанда шұбатылған сұп-суық сусар ішіктен өзге ештеңе сезе алмады. Сусар ішік адалбақаннан құлап түссе керек. (Бұл уақиға күлкісін келтірді). Өз су жүректігіне өзі налып, бесікке қарай жылжыды. Бесікке карай жылжып еді, іргедегі ағаш төсек тағы сықырлап, келіншектің: уһ! Аллам-ай, не деген айуан еді, өлтірді ғой, — деп күбірлеп, ұйқысырағаны естілді. Жандос тағы да іркіліп қалды... Бесікке жетіп, сипалап отырып, белдік бауын ағыта бастағанда бағанадан бергі үйді басына көтеріп жатқан қорылдақ үн сап бола қалды. Жандос және бір селк етіп қалған. Жоңғар ыңыранып барын, ағаш төсекті ойбайлата аунап түсті. Бұл үй заманында Қайдостың отау үйітін. Жау қолында қалып, жоңғарлықтар иемденген. Сондықтан Жандос қай заттың, қайда тұрғанын жете білетін. Төсек қанша сықырласа да қорықпай отырғаны содан. Ендігі мезетте ол алды-артына қарамай, бесікті ағьгга бастады. Жалпақ бесікке қатар бөленген баланы екі бауырына қысып алғаңда бірі аздап қыңқылдап барып, әлдилеген соң қайта ұйықтап кетті. Жоңғар мен жеңгесі өлі ұйқыда. Жандос екі баланы алып, жүрелеген қалпы қазша қаздандап, шығарға беттеді. Даладағы жел әлі ұлып тұр. Есікті ептеп ашып еді, сұп-суық сүр жылан-ай болып төрге шапшыды. Лып етіп шығып, сыртынан жаба салды. Күзетшілер тырайып жатыр. Бірі күрк-күрк жөтеліп қыбырлағандай... Екі сәбиді қойнына тьгққан Жандос бағанағы түйе боздаған жаққа бүкшеңдеп тарта жөнелді. Жел күшейе түсті. Самсап жатқан қалмақтың қалың қолы қырылып қалғандай. Ұлып тұрған жел әлде қайдан боздаған түйенің зарлы дауысын үзіп-үзіп әкеп тастайды. Сол зарлы дауыс екі інісін бауырына басқан Жандостың ендігі жетекшісіндей, бұдан былайғы көш басшысындай; сол зарлы дауыста баласынан айрылған бүгіл ананың жыры, ішті өртеп шығар аналық шын сыры жатқандай; сол зарлы үннен Жандос өзі де әзір білмейтін медет табардай құстай ұшып келеді. Артына жалтақ-жалтақ қарап безектегенде айтар иманы, табынар пірі — шешесі. Қорқақты көп қуса батыр болады деген тегі рас-ау. Жандос қазіргі сәтте алдында айдаһар тұрса да именбей тура тартар сыңайда. Осы бірер күнде-ақ ересек адамның көргеніндей, апақ-сапақ өмірді бастан кешті. Ол өзін қартайып кеткендей сезінді... Бауырына жасырған қос сәбиі оянып, бақырып, жылап мазасын бір алса, өңменнен итере соққан жел ілгері басқан аяғын кейін кетіреді. Бет-аузын жуып, тарам-тарам аққан судың жас екені, жоқ болмаса жауын екенін ажырата алмады. Бусанып терлеген сайын мұздап, тісі-тісіне тимей кемсендеп тоңып келеді. Боздаған сарын әлі тыйылған жоқ, Жандосты жетелеп барады... Дүлей табиғаттың балаға жасаған жақсылығы өлшеусіз. Жандос бұл сиқырлы күшті тағы да Айпара-ананың сыйы деп білген.

Қалай болған күнде де осынау дауыл, мынау жауын — бәр-бәрі туған жердің үйренші тентектіктері ғой. Мүмкін, жазираның төскейінде күні кеше ғана асыр салып, ойнап өскен үлына пәле-қала үймелегенде жібігені шығар, әлде қиынына салып сынағаны шығар.

Бөкенші-Борсақ шырқырап жылап келеді. Олардъщ ащы дауысы жырақтан боздаған інгеннің зарлы үніне қосылып, желге мініп желіп кетіп жатыр... Желге мініп жеріп кетіп жатыр...
* * *
Айпара-ана бұл түні таң атқанша көз ілген жоқ.
* * *
Егіз баланы көтергеннен екі қоржын тас арқалаған әлде қайда оңайырақ сезілді. Жылбысқа болса да жаны бар, тыпырлап зәрезеп қылды. Ол жауынды желдің енді басылуын тіледі. Тілектің бәр-бәрін орындай берер құдай қайда? Желдің ағымы бағанадан бетер әспенсіп алған. Жандос шаршайын деді. Сонда да болса боздаған үнге құлақ түре ілби аяңдап барады. Түйе жақыннан боздады. Бірақ дәл таптырған жоқ. Селді түн түйе екеш түйені де қылғып қойғандай. Көп әуреге түсіріп барып желге артын беріп бүрісіп тұрған інгеннің сұлбасы болжанған. Сыңайы ботасы өлген аруана болар. Жандос мойнынан сипап еді, иіскелеп, ыңыранды-ай. Шабына қол жүгіртіп желінін ұстағанда тырп етпей, мекіреніп тұрды. Желіні тырсиып әбден сыздаған. "Обал-ай", — деп ойлады Жаңдос. Екі баланы ығына қысың-қырап құша ұстап інгенді сауып емшегін босатқан. "Шөк!" деп еді, ілгері ұмсынып барып, кейіндей шөкті. Қайырылып Жандостың қолындағы шырқыраған баланы иіскелей берді. Екі қары салдырап талып қалған екен, түйенің ығына аздап дем алғысы келді. Қалмақтар тым жақын, қашпаса болмайды. Беліндегі қоржынын шешіп алып, екі басына Бөкенші-Борсақты салды, сонсоң аруананың шұбатылған шудасынан кесіп-кесіп қымтай орады. "Обалың қалмақтарға болсын" деп күбірлейді. Ботасынан айрылып зарыққан інген өзі секілді мұңлықтардың сасқалақ күйін түсінді ме, "айт-шу, жануар" деген жіңішке өмір шығуы мұң екен, лыпып жүріп кетті.

Бұл өңірдің желі ылғида құбыладан аса соғатынын білетін. Ендеше құбыладан соғатын желді сол жақ бетке ұстап жүрсең, көш кеткен жаққа тұспалдай тартуың мүмкін. Осыны бағамдаған Жандос адасам-ау, деген пиғылды талақ тастап іркілместен ілгері жосып еді. Қанша жол жүргені, күннің қай уақ екенін ажырату қиын. Әйтеуір інгенді қақпайлап жан ұшырды. Түйенің ырғағы сәбилерді уатып-ақ тастады. Жел бәсеңдеген секілді.

Жел бәсеңдегенімен жол ұзақ. Неше түн, неше күн жүрері беймәлім. Артынан қуғыншы шығу қаупі және бар. Дес бергенде таңды бетке ала жел тыйылды. Алқара аспаннан сорғып ұсақ тамшылар көпке дейін үзіліп түсіп тұрды. Қаражон жердің нобайы білініп, әр тұста состиған сасыр сүлделенген. Сасыр өсімдігі Жандосқа таңсық емес, ақсары гүлдерін талай-талай терген де. Осы сасырдың тіршілігі таң қалдыратын. Жап-жазық ақ таңдақ шөлде серейіп-серейіп аспаннан түсе қалғандай самсып тұратын. Сәуір туа қылтиып, шілденің ортасында-ақ солып қалар еді. Өзінің бойы қандай ұзын дейсің. Жертаған жапырақтары арқылы бар қөрегін алып аз ғана ғұмыр кешетін. Осы азғана ғұмыры бар сасырды ауырып, әлсіреген малға берсең, қунап шыға келетін. Жандос жоқ дегенде осы сасырдай себі тиюін тілейтін. Мейлі аз жаса, көп жаса ел есіне сақтар ерлігің, жұртыңа тигізер пайдаң болсын да. Күз сасырдың тырпын қоймайтын: қадау-қадау, сояу-сояу.

Таң атты.

Тобықтының жаудан қашқан үш ұлын теңдеген түйе маң-маң басып шығысқа беттеп барады. Таң аппақ атып, жарық түскенде, Жандос астына мінгені ботасын жоңғарлар сойып жеген өз елінің сары інгені екенін таныды. Көшке ермей ботасы өлген ескі жұртқа бірақ тартса керек.

