Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз



бет12/36
Дата26.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#136852
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
ЖҚҰ - жол ережеси

12. Аялдама және тұрақ


12.1. Көлiк құралына жолдың оң жағындағы жол жағалауына, ал ол жоқ болғанда — жүрiс бөлiгiнiң шетiне аялдама жасауға және тұруға рұқсат етiледi.
Елдi мекендерде әр бағыт үшiн бiр-бiрден қозғалыс жол жолағы бар, ортасында трамвай жолы жоқ жолдарда және бiр жақты қозғалысты жолдарда жолдың сол жағына аялдауға және тоқтауға рұқсат етiледi (рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiне бiржақты қозғалысты жолдардың сол жағына аялдауға жүк тиеген немесе түсiрген кезде ғана рұқсат етiледi).
12.2. Көлiк құралдарын конфигурациясы (жүрiс бөлiгiнiң кеңейтiлген жерi) көлiк құралдарын өзгеше орналастыруға мүмкiндiк беретiн орындарды қоспағанда, жүрiс бөлiгiнiң шетiне параллель бiр қатарға қоюға рұқсат етiледi. Бүйiр тiркемесi жоқ екi дөңгелектi көлiк құралдарын екi қатар қоюға рұқсат етiледi.
Жүрiс бөлiгiмен шектесетiн, оған толықтай және iшiнара кiретiн тротуардың шетiнде, егер бұл жаяу жүргiншiлер қозғалысына кедергi келтiрмейтiн болса, жеңiл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтерге және велосипедтерге тұруға рұқсат етiледi.
12.3. Елдi мекендерден тыс ұзақ демалу, түнеу және сол сияқты мақсаттарда тұруға осыған арнап көзделген алаңдарда немесе жолдан тысқары жерде рұқсат етiледi.
ҚР Үкiметiнiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 12.4.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12.4. Аялдама жасауға:
егер бұл трамвай қозғалысына кедергi жасайтын болса, трамвай жолына тiкелей жақын жерде;
темiр жол өтпелерiнде, тоннелдерде, сондай-ақ эстакадаларда, көпiрлерде, жол құбырларында (егер осы бағыттағы қозғалыс үшiн кемiнде үш жол жолағы болса) және олардың астында;
аялдаған көлiк құралы мен тұтас таңбалау сызығының (жүрiс бөлiгiнiң шетiн белгiлейтiннен басқа) немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiмен, немесе жүрiс бөлiгiнiң қарама-қарсы шетiнде тұрған көлiк құралымен ара қашықтық 3 метрден аз болатын жерлерде, егер бұл көлiк құралдарының қозғалысына кедергi тудыратын болса;
жаяу жүргiншiлер өтпесiнде және оның алдында 5 м. жақын жерде;
ең болмағанда бiр бағыттағы жол көрiнуi 100 м. кем болған кезде қауiптi бұрылысқа жақын жүрiс бөлiгiнде және жолдың ұзына бойына томпайған сыну болса;
жүрiс бөлiгiнiң қиылыстарында және бүйiр өтпенiң қарсысындағы тұтас таңбалау сызығы немесе айырым жолақтары бар үш жақты түйiсу (қиылыс) жағын қоспағанда, қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiнен 15 м. жақын жерде;
аялдама алаңынан, ал ол жоқ болғанда — егер бұл олардың қозғалысына кедергi тудыратын болса, маршруттық көлiк құралдары немесе такси аялдамасы көрсеткiшiнен 15 м. жақын жерде;
көлiк құралдары басқа жүргiзушiлерден бағдаршам сигналын, жол белгiлерiн тасалайтын немесе басқа көлiк құралдарының қозғалысына (кiруiне немесе шығуына) мүмкiндiк бермейтiн немесе жаяу жүргiншiлердiң қозғалысы үшiн кедергi келтiретiн жерлерде тыйым салынады.
12.5. Тұруға тыйым салынады:
аялдама жасауға тыйым салынатын жерлерде;
эстакадаларда, көпiрлерде, жол құбырларында;
елдi мекеннен тыс жерлерде жолдың 2.1 белгiсiмен белгiленген жүрiс бөлiктерiнде;
темiржол өтпелерiнен 50 м. жақын жерде;
егер бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызатын болса, двигателi iске қосулы механикалық көлiк құралдарының елдi мекендерде.
12.6. Аялдама жасауға тыйым салынған жерде амалсыз тоқтаған кезде жүргiзушi көлiк құралын ол жерден әкетудiң мүмкiн болатын барлық шараларын қолдануға мiндеттi.
12.7. Мұның қозғалысқа басқа қатысушыларға кедергi және қауiп төндiрмейтiндiгiне көз жеткiзбейiнше көлiк құралының есiгiн ашуға, оларды ашық тастап кетуге немесе жолдың жүрiс бөлiгiне шығуға тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет