Келісу үшін келесі құжаттарды беру қажет:
қауiптi жүктi тасымалдау бағытының бланкiсi;
автокөлiк құралын қауіптi жүктердi тасымалдауға жiберу туралы куәлiк.
Жол полициясы талаптары
Жол полициясы қауіпті жүктерді тасымалдауды келісуде:
жол қозғалысын ұйымдастырудың нобайларына, олардың уақытша өзгеруіне;
автомобиль жолдарының ұсталу жағдайларына, жол құрылғыларына және темір жол өткелдеріне;
тасымалдаудың жылдамдығына;
жолсерік қажеттілігіне және түріне көңіл бөлу қажет.
Жол полициясының өкілеттігі
Тасымалдау түріне (халықаралық, өңіраралық немесе жергілікті) қарай жол полициясы қауіпті жүктерді тасымалдауды келісуді:
халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруда және тасымалдауды бағыты екі не одан көп облыстың аумағынан өтетін болса - Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің жол тексеру бөлімшесі;
тасымалдау бағыты бір аудан, қала немесе облыстың аумағынан өтетін болса - аудандық (қалалық) жол полиция бөлімшелері немесе Астана, Алматы қаласы және облыстардағы ІІД-нің, жол полициясы басқармасының жол тексеруші бөлімі (бөлімшесі, тобы) жүргізеді.
Қауiптi жүкті тасымалдаудың келiсiлген бағыты 12 ай iшiнде күшiнде болады.
Белгiлi бiр қауiптi жүктердi тасымалдауға автокөлiк құралын жiберу туралы куәлiктiң қолданылу мерзiмi куәлiк берілген сәттен бастап бiр жыл өткенде бiтедi.