Күзді күнгі бұлт көктемгідей қақ жарылып, кесек-кесек пышырамай, сұрғылттана жұқарып, бой-бой болып ыдырай айығады. Шарбыланған бұлттың ар жағындағы күн қызусыз, болар-болмас қана жансыз сәуле шашар. Жел бәсеңдегенімен ауа салқын, көп кешікпей келер қыстан сұп-суық хабар таратқандай. Дала жуас. Анда-санда селеу арасынан пыр етіп жорға торғай ұшса, сонадай жерден бүрсең-бүрсең қосаяқ қашар. Алкүрең сахараның быжынаған кесіртке, ешкіемерлері ініне кіріп, жым-жылас болған секілді.



Әншейінде желпілдеп дес бермейтін селеубояу тып-типыл, өлген кісінің шашы іспетті ұйпа-тұйпа...

Қоржынның екі жақ басындағы егіз бала қарны ашса керек, шырқырап жылады-ай. Мойынын ішіне алып бүрісіп отырған Жандос түйені шөгеріп жерге түсті. Екі сәбиді еппен алып, інгенді қайта тұрғызды. Желінін ұстап еді, шертіп тұр екен, бота боп еміп, аруананың жып-жылымшы қою саумалын таңдайына талмай әлденеше рет сорып-сорып жіберді. Сонсоң ұртына толтыра еміп алды да, ернін шүршитіп апарып Бекеншінің аузына тақады. Түннен бері шешесінің емшегін көрмей қарны әбден ашқан бала Жандостың ернін солқылдата сорып, түйенің сүтін еме бастаған. Үшеуі де ботасы өлген сары інгеннің уызына қанып алып, жолға шықты.

Жол ұзақ еді. Дала кең, өмір тар еді.

Жандос: "Атыңнан айналайын құдайым-ау, жау қолынан екі інімді алып шыққаным өңім бе... Сенбеймін, менің қолымнан осыншалық ерен іс келуі мүмкін емес. Мен жаспын әлі. Бұл түсім болар. Оянайыншы, неге таң атпайды. Мен қайда жатырмын. Әлгі қалмақ жаққан отқа өртеніп барам ба? Мен әлдеқашан өлген секілді едім ғой. Қайдам, сол о дүниеде жүрген шығармын. Күн ашылайын деді ғой. Жылынса екен. Өзім ырқ етпеймін-ау, Бөкенші мен Борсаққа обал. Бір күн, бір түн жүрдім. Осы жүріс маған қаншалықты қымбатқа түсті десеңізші. Мұңсыз-қамсыз өткен күндеріме күлкім келеді, мүмкін тынышты, іргеден сұғынып жау шаппайтын жерұйық тауып, мәре-сәре өмір кешкенде осы басымнан өткерген ауыр күндерімді есіме алып жылайтын шығармын. Қартайған шағымда ақсақалдар қүсап "е, балалар, біз не көрмедік" деп, әңгімелеуге жарар. Егер мен өле қалсам мынау шабдар аспан, шабдар аспанда қалықтай ұшқан қара құс, анау боп-боз көсіліп жатқан даланың күйі не болар еді. Олар да менімен бірге құрыр ма. Құриды ғой. Әйтпесе, көзімді жұмсам болды, жоғалып көрінбей қалмас еді. Мен өлсем дүниенің бәр-бәрі жоғалып қалатындай. Бірақ Қайдос ағайым өлді, біз шапқылап жүрміз, онымен қоса құрығанымыз жоқ. Ендеше мен өліп кетсем де тіршілік бәз қалпында жалғаса берер. Күн өз орнынан шығып, өз орнына батар. Ендеше менің өлімім еш аламанды қорқыта алмайды. Сонда не үшін жасауым керек. Өзім! Өзім! Бекер. Онда Бөкенші-Борсақты кім құтқарар еді. Демек, мен әйтеуір бір адамға, әйтеуір бір игілікті іс жасауға керекпін. Әулие-анам айтып отыратын: марқұм Олжай-ерімнің ағасын өлгеннен кейін ғана Адам деп танып ек. Өлген соң бәріміз де аяулымыз. Тіріде қадірің білінбейді. Сондықтан "өлген сиырдың барлығы сүтті" деп мәтел шығарып алды бұл халық. Тек жауыңның ғана өлімі сүйкімсіз болып қалмақ".

Күн тағы да суыта бастады. Сары інген ілби басып шығысқа беттеп барады.

Ымырт үйіріле жел тұрып, бағанағы әр тұста іріп-іріп жүрген бұлт қауымдаса келіп, аспанды шымқай қарасұрлап күрегейлеп алды. Даланың күйісі кете бастады. Жандос түйенің басын тежеп, шөгерді. Солқылдақ жүріс шайқап ұйықтап жатқан Бөкенші-Борсақ қыңқылдап жылаған соң, інгенді сауып, саумалын ішкізді. Екі інісі жағы босағаға тигендей зарлай бере ме деп еді, қайта тынышты екен. Саумалға сықай тойып алып, түйенің ырғағымен ес-түссіз ұйықтай береді. Жел өтіне көлденеңдей шөгіп жатқан аруана жалмаң-жалмаң күйсеп, тағдырының ендігі ноқтасына көндіккеңдей. Игілігі мол киелі іс атқарып, өз елінің тірі жетімектерін жапан түзге тастамай алып қашып барады. Ық жағын паналап, қос інісін бауырына жасырып дірдектеп отырған қаршадай ұл өз анасындай ардақ аруана тапқанына шексіз қуанулы. Осынау таңғажайып сапарда түйенің тигізген пайдасы ұланғайыр және бұл ақырғысы емес те. Түйенің ық жағында қалғып-шұлғып отырған Жандос тал бойынан әлдеқашан ұшып кеткен қорқыныш атты құстың қайтадан қонақтай бастағанын сезді. Өне бойы мұздап, сұп-суық тер шықты. Ол ауыра бастап еді.

Ол ауыра бастағанын сезді. Түн түнерген сайын шошына түсті. Алағызған көңілін әр нәрсені, өткен-кеткенін ойлап баспақ болады. Бәрібір белең алған қорқынышқа тосқауыл болар күш жоқ екен-ау.

Қорқынышқа тосқауыл болар тек, ақыл ғана... Ал баланың ақылы әлі балаң болса ше? Онда ол жүрек тоқтата алмай, елеңдеуді ғана білмек. Дегенмен батырға да жан керек. Қорқу мен қуану бірдей дейді білгіштер. Білгіштер айтады: адам қорыққан сайын мынау ию-қию өмірге керектігін парықтайды. Қайғыдан қуаныштың артық жері кайсы? Жандостың есіне шешесі айтқан әңгіме түсті: — Сенің әкең, — деген ол, — сенің әкең жас шағында көзсіз ер еді. Қазір тайсақ қой. Қартайғаны шығар. Мен алғаш келін боп түскен жылы барысты тірідей жетелеп келіп еді үйге. — Сонда Жандостың бойын сондай болсам деген алапат әуестік билеп:

- Қалайша? — деп сауал қойған.

Қалайшасы бар ма... Оң қолына қолтығына дейін тұтастырып бірнеше қабат қыл арқан орап, қамыстағы барыстың жымына барыпты. Сол қолына қанжар ұстап, өзіне тура атылған барысқа арқан ораған оң қолын ұсына қойыпты. Ызалы аң қолды өңешіне дейін қапқанда тілінен ұстап үйге жетелеп келген. Қыл арқанға тісі өтпейді". — Жандос дәл қазір сенген жоқ сол әңгімеге.



Аса қауіпті айдаһардай аранын ашып азынаған түн басталды. Түннің осы қалпы көр секілді жанға жат, тәнге салқын. Жел уілі қайғылы даланың шерлі бір күйін шертіп, зор түңілістің, мәңгі өкініп өтер өксіктің жырын айтып тұр. Қазір дала жоқ, тек қапас түн ғана еркіндік алған. Мұндай қоқайдың талайын көрген аруана ызың-ызың желді, тозақты түнді қаперіне алып мизер емес. Қабырғалай соққан ызғырықтың бетін қайтарып, балаларға пана жасап жатыр. Жандос өз тумысында жападан-жалғыз далаға қонғанына үшінші рет. Неге екені белгісіз, далаға неғүрлым көбірек түнеген сайын, солғүрлым уайым меңдеп, елегізуі күшейе бастаған. Еліне жақындаған сайын тәтті бола бастаған жанын әлдеқашан екі інісінің жолына садаға еткені қайда? Емен ағаштың майысқаны — сынғаны, қорқудың төркіні ездікке тірелер болар. Оның есіне шешесі айтып отыратын тағы бір әңгіме оралды. Айпара-ана айтатын: баяғыда күйеуі қотанға отырар қорқақ, әйелі жойпаң біреудің үйіне ұры түссе керек. Сонда ұрымен сартылдатып, шайқасып жүрген қатынының артынан тас қылып ұстап алған ынжық неме: "Қатша, құйрығыңды маған тақап соғыс", — деп жабысып айрылмайды екен. Сөйтіп жүргенде ұры қашып құтылса керек". Жаңдос зормен жымиған. Көңілді күпті қылған күдік бәрібір кетер емес. Безгегі ұстағандай қалшылдап ауырып та отыр. "Егер қасқыр шапса, не айла істеймін" деп ойлады. Өз ойынан өзі сескеніп, артына жалт қарағанда тұнып тұрған қараңғының қуысынан жарқыраған қос ноқат көрді. Қып-қызыл ноқат бірте-бірте жақындап келе жатқан секілді. Зәресі үшқан Жандос қапелімде ышқырындағы пышағына жармасты. Бірақ әлгі қызыл ноқат неге екені беймәлім алыстап қашаң тартып бара жатыр еді. Қасқырдың көзі түнде от болып көрінетінін естіген. Мүбәда, қасқыр түйенің үстінен секіріп кетсе, хайуан қайтып түра алмай шойырылып қалады екен. Бұл жердің қоналқы болуға ыңғайсыз екенін сезген ол сары інгенге қайта мініп, ілгері тартты. Жол ұзақ еді. Дала кең еді. Үшінші түннің таңы құланиектене бала қоржындаған Жандос Қоғалы көлге келіп жетті. Көл жағасында жайрап жатқан қалың ел ызым-қайым баяғыда-ақ көшіп кетсе керек. Сарғайыңқырап жұрты ғана қалыпты. Әр жерде шашылып, қоқыр-соқыр, малдың қиы жатыр. Жандос түйені шөгеріп тастап, ұзақ сәйірледі жұртты. Тұңғыш рет қарны ашқанын сезді. Бір үйдің орнынан қатып-семіп қарала-торала боп жатқан құрт тауып талмады. Мұрнына қымыз, бүлк-бүлк қайнаған ет иісі келгендей болды. Өздері үй тіккен орынға барып отырды. Көңілі босап алғаш рет көзіне жас алған. Қоғалы көлді қыстап қалатын бірер шүрегей жүзіп жүр. Бұл жердің қожасы тек дарақы қарғалар ғана секілді. Өңір құлазып, мұңлы күй жайлаған. Неше күн бойы аузына нәр салмай өзін де, екі сәбиді де түйенің сүтімен асырап келе жатқан Жандос жалғыздық зарын енді ғана шеккендей. Жылы үй, шым-шым сорпа... Шыдай алмайды-ау. Жер бауырлап өксіп-өксіп ұзақ жылады. Бүған не болды, дегендей маңқайып қараған аруанадан өзге жанашырсыз жатқан қара бала жердің ыстықтығын, сол қара жерде көшіп-қонып тірлік еткен елдің қымбаттылығын зерделеді. Ол мынау кең даланың пәтуасы жоқ пәлелігін, басқа тиер гүрзісін көкейге түйді. Адамды уақьгг емес, уақиға қартайтатынын білді.

Жер бауырлап жылап жатқан бала: тағдырдың, сол тағдырдың мұрнын тескен тайлақша елпектеп құлы болып жүрген адамдардың бір-біріне қатыгездігін; қарашаның күнінен түні, түнінен күнінің қатал, әрі суықтығын; пенде дегенің өлмеген соң сең соққандай сенделектеп жүре беретінін; ал анау жер мен көкте сүйретіліп сықап жатқан бұлттың көктем бұлтына әсте оқшамайтын сұрқайлығын; мынау дарақы қарғалардың әрі жексұрын, әрі көмпіс қара-байырлығын; аққу-қаздан айрылған көлде ешбір сән-салтанат, ешбір көсілген көркемдік болмай жетімсіреп қалатынын әмбе осы м
Каталог: exhibitions -> Bokey kaz -> docs
docs -> Мен ол кісіні жыл сайын көремін. Өзгермеген. Баяғы, бала кезімде "хат бар ма, аға" деп, күн-күн сайын жылтыңдап барып тұратын кездегі қалпы десем, сәл жалғандау болар
docs -> Оралхан бөкей кербұҒЫ әңгіме
docs -> Ай астында: Қан жылап жетімсіреген қараша үй қалды; қара жамылған жесір әйелдің мұңдықты басы қалды
docs -> Шарықтыбұлақтың Марқакөлге құяр айлағында сыңарын атып тастаған сарала қаздай болып, жалғыз ғана қараша үй отыр. Үй жалғыз болса да, өріске маңқыстап шығатын малдың қарасы мол


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет